Спорт • 10 Сәуір, 2019

Футзал: «Қайрат» Ресейге аттанды

816 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-28 сәуір аралығында Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финалы» өтетіні белгілі.

Футзал: «Қайрат» Ресейге аттанды

Осы жарысқа тыңғылықты даярлану мақсатында Алматының «Қайраты» Ресейге аттанып, екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Олар айтулы елдің ұлттық командасы және Норильскінің «Норильский Никель» клубымен күш сынасады.

Бұл командалардың екеуі де мықты. Ресей құрамасы әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (1996, 2006),  Еуропа біріншілігінде бір алтын (1999), бес күміс (1996, 2005, 2012, 2014, 2016) және үш қола (2001, 2007, 2018) медальді иеленді.

«Норильский Никель» жайында айтар болсақ, бұл команданың іргетасы 1993 жылы құрылды. 2001/2002 жылғы маусымда олар Ресей чемпионы атанып, УЕФА кубогы жолындағы жарысқа қатысты.

Ал сәуір айының соңында Алматыда өтетін УЕФА кубогының «Төрттік финалында» Португалияның «Спортингі», Испанияның «Барселонасы» мен «Интер Мовистары» және Қазақстанның «Қайраты» күш сынасады.