Спорт • 10 Сәуір, 2019

Универсиада: Зілтеміршілер жарысты аяқтады

834 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Х-жазғы Универсиадасы бағдарламасы аясында ауыр атлетикадан өткен жарыс өз мәресіне жетті.

Универсиада: Зілтеміршілер жарысты аяқтады

Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен жарыстың жалпы есебінде мына командалар мына командалар жеңімпаз атанды.

 Ерлер

I орын – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент)

II орын – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған)

III орын – Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті (Шымкент)

Кыздар

   I орын – Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы)

II орын – Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған)

III орын – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент)

Марапаттау рәсіміне ауыр атлетикадан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері Юрий Мельников, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректоры Талжан Раимбердиев және ҚР БҒМ «ҰҒПДТО» өкілі Нұрділдә Төлендиев барлық қатысушыларды құттықтап, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Универсиаданың  дипломдары, медальдары және кубоктарымен марапаттады.