Спорт • 11 Сәуір, 2019

ЖХЛ: Финалдық сайыстың кестесі белгілі

874 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) Петров кубогы жолындағы жарыстың финалдық сайыстары қай күндері өтетіні белгілі болды.

ЖХЛ: Финалдық сайыстың кестесі белгілі

Ақтық сында қос команданың өзара күш сынасады. Олар – Қарағандының «Сарыарқасы» мен Түменнің «Рубині». Жерлестеріміз осы кезеңге дейін Югра (Ханты-Мансийск), «Нефтяник» (Альметьевск) және «СКА-Нева» (Санкт-Петербург) клубтарын қапы қалдырды. Түменнің түлектері «Рязань ХК» (Рязань), «Звезда» (Мәскеу) және «Торосқа» (Нефтекамск) тізе бүктірді. Сөйтіп, олар Петров кубогы үшін таласу құқығына ие болды.

Алғашқы қос кездесу 16 және 17 сәуірде Түменде өтеді. Бұл бәсекелер Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де басталады. 20 және 21 сәуірдегі сайыстар Қарағандыда өтеді. Осы ойындар 17:00-де басталады деп белгіленіп отыр. Егер осы төрт бәсеке барысында жеңімпаз анықталмаса, онда қосымша матчтар өтетін болады.