Футбол • 11 Сәуір, 2019

Футбол: Ширек финалдың алғашқы матчтары аяқталды

869 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы ширек финалдық кездесулері аяқталды. Осының алдында «Ливерпуль» «Портуды» (2:0), «Тоттенхэм», ал «Манчестер Ситиді» (1:0) ұтқан еді.

Футбол: Ширек финалдың алғашқы матчтары аяқталды

Сейсенбіден бейсенбіге қараған түні тағы қос кездесу өтті. Англияның «Манчестер Юнайтеді» өз алаңында Испанияның «Барселонасын» қабылдады. Бәсеке тағдырын 13-минуттағы Люк Шоудың автоголы шешті. Алғашында төреші оффсайд белгілеген еді, алайды бейнеқайталауды көргеннен кейін соғылған гол есепке алынды – 0:1. Осылайша, католониялық клуб сырт алаңда жеңіске жетті.  

Голландияның «Аяксы» Италияның «Ювентусымен» шеберлік байқасты. 45-минутта Криштуану Роналды соққан голдан кейін қонақтар алға шыққан еді. Бірақ бұл жағдай алаң иелерінің еңсесін түсіре алған жоқ. Екінші кезең басталған бетте Давид Нерес таразы басын теңестірді – 1:1.

Қарымта кездесулер келесі аптада өтеді. 16-шы сәуірден 17-сіне қараған түні «Ювентус» «Аяксты» және «Барселона» «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды. 17-ші сәуірден 18-іне қараған түні «Порту» мен «Ливерпуль» және «Манчестер Сити» мен «Тоттенхэм» күш сынасады.