Экономика • 11 Сәуір, 2019

Алматыда ХV тәуекел менеджменті бойынша халықаралық конференция басталды

1164 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлемдік деңгейдегі сарапшылар 2018-2019 жылдардағы қаржы, экономика және сақтандыру секторындағы трендтер бойынша ой бөлісті.

Алматыда ХV тәуекел менеджменті бойынша халықаралық конференция басталды

Арысы – Лондон, берісі Ресейден келген сарапшылардың пікірінен ұққанымыз 2019 жылғы назар аударуымыз керек мәселелер осы күнге дейінгілерге мүлдем ұқсамайды екен. Бұлай деп болжам айтуға    2018 жылғы экономиканың барлық саласындағы байқалып қалған факторлар себеп болып отыр екен.

Бүгінгі таңда әлемдегі ең басты тәуекелдердің бірі ол, -  әлемдік  экономика дамуының бәсеңдеуі».  Бүгін Алматыда басталған «Халықаралық риск-менеджмент бойынша конфренцияда»  «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы Борис Уманов осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, жалпы халық үшін, сақтандыру компаниялары үшін ең бастысы - елдердің  тұрақты түрде дамып отырғандығы.

«Егер Қытайдың, Еуропаның экономикасының дамуы тежелетін болса, бұл Қазақстанға да оңай тимейді. Яғни, Қазақстанның экспортқа шығатын өнімдеріне: мұнайға, мысқа, алюминийге және басқа да өнімдерге сұраныс төмендейді. Бұл экономикамызға кері әсер етеді. Сол үшін бүкіл әлемде өндіріс тоқтаусыз дамып отыруы тиіс. Ал осындай тәуекелдерден барынша сақтану үшін бұл аталған өнімдерден отандық жаңа өнімдер шығару керек», -деді Борис Уманов.

А.М. Вест рейтинг агенттігінің басшысы Василис Катсипис цифрлы экономиканың соңы әлемдік экономиканың интеграциялануына ұласатынын айтты. Бұл фактор сақтандыру немесе сараптама жасайтын агенттердің міндеттерін ауырлатып, бағыттарын әртарапатандырып жіберіпті. Осыған дейін сақтандыру саласында мүлік немесе өмірді сақтандыру тренд болса, енді бұл қатардағы құбылыстардың біріне айналыпты.

«Қазір әлем – интелектуалдардың мүмкіндігіне назар аудара бастады.  Қазіргі тренд әлемдік ақыл ойды сақтандыру. Қазір тіпті ғарышта жүріп те компбюрге кіріп, деректер базасында сақталған технологиялық идеяларды ұрлап алуға немесе оны сатып жіберуге болады. АҚШ немесе Лондон компаниялары хакерлер шабуылынан әлемде 4 млрд аккаунт жоғалыпты.

Қазір цифрландырудан төнген қауіп уақыт өткенс сайын еселеніп барады. Бұл компаниядағы ақпаратты технология саласы мамандарының проблемесы емес, бәріміздің проблемамыз», -деп атап өтті  Василис Катсипис. Халықаралық конференция ертең жалғасады.

Ертеңгі сесссияға әлемдік деңгейдегі сарапшы, Лондондағы CEO Lloyd's корпарациясының экс-басшысы Инга Бил қатысып жатыр. Ол бүгін түстен кейін өтетін пленарлық сессияда модератор болады.