Спорт • 12 Сәуір, 2019

Баскетбол: «Астана» ЦСКА-ға есе жіберді

968 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баскетболдан ВТБ лигасының кезекті турын Мәскеуде өткізген «Астана» жергілікті ЦСКА-ға есе жіберді.

Баскетбол: «Астана» ЦСКА-ға есе жіберді

Алғашқы кезең теке-тіреспен өтті. Тұрақты біріншілікте көш бастап келе жатқан мәскеуліктер біздің жігіттерден екі ұпай ғана озды – 21:19. Үзілістен кейін қарқындарын күрт күшейткен ЦСКА-ның ойыншалары 45:34 есебімен алға ұзады.

Үшінші кезеңде де сол 11 ұпайлық айырмашылық сақталды – 63:52. Ал соңғы кезеңде алаң қожайындарының үстемдігі күмін туғызған жоқ. Қорытынды есеп – 91:72. 

Кездесудің қорытыныдысы бойынша ЦСКА-ның сапында Кайл Ханйс 19 ұпай жиса, «Астана» клубы ойыншылары арасынан Джей Джей О'Брайен 25 ұпайды қоржынға салды. Осы матчтың үздіктері осы баскетболшылар.

Енді өзінің келесі кездесуін «Астана» 15 сәуірде Нұр-Сұлтанда  «Локомотив-Кубань» клубына қарсы өткізеді.