Қоғам • 12 Сәуір, 2019

Бірге барайық: PechaKucha Night Astana

1466 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Pecha Kucha сөзі жапон тілінен енген, ол әңгімелесу, кейде еркін сырласу, ой бөліп, шер тарқатысу деген мағынаны білдіреді. Ал аталған термин бүгінде іш пыстырарлық жиналыстарды жаңа форматта өткізудің бір жолы ретінде қолданысқа енді.

Бірге барайық: PechaKucha Night Astana

 «PechaKucha Night Astana» интеллектуалды конференциясын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі алғаш рет ұйымдастырып отыр. Онда «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпаздары өз идеяларымен, жаңаша ойларымен бөліседі. Елордалықтар мен қала қонақтарына ерекше мүмкіндік – шараға кіру тегін.

Қосымша ақпарат бере кетейік, PechaKucha Nights бейресми конференцияларында баяндалатын тұсаукесерлер, яғни презентациялар мен идеялар. Спикер 20 слайдтан тұратын жобасын ұсынады, әр слайд 20 секунд қана көрсетіледі де, автоматты түрде келесі слайдқа өтіп кетеді. Осылай баяндама уақыты 6 минут 40 секундқа ғана созылады немесе 6 минутқа дейін шектеледі.

 «PechaKucha Night Astana» бүгін, 12 сәуірде Қазмедиа орталығының киноконцерт залында 20:20-да басталады.