Спорт • 12 Сәуір, 2019

Шайбалы хоккей: Қазақстан Қытайды ұтты

1422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейжіңде шайбалы хоккейден бірінші дивизиондағы «В» тобындағы командалар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы кездесуінде Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытаймен күш сынасты.

Шайбалы хоккей: Қазақстан Қытайды ұтты
Алғашқы кезеңде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Лариса Свиридова мен Ғалия Нұрғалиева қатарынан екі шайбаны жергілікті хоккейшілердің қақпасына енгізді. Үшінші кезеңде қытайлардың тек бір гол соғуға шамасы жетті. Есеп – 2:1.

Осылайша, төрт ұпайды қоржынға салған Қазақстан құрамасы жарыс кестесінде бесінші орынды қанғат тұтты. Осы жеңісінің арқасында жерлестеріміз келесі жылы да дәл осы дивизионда күш сынасу құқығын сақтап қалды. Ал осы топта дара шыққан Голландия хоккейшілері бірінші дивизионның жолдамасына иелік етті.