Спорт • 14 Сәуір, 2019

Кәсіпқой бокс: Хаммер жеңіліп қалды

951 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласында кәсіпқой бокстан өткен жарыстың басты жекпе-жегінде германиялық Кристина Хаммер мен америкалық Кларесса Шилдс жұдырықтасты.

Кәсіпқой бокс: Хаммер жеңіліп қалды

Олардың екеуінің де есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс. Қазақстанда, нақтырақ айтсақ Қарағанды облысында туып-өскен 28 жастағы Кристина Хаммер тоқсаныншы жылдардың басында ата-анасымен бірге Германияға қоныс аударды. Сол жақты кәсіпқой бокспен шұғылданып, 2009 жылы тұсаукесер кездесуін өткізді. Сол 10 жыл аралығында 25 рет рингке көтеріліп, бірде-бір рет жеңілмеген еді. Кристина бірнеше нұсқа бойынша әлем чемпионы атағынының иегері.  

 

24 жастағы Кларесса Шилдс АҚШ-тың Мичиган штатының тумасы. Ол екі дүркін Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы. Панамерика ойындарының жеңімпазы. 2016 жылдан бері америкалық боксшы кәсіпқойлар арасында бақ сынауда. Сол аралықта 8 кездесу өткізіп, барлығында басымдық танытты. Оның да әлем чемпионы деген атағы бар.

 

Қос мықтының арасындағы тартыс 10 раундқа созылып, төрешілер жеңіске Кларесса Шилдс лайық деп шешті. Осылайша, Германияның туы астында өнер көрсетіп жүрген Қазақстанның тумасы өзінің карьерасында алғаш рет жеңіліп қана қоймай, алтын белбеуінен де айырылды.