06 Маусым, 2012

Тәртіп – табыс тетігі

475 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін

Тәртіп – табыс тетігі

Сәрсенбі, 6 маусым 2012 7:30

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НазарбаевтыңЖолдауында ел азаматтарының әл-ауқатынарттыруды жүзеге асыру үшінең алдымен,барлық мемлекеттік органдар әрекеттерініңнақты үйлесімі қажет екендігі айтылдыБұлорайда еліміздің экономикалық қауіпсіздігінқамтамасыз ету үрдісінде сыртқы сауданыреттеу тетігінің бірі және мемлекет бюджетініңкіріс бөлігін толықтырушы ретінде кеденгеерекше мән беріліп отыр

Сәрсенбі, 6 маусым 2012 7:30

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НазарбаевтыңЖолдауында ел азаматтарының әл-ауқатынарттыруды жүзеге асыру үшінең алдымен,барлық мемлекеттік органдар әрекеттерініңнақты үйлесімі қажет екендігі айтылдыБұлорайда еліміздің экономикалық қауіпсіздігінқамтамасыз ету үрдісінде сыртқы сауданыреттеу тетігінің бірі және мемлекет бюджетініңкіріс бөлігін толықтырушы ретінде кеденгеерекше мән беріліп отырСондықтан даэкономиканы жандандырыпжаһандандырумақсатында Кеден одағына мүше үшмемлекеттің аумағында – Біртұтасэкономикалық кеңістікті қалыптастыруарқылы сыртқы сауданы мейлінше дамытып,әкімшілік кедергілерді қысқартуда оның рөлі күшейе түстіАл қазіргітаңда республикалық бюджеттің үштен көбі сыртқы сауда түсімініңесебінен қалыптасатынын ескерсеккеден қызметінің салмағы тіптенарта түсетіні айтпаса да түсініктіМінеосы кеден органдарындағыартықшылықтар туралы анық ақпаратқа қол жеткізу мақсатындаҚаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы МәжитЕсенбаевты әңгімеге тартқан едік.

– Мәжит Төлеубекұлыбүгінде рес­публикалық бюджетке кедендіктөлем­дер мен салықтар түсімінің үлесі 36,3 пайызды құрайды екен.Демекеліміздің әл-қуатын арттыруда кеден орган­дары­ның оңдықызметі айрықша маңызды екені анықОсы орайда қазіргі атқа­рылыпжатқан жұмыстарға жалпы шолу жасап өтсеңіз.

– Қазіргі күні кеден органдары қыз­метінің маңызы артып отырғаны сөзсіз. Мәсе­лен, 2012 жылдың төрт айындағы жұ­мыс нәтижесі бойынша бюджет кірісіне 361 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсті. Бұл болжамдық көрсет­кіштерден 21,4 млрд. теңгеге артық деген сөз. Кеден фискальды қызметтерден өзге құқық қорғау міндеттерін де орындайтынын білесіз. Ағымдағы жылдың басынан бері 175 қылмыстық және 3 807 әкімшілік істер қозғалды, нәтижесінде мемлекет кірі­сіне 331 млн. теңге шығын өндірілді. Қыл­мыстық істер бойынша алынған тауарлар мен контрабандалық валюталар сомасы 1 млрд. теңгені құрады. Есірткі контрабан­дасының 16 дерегі анықталып, заңсыз айналымнан 16 кг. әртүрлі есірткі заттары алынды. Әлемдегі терроризмнің өсу қаупін ескере отырып, кеден органдарының құқық қорғау қызметі контрабанданы (есірткілер, қарулар, экстремистік әдебиеттер және т.б.) құрықтау бөлігінде бақылауды күшейтуде.

– Жалпақ жұртқа белгілі болғандайшекара арқылы тасымалданатынтауарларды кедендік рәсімдеуде және әкімшіл­ендіруге байланыстыкездесетін бірқа­тар проблемалар бар екені расОсы түйінді тарқатумен жалпы бизнесті жүр­гізу үшін қолайлы жағдай туғызу мақса­тындақан­дай шаралар қолға алынып отыр?

– Бұл мәселелер қатарында кедендік рәсімдерді оңайлату мен жеделдету, олар­дың ашықтығын қамтамасыз ету, бизнес үрдістерін оңтайландыру мен кеден органдары көрсететін қызмет сапаларын арт­тыруға бағытталған жүйелі және жедел сипаттағы шаралар бар. Олардың ішінде, атқарылар шаралардың бірқатары шекара­дағы өткізу пункттеріндегі бақылаушы органдар талап ететін рұқсат құжаттарын қысқарту; кеден органдары мен контрагент елдердің кеден органдары арасында тасымалданатын тауарлар туралы ақпаратпен алдын-ала алмасу, тәуекелдің барабар бағасын қамтамасыз ету; кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметке қаты­сушылар арасында тасымалданатын тауарлар туралы ақпаратпен алдын-ала алмасу; кедендік тазартудың ашықтығын қамтама­сыз ету мен тауарларға қатысты тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдануды оңайлату мақсатында интегра­ция­ланған кедендік тарифті әзірлеу; кеден­дік транзит рәсімдерін қолдануда тәуекелді басқару жүйесін автоматтандыру; кедендік өкілдер (брокерлер) мен уақытша сақтау қоймаларының иелеріне қатысты олардың жауапкершіліктерін күшейту мен көрсете­тін қызмет сапаларын жақсарту бойынша біліктілік талаптарын қайта қарау және кеден бекеттерін жарықтандыру, география­лық орналасуын санаттау болып табылады.

Бұдан басқа біз, үшінші елдерден тауарларды импорттау кезінде жанама салықтар­ды әкімшілендіруді салық органдарына беру бойынша жұмыстарды бастадық. Көр­сетілген салықтарды бір фискальды орган­ның салуы тиімділікті және басқарудың ашықтығын арттырып, аталған салықтарды әкімшілдендіру арқылы мемлекеттің шығы­нын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл шара бизнес тарапынан осындай шығынның тө­мендеуіне, кедендік декларациялауды жыл­­­дам­датуға, төлем мерзімін ауыстыру, қай­­таланба салық салу тәуекелін жоюға және жалпы инвестициялық ахуалды жақ­сар­туға жеткізеді. Шаралардың ең маңызды және қажеттісі кедендік құнды бақылауды жетілдіру болып табылады.

Тауарлардың кедендік құнын бақылау­дың жаңа жолы кеден маманының әрекетін талапқа сай келтіруге, тауарларды кедендік тазарту кезеңінде жемқорлықты болдыр­мау­ға мүмкіндік береді.

Әрине, бұл үдерістерді жүзеге асыру қолданыстағы заңнамаға толықты­рулар мен өзгерістер енгізуді, ақпараттық жүйелерді пысықтауды талап етеді. Сонымен қатар, посткедендік бақылау тәсілдері қайта қара­луда. Сөйтіп, тексеру жоспарына түп­кілікті өзгерістер енгізілді, нәтижесінде ағым­дағы жылдың бірінші жарты жылды­ғына жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер саны 30 пайызға қысқартылып, енді оны екінші жарты жыл­дықта тағы екі есеге қысқарту ұйғарылып отыр. Сонымен қатар, жұртшылықтың талабы бойынша, тауарлар шығарылғаннан кейінгі мерзімінің өтуі бойынша кедендік бақылау уақытын 5 жыл­­дан 3 жылға қысқарту жөнінде жұмыс­тар жүргізі­луде. Міне, осы шаралардың бәрі бизнесті жүргізуде қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған.

– Бүгінде еліміздің сыртқы шека­раларының бөлігіндегі барлықавтомо­бильдерді өткізу пункттерінің инфра­құрылымдарын қазіргіхалықаралық талаптарға сай ретке келтіру аса ма­ңызды екенін жақсыбілесізОсы орайда Кеден одағының сыртқы шекараларынәсіресе,қазақ­стандық бөлігін ны­ғайтуда не істеліп жатыр?

– Қазіргі таңда қазақстан кеден қызметінің мамандары 18 автомобиль, 5 темір жол, 2 теңіз және 11 әуе өткізу пункт­терінде бақылау жүргізуде. Қазақстан-қыр­ғызстан шекарасындағы «Қарасу» бақылау-өткізу пункті жөндеуден өткізіліп, қолда­нысқа берілді, ол екі елдің азаматтарын кедендік шекарадан өту уақытын жедел­детіп, «Қордай» кеден бекетінің жұмысын біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан-өзбек шекарасындағы «Мақ­та­арал» кеден бекетінің «Атамекен» БӨП құ­рылысы аяқталды. Күн сайын бұл пункт ар­қылы 5 мың адам, 100 жеңіл автомобиль жә­не 60 жүк көлік құралдары тасымалданады.

Сонымен қатар, оңтүстік шекараларды кедендік бақылаудың заманауи техникалық құралдарымен жабдықтау жүргізілуде. Өт­кізу пункттерінде қосымша инспекциялық-тексеру кешендері, тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі, өткізудің электронды пункттері және т.б. орнатылған. Кедендік бақылаудың техни­калық құралдарының көмегімен кеденнің жедел қызметкері тасымалданатын материалдар мен заттардың түрлерін және олар­дың жолдама құжаттарына сәйкестігін бірден анықтай алады. Бұл жолаушылар мен жүк ағынына кедендік бақылау уақы­тын біршама азайтады, көлік құралда­рының қол жетпейтін жерлерін бақылауға мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Арнайы бағытталған техникалық құралдар контра­банданың нақты түрлерін – жарылғыш және есірткі заттарын, қару, құнды металдар мен өзге де тауарларды ашпай және бөлшектемей анықтауға мүмкіндік береді.

Кеден одағының сыртқы кедендік шекарасында орналасқан кеден органдарын ны­ғайтуға бағытталған шаралар аясында тіке­лей шекарада орналасқан кеден бекет­терінің санын арттыру мен басқару аппаратын қысқарту мақсатында ұйымдастыру құры­лымын оңтайландыру қоса жүргі­зілуде.

– Мына қаптаған қылмысқасыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестекеден қызметінің басқа да органдармен әрекеті қандайБұл орайдатиімділік үшін бір­лескен шаралар өткізіліп тұра маәлде олардыңәрекет ету бағыты әрқилы ма?

– Әрине, ең алдымен, криминалдық және сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде бірлескен жүйелі шараларды өткіземіз. Сонымен қатар мұндай бірлескен күшті мемлекеттің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану мен көлік-логистикалық секторды дамытуға бағыттаймыз.

Бүгінгі күні Кеден одағы шекарасының Қазақстан-Қытай бөлігінде, сондай-ақ, Қы­тай Халықтық Республикасының тауарларын кедендік тазарту жүргізілетін кеден­дік ресімдеу орталықтарында ведомствоаралық жедел топтары жұмыс істейді.

Бұл топтардың құрамына кеден орган­дарының мамандарынан өзге Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясының өкілдері де кірді.

– Ал осы Қазақстан-Қытай шекара­сындағы заң бұзушылықтарды жоюмақсатында не атқарылып жатырЖалпыбұл бағытта кеденоргандарының өзіндік қолға алған шаралары бар маБолса қандай?

– Неге болмасын, әрине, бар. Мәселен, кеден органдары мүдделі мемлекеттік ведомстволармен бірге “жасыл коридор” жобасын бастады. Өйткені, біздер бақылау функцияларын тек қатаңдату арқылы Кеден одағының шекарасындағы Қазақстан-Қы­тай бөлігіндегі жағдай түзеле қоймайтын­дығын түсінеміз.

Қытайдан Қазақстанға импортталатын тауарларға кедендік бақылауды және мем­лекеттік бақылаудың өзге де түрлерін қатаң­дату, ең алдымен, тауар ағымының біршама әлеуметтік маңыздылығымен, бұл бағыттың жоғары криминалдығымен, сон­дай-ақ мемлекеттік органдардың жеке өкілдерінің сыбайластығымен байланысты. Ал Қазақстан-Қытай кеден шекарасында кедендік реттеудің тиімділігін арттыру мен заңдылықты қамтамасыз ету арқасында ғана кедендік құн бойынша төлем мен салықтар жиыны 10 млн. теңгенің тауарын құрап отыр.

Демек, аталған жобаның негізі заңға бағы­нышты сыртқы экономикалық қызмет­ке қатысушыларды жедел, яғни 100 минут ішінде өткізу, кеден органына жылдам жеткізу, 1 күн ішінде жүкке кедендік тазартуды жүргізуге мүмкіндік беру. Әрине, бұл “жасыл коридор” жобасымен қаралған қолайлы режімді сыртқы экономикалық қызметке қатысушы, ашық бизнес жүр­гізуге дайын және мемлекет алдында өзіне белгілі бір жауапкершілікті алатын қатысу­шылар ғана пайдалана алады.

Сыртқы экономикалық қызметтің мұн­дай адал қатысушыларын таңдау крите­рилері еліміздің Кеден кодексінің 6-тарауында анықталған “Өкілетті экономикалық оператор” деп аталады.

Қазіргі уақытта бұл экономикалық операторлар тізіміне “жасыл коридор” жобасы аясында жұмыс жасайтын 5 компания қосылды және олар толығымен мемлекет ұсынған жеңілдіктер пайдасын бағалап отыр.

– Бұл бір тиімділігі зор шаруа екенАл бұған мүдделілік танытқанадам­дарға өкілетті экономикалық операторлар туралы мәліметтіқайдан алуға мүмкіндік бар?

– Ол мәліметтер біздің Комитеттің ресми www:e.customs.kz. порталында орналас­қан. Осыған байланысты айта кетер тағы бір жәйт, бұл жаңалықты Елбасы мақұл­даған және барлық құқық қорғау орган­дарының тікелей жіті бақылауында тұр. Бұл Қытайдан әкелінетін тауарлардан кедендік төлемдерді алуды кем дегенде 7 есеге көбейтуге мүмкіндік береді. Кеден органдарының ақпараттық жүйесінің мәлі­меті бойынша халық тұтынатын тауарлар тиелген бір көліктен алынатын орташа кедендік төлем 2011 жылдың сәуірінде 1 млн. теңгені құраса, 2012 жылдың 21 мамырында бұл сома 6 млн. теңгеге жетті.

– Жоғарыда бір сөзіңізде Кедендік бақылау комитеті елдің транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған кедендік әкімшілдендіруді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырып жатқандығын айттыңыз. Бұл көліктік-логистикалық секторды дамыту аясындағы ауқымды шаралардың бірі ғой.

– Иә, комитет осы жұмыс аясында жүктерді терминалды өңдеу, логистика, кедендік тазарту мен декларациялау бойынша толық қызметтер қамтылған көліктік-логистикалық орталығын құру тұжырым­дамасын ұсынды. Қолданыстағы және құрылатын нысандарға көлік инфра­құры­лымын жалғаумен халықаралық стандарт­тарға жауап беретін осындай орталықтар Қазақстанның транзиттік әлеуетін біршама тиімді пайдалануға мүмкіндік ашып, жүк­терді қауіпсіз жеткізуде Қытай мен Қазақ­стан арқылы Еуропа мен Ресейді байланыстырады. Көліктік-логистикалық орта­лығын құру республиканың шекаралас аймақ­та­рында жаңа жұмыс орындарын ашады; рес­публикалық және жергілікті бюджетке түсім­дерді біршама көбейтеді; бизнес-үр­дістерінің ашықтығын қамтама­сыз етіп, олардың сыбайластығын төмендетеді.

– Қай салада болмасын өзіндік бағы­тына сай жаңа технологияларды енгізбей ойдағыдай нәтижеге иек арту мүмкін емес. Бұл бағытта кедендік қыз­метті жаң­ғырту мәселесі қалай шешімін табуда?

– Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу мен автоматиза­ция­лау кеден органдарын дамытудың басты бағыттарының бірі және ол Электронды үкіметті қалыптастыру бағдарламасын ен­гізу аясында іске асырылады. Ол кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау үрдісін жеңілдету және жетілдіруге, шекарадағы өткізу пункттерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бұл үрдістегі ерекше рөл кедендік қызметті жаңғырту жобасын іске асыруға бағытталып отыр. Жоба кеден қызметінің барлық саласы мен қызметінің халықа­ралық стандартқа сәйкестігін талдауды, халықаралық тәжірибеге сәйкес техноло­гия­лар мен жаңа әдістерді жасақтау мен енгізуді, ақпараттық жүйелерді дамыту мен жаңғыртуды, техникамен жабдықтауды, кеден органдарының лауазымды тұлғаларын оқытуды қамтиды.

Осы орайда Үкіметпен бекітілген жос­парға сәйкес интеграциялық ақпарат­тық жүйені енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. “Экспорт-импорт операциялары бойынша бір терезе” жүйесі сауда және көлік операцияларына қатысушы тараптарға бір үлгі­дегі ақпа­рат пен импорт, экспорт, транзитке қатысты барлық реттеуші талаптарды орындау мақ­сатында біркелкі өткізу жолын көрсетуге мүмкіндік беретін тетік. Жобаны іске асыру аясындағы инновациялық ше­шім­дер Қазақ­стан кеден қызметін халық­аралық стандарт­тарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

– Мемлекет басшысының Жарлы­ғына сай кеден органдарының қызмет­керлері де кезектен тыс аттестаттаудан толық өтуі тиіс. Бұл орайда не айта аласыз?

– Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес кеден органдарындағы бұл кезектен тыс аттестаттау құқық қорғау бөлімше­ле­ріндегі экономикалық қылмысқа, контра­бандаға, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрес пен жедел-кезекші қызметтерімен айналысатын адамдарға ғана қатысты. Аттестаттаудан кадрлық құрамның 15 пайызы өтеді.

Кезектен тыс аттестаттау ел заңнама­лары және логикалық ойлау бойынша компью­терлік тестілеу; дене шынықтыру мен жауынгерлік дайындықтар бойынша нормативтер тапсыру, сондай-ақ психоло­гиялық әңгімелесуден тұрады.

Кезектен тыс аттестаттау жай қызмет­керлерден бастап, басшыларға дейін олар­дың кәсіби деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіби дайындығынан өзге атқарып отырған лауазымына сәйкестігін бағалауда, психологиялық тұрақтылығына және логикалық ойлау қабілетіне ерекше мән беріледі.

Кезектен тыс аттестаттаудың өткізілу барысын жариялау мен ашықтығын қамта­масыз ету мақсатында Комитеттің ресми веб-порталында “Кезектен тыс аттестаттау” айдары ашылды.

– Демек, сыбайлас жемқорлықпен нақты күрес жүргізу мақсатында кеден қызметкерлерін мүмкіндігінше жаңа кадрлармен алмастыру қажет дейсіз ғой?

– Шындығында, кеден қызметінің проблемаларын шешудің бірі ретінде кадр құрамын жаңарту деп білемін. Бүгінгі күні Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті “Кеден ісі” мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын бітіруші студенттермен жұмыс жүргізуде. Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне сәй­кес, республика бойынша бұл маман­дықты биыл 267 студент аяқтайды деп күтілуде, оның 97-сі мемлекеттік, 140-ы жеке оқу орындарының түлектері, 30-ы Қаржы полициясы академиясының курсанттары. Сонымен бірге, осы жылы Ресей кеден академиясын 7 тыңдаушы аяқтайды.

Жұмысқа алу ешбір “пара берусіз” жүргізіледі, студенттердің үлгерімі, алған білімдері мен шынайы еңбек ету ниеттері ескеріледі. Сонымен қатар, кандидаттар­дың “Құқық қорғау қызметі туралы” Заң­ның талаптарына сәйкестігі тексеріледі, бұл әскери-дәрігерлік комиссия, прокуратура мен ұлттық қауіпсіздіктің міндетті арнайы тексерулері болмақ. Сөйтіп, қазірдің өзінде біздің кадр қызметкерлері диплом алатын студенттермен әңгімелесу өткізді. 267 студенттің үлгерімдері мен мінез­де­мелері тексерілді және Отан үшін қызмет ету ниеттері мен дайындық деңгейлерін анық­тауға арналған сауалнамалар дайындалды. Әзірге Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ден – 35, ал Инновациялық Еуразия университетінен 2 түлек кеден органдарына жұмысқа шақырылды.

Әңгімелесу барысында алдын ала 179 студент кеденшілердің қатарын толтыруға келісімдерін берсе, 88 студент әртүрлі себептер бойынша бас тартты. Қазіргі таңда ниет білдірген студенттердің құжаттары жіті тексеруден өткізіліп, кадр қызмет­керлерімен талдануда. Айдың аяғында әңгімелесудің біршама кеңейтілген екінші кезеңі өткіз­іледі, содан соң студенттер аумақтық кеден органдарына бөлінетін болады.

Сыбайлас жемқорлықтың көзін құрту үшін жас мамандарды шекаралық кеден бекеттеріне орналастыру туралы ұсыныс жасадық. Мамандардың дені отбасын әлі құра қоймаған, сондықтан оларға шекарада қызмет ету де жеңілге соғады. Жастардың көпшілігі дәл сол шекарада қызмет етуге ниет білдірді. Кеден мамандығын бітіретін түлектер саны біздің қажеттілікке сәйкес емес. Жоғары оқу орындары осы айтыл­ғанға назар аударып, “кеден ісі” маман­дығына түсушілердің санын көбейтеді деген үміттеміз.

Ал біздер өз кезегінде жаңа жұмысқа орналасушылар үшін барлық әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасауға тырыса отырып, тек олардың ниеті елдің мүддесін қорғау, қамын ойлау болса екен деп тілейміз.

– Біреулер кеден мен кәсіпкерлердің заңды әрекеттерін ұштастырмай биз­несті жеңілдету мүмкін еместігін айтады. Кеден органдарының жұмысын жақсар­ту мақсатындағы бизнес өкілдерінің өз ұсыныстары бар шығар?

– Әрине, бизнес өкілдерінің ұсыныс­тары жоқ емес. Біз олардың ұсыныстарын арнайы кеңесте талқылаймыз. Кеңес құра­мына кеденшілерден өзге сыртқы эконо­микалық қызметке қатысушылар, бизнес-қоғамдас­тықтары, қоғамдық бірлестік­тердің, сондай-ақ “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының өкілдері кіреді.

Консультативтік кеңесті құру сыртқы экономикалық қызметтегі әкімшілік кедер­гілерді жою, бизнес пен кеденнің арасын­дағы өзара байланысты ретке келтіру қа­жеттілігінен туындады. Осыған байла­ныс­ты кемшіліктерді уақытында анықтау, оны ке­шенді түрде шешу, сондай-ақ заңдылық­тарды қалпына келтіру бойынша нақты шаралар қабылдау үшін аталған кеңес жанынан еліміздің кеден заңнамасына толық­тырулар мен өзгерістер енгізу бойынша, өткізу пункттері мен кеден бекеттерінде кедендік тазартуда туындайтын мәселелер бойынша, сонымен қатар, кеден органда­рының қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде арнайы жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданды.

– Салиқалы сұхба­ты­ңызға рахмет.

Әңгімелескен

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».