Жанерке Ермахан бүгінде Астана медицина университетінің үшінші курсында оқиды.
«I-teka» медициналық портал жүйесі – телефон анықтамалығы мен ғаламтор сайттары бар, мобильді қосымша арқылы емделушілерге қажетті дәріханаларды, дәрі-дәрмектерді, медициналық мекемелерді және дәрігерлерді табуға көмектесетін онлайн құрал.
Наурыз айында «I-teka» медициналық портал жүйесі жоғары оқу орындарының студенттері арасында автоматты чат-боттарды әзірлеуден байқау жүргізген болатын. Осы байқауда Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі – Жанерке Ермахан дәл әрекет ететін алгоритмі бар кеңес беруші роботты жасап шығарды. Бұл электронды оператор конкурс жеңімпазы атанды.
«Емделушімен сөйлесу барысында чат-бот диагноз қойып, қажетті маманға көрінуді ұсынады. Сонымен қатар уақытша ауруды басатын дәрі-дәрмектерге кеңес беріп, ауруды аңықтау үшін қандай медициналық тексеруден өту керектігін айтып береді», –деді Жанерке.
Бүгінде үздік студент жоба бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Жоба аяқталысымен «I-teka» медициналық портал жүйесінде іске қосылатын болады.