Аймақтар • 15 Сәуір, 2019

«Atyrau Marathon 2019» жарысына 3 мың адам қатысты

896 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марафон жеңімпаздары 76 жас санаты бойынша марапатталды, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Atyrau Marathon 2019» жарысына 3 мың адам қатысты

Атырауда жыл сайынғы Atyrau Marathon 2019 қайырымдылық марафоны аяқталды. Бұл жылғы марафон  бірқатар қалалар мен мемлекеттерден  3 мыңға жуық қатысушы жинады.

Қатысушылар  42, 21, 10, 3 және 1,2 шақырымдық қашықтық бойынша жүгіріп өтті.  Барлық мәреге жеткендер медальдармен марапатталды. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер мен сыйлықтар табысталды.

Сонымен, марафонның ең ересек қатысушысы 72 жастағы ультрамарафоншы Әмегүлсін Мұсылманова болса, жүгірушілер арасында жеңіске деген жігерімен мүмкіндігі шектеулі 58 жастағы жазғы паралимпиадашы, өзінің бүгін 120-шы марафонын жүгірген Олег Сысолятин марапатталды. Жарыстың құрметті қонағы рекордшы Марат Жылқыбаев болды.

«Аtyrau Marathon 2019» ерлер арасында үшінші мәрте абсолютті жеңімпазы болып 42 шақырымды жүгіріп өткен 25 жастағы Базарбай Дауталиев марапатталса, әйелдер арасында Әмина Зинорова үздік көрсеткіш көрсетті.

Айта кетейік, «Atyrau Marathon 2019» қайырымдылық марафоны  жастар жылы аясында өтті. Барлық түскен қаржы қайырымдылық бағытында жұмсалады.