Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 830 Жарлығымен Ницык Петров Алексеевич және Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлын (қайтыс болған кейін) Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Еске салсақ, 2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысы Нұра ауданында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан сирек кездесетін және жоқ болып кету қаупi төнген жабайы тұяқтылар мен ақбөкендерді қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында браконьерлердіӊ қолынан қаза тапқан болатын.
Е. Нысанбаев мемлекеттік наградаларды табыс ете отырып, бұл оқиға бүкіл республиканы күйзелтті, табиғат қорғаушылар мен қарапайым халық арасында резонанс тудырғанын атап өтті. Тәжірибелі және кәсіби мамандардың бірінің мезгілсіз қайтыс болуы қазақстандық табиғаттың браконьерлік пен қара нарық алдында қорғалмағанын көрсетті. Өз тарапынан министрлік ауыр, экстремалды-климаттық жағдайларда жұмыс істейтін инспекторларды қорғауды заңнамалық деңгейде күшейтуге қол жеткізетін болады. Біздің табиғатты қорғауға барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылық мүдделі болуы тиіс. Ерлан Нұрғалиевтің іс-әрекеті болашақ ұрпақ үшін ерлік пен патриотизмнің үлгісі ретінде мәңгі есте қалады.
Ерлан Балғабекұлы өзінің қызметтік борышын адал атқара отырып, біздің табиғатымызды және қазақ даласының рәмізін - ақбөкендерді браконьерлердің қол сұғушылығынан қорғап қаза тапты.