Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Түркістанда жер қойнауын пайдалану бойынша комиссия құрылады

642 реткөрсетілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату және келісімшарт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы сөз болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы және жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының міндетін атқарушы Г.Саметова баяндама жасады.

«Облыс аумағында бүгінгі таңда жалпы саны 190 жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар тіркелген. Оның ішінде, қатты пайдалы қазбалар бойынша – 38, жерасты сулары бойынша – 28, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 124 келісімшарттың 10-ы барлауға және 112-сі өндіруге берілген. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша, тасшағал, кұм, топырақ, гипс, ас тұзы әк-тас секілді пайдалы қазбалары өндіріледі. 2018 жылы келісімшарт міндеттемелерін орындамаған – 69, ағымдағы жылдың І-тоқсанында 29 жер қойнауын пайдаланушыға ескерту хаттары жолданып, 15 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттарының күші біржақтама жойылды. Күрделі мәселенің бірі – өзен арналарында, ауыл шаруашылығы жерлерінде пайдалы қазбаларды заңсыз пайдалану деректерінің орын алуы. Прокуратура органдарымен бірлесіп, кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше пайдалануды тоқтату үшін облыс әкімдігі және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен өңірлік іс-шара жоспары әзірленді», – деді Г. Саметова.

Басқарма басшысының баяндамасын тыңдаған облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарын түгел қайта тексеріп, облыстық комиссия құруды тапсырды. Сондай-ақ, шарт негізін бұзған кез келген жер қойнауын пайдаланушымен келісім бұзылатынын айтты.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұлы дала кеңістігіндегі абыздық

Қазақстан • Бүгін, 09:05

Сыр тарихымен сырласады

Аймақтар • Бүгін, 08:56

Тұғыры биік Тарбағатай

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арыстағы апат

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Жан дүниемізді кірлетпейік

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ұқсас жаңалықтар