20 Маусым, 2012

Қоғам айнасы

588 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қоғам айнасы

Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:54

Бейбіт те берекелі еліміздің қауіпсіздігі қырағылықты қажет етеді.Елбасымыздың сындарлы саясаты татулыққадостыққарым-қатынасқа негізделгенӘлемді шарпып тұрған дүрбелеңдер,дағдарыстарқиян-кескі ұрыстардың арасында Қазақстанныңынтымақтыырысты өмір кешуінің өзі бір ғанибетБұл да мемлекеттіксаясаттың нықдұрыс бағыт ұстанып отырғанын көрсетеді.

 

Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:54

Бейбіт те берекелі еліміздің қауіпсіздігі қырағылықты қажет етеді.Елбасымыздың сындарлы саясаты татулыққадостыққарым-қатынасқа негізделгенӘлемді шарпып тұрған дүрбелеңдер,дағдарыстарқиян-кескі ұрыстардың арасында Қазақстанныңынтымақтыырысты өмір кешуінің өзі бір ғанибетБұл да мемлекеттіксаясаттың нықдұрыс бағыт ұстанып отырғанын көрсетеді.

Ел қауіпсіздігін сақтауда полиция қызметкерлерінің ең­бегі ерен. Тәртіп сақшыларының тынымсыз еңбегі арқа­сында ел ішінде татулық орнап отырғанын айту керек. Үлкен қақтығыстардың бәрі кішігірім түсініспеу­шілік­тер­ден туындайтыны белгілі. Бұл орайда өртті тұтанған сәті­нен өшіріп, халықты ынтымаққа шақырып жүрген сақ­шы­лардың ел қорғаны екенін мойындау қажет. По­ли­цияның қоғамда алатын орны зор, рөлі ерекше. Халық­тың тыныш­тығын сақтаушылар – мемлекеттің басты көмекшілері.

Президент «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойып, жаңа бастама көтерді. Сөйтіп, құқық қорғау саласында үлкен жаңғыру бастау алып отыр. Ел қауіпсіздігі – басты мәселе. Президент бұл міндетті жылдағы Жолдауынан тыс қалдыр­майды. Биылғы халыққа арнаған Жолдауында да Елбасы ХХІ ғасырдың заманауи мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қойып отырғандығын ерекше атап өтіп, жаңа дәуір, сондай-ақ мемлекеттегі тәртіпті сақтап тұру саласында да жаңаша көзқарастар қажеттігін нақтылады. Президенттің бастамасымен жүзеге асырылатын кезектен тыс аттестаттау нәтижесінде құқық қорғау органдарында өз ісіне адал нағыз мамандар қалады деп сенеміз.

Құқық қорғау саласының қызметкері Отанын шексіз сүйетін, мемлекетшіл, әділдікті өзіне ұран еткен, тура жолдан таймайтын азамат болуы керек. Әрбір құқық қорғау саласының қызметкері өздерін мемлекеттік саясатты жү­зеге асырушылар екендігін, халықтың олардың жұмысына баға беруі арқылы жалпы мемлекеттік саясатқа баға берілетін­дігін, яғни бүгінгі әділ шешім халықтың ертеңгі өмірге сені­мі екенін түсінуі тиіс. Мемлекет мүддесін, қоғам қауіпсіз­дігін қамтамасыз етуде асқан ерлік көрсетіп, ұрпаққа үлгі болған абзал азаматтарымыз құқық қорғау саласында жетерлік. Өз ісінің шынайы мамандары қандай жағдайда да жұмысын көрсете біледі, сынақтан шыңдалып, басқаларға үлгі болатынына сенім мол.

Жалпы, қазақ сақшыларының бүгінгі қарымы көз қуантады. Соңғы жылдары ішкі істер органдарының мате­риалдық-техникалық базасы мен техникалық қамту жа­ғынан едәуір нығайып келе жатқанын мақтанышпен айтамыз. Жаңа технологиялар, бейнебақылау, жаңа үлгідегі жылдам­дық өлшегіштер, компьютерлер мен көптеген техника енгізілуде. Бұл жұмыс жағдайын ғана жақсартпай, оның тиімділігін де арттырады. Полиция қызметкер­лері де заман талабына сай бейімделуі шарт. Олар – қоғам айнасы. Сақшылар барша қоғамда өмір сүріп жатқан ха­лық­пен жұмыс істейді, көптің ортасында жүреді. Халыққа жақын болып, азаматтар құқықтарының бұзылмауы үшін күре­седі. Демек, оларға жүктелер міндет жоғары бол­ғандықтан, оларға қойылатын талап та соған лайық болуы шарт. Тәртіп сақшыларының қатарында жауапкер­шілігі төмен, іскерлік қабілеті аз жандар болмауы тиіс. Өйткен күнде әйгілі “Полиция – менің қорғаным” ұранының мән-маңызы қашады. Сондықтан да бұл салаға кандидаттарды қызметке алғанда өте мұқият болу керек.

Ғанибек ОТАРБАЕВ,

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті  бастығының орынбасары.