Тиімді басқару кепілі – қауіпсіздік пен тұрақтылық
Бейсенбі, 28 маусым 2012 7:17
Кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) агенттігінде Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) бірлескен сындарлы шара ұйымдастырылды. Бұл ЕҚЫҰ-ның 20-шы экономикалық-экологиялық форумына дайындық аясындағы «Тиімді басқару арқылы қауіпсіздік пен тұрақтылықты баянды ету» атты кездесу деп аталды.
Бейсенбі, 28 маусым 2012 7:17
Кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) агенттігінде Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) бірлескен сындарлы шара ұйымдастырылды. Бұл ЕҚЫҰ-ның 20-шы экономикалық-экологиялық форумына дайындық аясындағы «Тиімді басқару арқылы қауіпсіздік пен тұрақтылықты баянды ету» атты кездесу деп аталды.
Кездесуге Қаржы полициясы агенттігінің басшылығы мен жеке құрамы, Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің төрағасы С. Әбдікәрімов, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Зарудна, ҚР мемлекеттік органдарының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанда мемлекеттік басқару аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық салалы мемлекеттік ведомстволардың, қаржы институттарының, ғылыми мекемелердің, жекеменшік сектордың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың күшін біріктіру және ынтымақтастықтың деңгейін көтеру болып табылады.
Кездесу барысында ЕҚЫҰ- ның Астаналық декларациясында және ЕҚЫҰ-ның 20-шы экономикалық-экологиялық форумда белгіленген міндеттер мен басымды мәселелерге шолу жасалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес аясында ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттарға сәйкестігіне талдау жүргізілді. Сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруды анықтау, қылмыстың алдын алу мен жолын кесу барысында ұлттық әлеуетті күшейту, мемлекеттік секторда әділдік пен этикалық мінез-құлықты арттырып, мемлекеттік ақша қаражаттарын және бюджетті мақсатты жұмсауға назар аудару қажеттігі айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың жаңа тиімді әдістерін қалыптастыру ісінде азаматтық қоғам, академиялық және іскерлік топтардың шешуші рөлін арттыру қаралды.
Аталған кездесуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, «Ар.Рух.Хақ», «Трансперенси Казахстан», «Сандж» зерттеу орталығы сияқты және т.б. қоғамдық ұйымдардың, бизнес өкілдерінің, халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық өкілдіктердің (ҚР Еуропалық кеңестің делегациясы, ҚР БҰҰ өкілдері, Нидерланды ҚР елшілігі, Орталық Азиядағы ЮСАИД (АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігі) аумақтық миссиясының өкілі, Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік банк өкілі, ҚР АҚШ елшілігі) қатысты.
Кездесуді өткізудің нәтижесінде ұлттық деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында заңнамалық және практикалық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу қаралды. Бұлар ағымдағы жылғы қыркүйекте Прага қаласында ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі кездесуінде қазақстандық делегация ұсына алатын ұсыныстар дайындауға көмегін тигізеді деп күтілуде.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».