Кабинет облыстағы «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының базасында ашылды. Қазақ тілін үйренгісі келетін қостанайлықтарға жаңа әліпбиді үйрену үшін барлық жағдай жасалған. Олар латын графикасы арқылы қазақ тілін кабинет қабырғаларына ілінген көрнекі құралдар және заманауи техникалар пайдалана отырып үйрене алады.
Мұнда тіл үйрену жыл бойы тегін жүргізіледі. Оның сыртында латын харпін үйренгісі келгендер аптаның әр жұмасында келіп, партаға отыруына болады.
Кабинеттің ашылуы тіл үйренушілерге жақсы қолайлылық жасайды. Келушілерге ешкім кедергі жасамайды және көрнекі құралдар мемлекеттік тілді үйренуге ынта білдіргендерге ең үздік көмекшінің бірі. Айтпақшы мұндай кабинет республикада бірінші рет ашылып отыр, дейді облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бөлім меңгерушісі, Бақытгүл Сүйлейменова.