Спорт • 18 Сәуір, 2019

Жерлестеріміз кімдермен жұдырықтасады?

776 реткөрсетілді

Ертең Таиландтың астанасы –Бангкокта бокстан Азия чемпионаты басталады. Біздің жігттер өздерінің тұсаукесер кездесулерін кімдерге қарсы өткізетіні белгілі болды.

Қазақстанның үш боксшысы жарысты 1/16 финалдан бастайды. 52 кило салмақтағы Әнуар Мұзапаров моңғолиялық Енкмандах Хардурджумен қолғап түйістіреді.56 кило салмақтағы Қайрат Ералиев Оңтүстік Кореяның оғыланы Ю Чан Лимен шеберлік байқасады.

75 кило салмақтағы Тұрсынбай Құлахмет Солтүстік Кореяның сайыпқыраны Чон Ли Хомен кездеседі.

Қалған жігіттеріміз бірден 1/8 финалда өнер көрсетеді. 49 кило салмақтағы Теміртас Жүсіпов таиландтық Самак Саеханмен сайысқа түседі.

60 кило салмақтағы Зәкір Сафиуллин мен 69 кило салмақтағы Асланбек Шымбергеновтың қарсыластары әлі анықталған жоқ.

64 кило салмақтағы Санатәлі Төлтаев Индонезиының өкілі Либертус Гамен күш сынасады.

81 кило салмақтағы Бек Нұрмағамбетов кувейттік Әл-Мутахирмен айқасады.

91 кило салмақтағы Василий Левит ирандық Әміриді сынақтан өткізсе, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев непалдық Ашис Давадимен айқасады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар