Тоттануға қарсы жабдықты орнату су сапасын жақсартады және құбырлардың қызмет ету мерзімін 40 жылға дейін ұзартады, бұл мемлекеттік бюджеттен желілерді қайта жаңғыртуға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. 2018 жылы "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ бірлесіп NMR Pipetector технологиясы 14 өңірде ТКШ субъектілеріне таныстырылды.
Қазақстанның ең ірі қаласында құбыр ұзындығы ең үлкен жабдықтарды пилоттық сынауға бірінші болып «Алматы Жылу Желілері» ЖШС қызығушылық танытты. NMR Pipetector суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және кондиционерлеу жүйелері болат құбырларының үстіне бекітілетін құрылғы. Бұл құрылғы белгілі бір ұзындықтағы электромагнитті толқынды тудырады, ол еркін электрондардың пайда болуымен су молекулаларының үлкен кластерлерін шағын бөліктерге бөледі. Гидратталған электрондар суда ерітілген қызыл тотқа түседі және оны біртіндеп ерімейтін қара тотқа (магнетит) айналдырады. Магнетит құбыр қабырғаларында орналасады және құбырдың қызмет ету мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік беретін қорғаныс қабыршағын жасайды.
Осылайша, құрылғы құбырды нығайтады және қызмет мерзімін ұзартады және артық темірден суды тазартады. Жапон делегациясының өкілдері жабдықтың тиімділігін дәлелдеу үшін компания мамандары ай сайынғы негізде судағы темірдің құрамы мен құрал орнатқанға дейін және кейін магнетит мөлшері бойынша сараптама жүргізетінін атап өтті.