30 Тамыз, 2012

Конституциялық Кеңес Төрағасы Игорь РОГОВ: «Қазақстан Конституциясы – әлеуметтік құндылықтар негізі»

402 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін

Конституциялық Кеңес Төрағасы Игорь РОГОВ: «Қазақстан Конституциясы – әлеуметтік құндылықтар негізі»

Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:44

АЙШЫҚТЫ АТА ЗАҢ – АЗАТТЫҚ АЙҒАҒЫ

Біз билік құрудың жаңа ұста­ным­да­рын бе­кіт­кен және аза­мат­тардың не­гізгі құ­қық­тарын қор­ғай­тын өз Конституциямызды қа­был­да­дық. Жә­­не біз басты же­тістіктерімізге 1995 жылы жал­­пы­халықтық референдумда қа­­был­­­данған Конституциямыздың ар­қа­сын­да жетіп отырмыз.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

 

Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:44

АЙШЫҚТЫ АТА ЗАҢ – АЗАТТЫҚ АЙҒАҒЫ

Біз билік құрудың жаңа ұста­ным­да­рын бе­кіт­кен және аза­мат­тардың не­гізгі құ­қық­тарын қор­ғай­тын өз Конституциямызды қа­был­да­дық. Жә­­не біз басты же­тістіктерімізге 1995 жылы жал­­пы­халықтық референдумда қа­­был­­­данған Конституциямыздың ар­қа­сын­да жетіп отырмыз.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

* * *

Биыл еліміз Негізгі Заңымыздың қа­был­дануы­ның он жеті жылдығын мерекелеуде. Бүкілхалықтық маңызы бар актіге айнал­ған Конституцияның қағи­да­лары мен нормаларына бұлжытпай сүйене отырып, Қа­зақ­стан осы жылдар ішінде орасан табысқа қол жеткізді. Ата Заңымызда 1995 жылғы 30 тамызда елдің конституциялық саясатының не­гіздері айқындалып, ол уақыт талабына қарай бірқатар өзгерістерге ұшы­рады. Міне, осы орайда біз Конс­титуциялық Кеңес Төрағасы Игорь РОГОВКЕ жолығып, Ата Заңымызға байланысты тың ойларымен бөлісуді сұраған едік.

– Игорь Иванович, Республика Конституциясының ке­зек­ті мерекеліжылын қазақ­стан­дықтар өмірдің барлық са­­ласындағы жоғары табыс­тармен қарсы алып отыр­ғаны кө­ңіл қуантады. Ендеше хал­қы­­мыз­дыңосы саяси, эконо­ми­­ка­лық, әлеуметтік, құқық­тық және өзге десалалардағы та­быс­­тарында, сондай-ақ мем­­ле­кеттің әлеуметтік саласынжаң­ғыртуда Конститу­ция­ның бү­гінгі рөлі қандай?

– Мемлекет басшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздігіміздің алғашқы жыл­дарынан-ақ ұстанып отыр­ған Конституцияның әлеуетін өмір­дің барлық саласында мей­лінше жүзеге асырылуын қам­та­масыз ету арқасында республикамыз әлем­дегі қарқынды дамып отыр­ған елдердің біріне айналды.

Өткен жылы Қазақстан өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Ел Парламенті қабылдаған Қазақ­стан­ның Мемлекеттік Тә­уел­сізді­гі­нің 20 жылдығы Декларациясында республиканың саяси, эко­но­ми­ка­лық, әлеуметтік, құ­қықтық және өзге де жетіс­тік­тері паш етіл­ді. Еш күмәнсіз – Қазақстан­ның мем­ле­кеттік тәуел­сіздігі заңды деп танылуына Не­гізгі Заң іргетас болды. Мем­лекеттік билік органдарының, қоғамдық институттар мен аза­мат­тардың қызметі, еліміздің же­тіс­тіктері, бейбіт те тыныш өмірі­міз, ертеңгі күнге деген сенімі­міз, Қа­зақстанның ха­лықаралық арена­да­ғы беделінің артуы Конституция белгілеген құқықтық не­гіздерге сүйенеді. Біз­дің же­тістіктеріміз Не­гізгі Заң­ның авторы – халықтың қалауы іске асы­рылғанының жар­қын ай­ғағы.

Еліміздің бағдарламалық-стра­тегиялық құжаттарының, Рес­публика Президентінің жолдаулары мен сөйлеген сөзде­рі­нің не­гізгі мазмұны әрбір қазақ­стан­дық­қа деген қамқорлықтан тұра­ды. Мемлекет басшысының таяуда жарияланған, қоғамы­мыз­да оң қабылданып, тың серпіліс туғыз­ған «Қазақ­стан­ның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы­на қарай 20 қадам» ат­ты мақа­ласында, елдің әлеу­мет­тік жаң­ғыртылуы қоғамды жаңа индус­триялық-ин­новация­лық экономика жағдайында өмір сүруге дайындауды, Қазақ­стан­ның үде­мелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен қам­та­масыз ету арасындағы оң­тайлы тепе-теңдікті табуды, құ­қық пен әділеттілік қағидаларына негіз­делген әлеуметтік қаты­нас­тар орнатуды мақсат тұтады, деп айрықша атап өтілген. Өзінің көз алдаушы екенін дәлелдеген тұ­тыну­шылық қоғамының тұ­жы­­рым­дамасы орнына Елбасы Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Оның мынадай маңызды конституциялық негізі бар: әркімнің еркін еңбек ету құ­қығы, қызмет түрін және ма­ман­дығын еркін таңдау құ­қығы, кәсіпкерлікпен шұғыл­дану және өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қыз­мет­пен шұғыл­дану үшін пайдалану құқығы.

– Биыл елімізде тағы да бір оқиға – бүкіл адамзаттың қа­уіпсіздігінқамтамасыз ету жолында асқан маңызға ие – Ядро­­лық сынақтарғақарсы халық­аралық іс-қимыл күні кеңінен атап өтілуде. Бұл күн Қазақ­станның мемлекеттік тә­уел­сіз­дігін алған алғашқы сәт­тен бас­талғанболатын. Қандай ха­лық­аралық құжаттар мен конс­ти­туциялықактілердің, со­ның ішінде ел Конститу­ция­сы­ның қа­ғидалары бейбіт­шілік пен қау­іп­сіздікті қам­тамасыз етуге негіз болып табылады?

– Кеше тек қазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлем қауым­дас­тығы Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтті. Оны Қазақстанның ұсыны­сы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 жылғы желтоқсанда жариялады (64/35-резолюция). 1991 жылғы нақ осы 29 тамызда Қа­зақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Семей ядролық сынақ алаңын жабу туралы тарихи да батыл шешімі қабылданған болатын. Соның арқасында қазір бү­кіл әлем ядро­лық қарусыз мемле­кет ретінде Қазақстанды тілге тиек етеді.

Бұл жерде ерекше айтарымыз, Қазақстан қуаты жағынан әлем­дегі 4-орынды иеленген ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Бұл теңдессіз қадамға Мемлекет басшысы бүкіл адамзаттың өмір сү­руінің негіздерін айқын­дайтын бұл­­жымас жалпы гума­нистік қағи­даларды ұстана отырып, бірінші кезекте, адам үшін ең маңызды, оның ең басты және туа біткен құ­қығы – өмір сүру құқығын қамта­масыз етуге ұмты­ла отырып барды.

Көп мемлекеттердің, солар­дың ішінде Қазақстанның да Конституциясы адамның өмір сүру құқығын асқан құндылық ретінде таниды. Шын мәнінде ол демократиялық қоғамдағы басты меже, құқықтар мен бостан­дық­тар институтының өлшемі болып табылады.

Өзінің кең мағынасында өмір сүру құқығы – бұл адамның өмір сүруге, оның өмірін ешкім өз бетімен қимауына (бұл өзінен-өзі түсінікті) ғана құқығы емес, оның еркін, бейбіт те лайықты өмір сүруіне де құқығы. Кезінде Аристотель мемлекет өмір сүруге мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін емес, көбіне, бақытты өмір сү­руге мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін құрылады деген болатын.

Жылдар өте, қазіргі құқықтық жүйелерге арқау болуға тиіс бұл түбегейлі құндылықтар Қазақ­стан басшысының ядролық қару­ға қар­сы бастамаларында шынайы көрі­ніс тапты. АҚШ Пре­зиденті Барак Обама жуырда «ядролық қарудан бас тарту елдің экономикалық өсуі мен оның гүлденуіне әкелді. Қазақ­стан осы бағытта күш жұмсау үшін бүкіл әлемге үлгі болды» деп атап өткен болатын. Негізгі Заңды құр­­меттеу, конституционализм идея­лары мен қағидаларын бас­шылыққа алу Қазақстанда тәуел­сіздіктің ал­ғашқы күнінен-ақ мем­лекеттік саясат деңгейіне шы­­ғарылды деп айту әбден не­гізді. Мұндай ұстаным әрқа­шанда алдымызға биік мақ­саттар қойып, өркениетті жолмен соған жетуге мүмкіндік беріп келді.

– Мемлекет тарапынан қол­ға алынып отырған шаралар­дың қайсысынсіз елдегі конс­титу­циялық заңдылықты ны­ғайтуға бағытталған деперекше атап көрсете аласыз? Осы орайда Мемлекет басшысыныңбағдар­ламалық сөздерінде көр­сетілген жаңа міндеттер тұр­­ғысында қо­ғамымыздың қол жеткізген табыстары мен алдында тұрған міндеттерінқо­рыта айтып бере аласыз ба?

– Еліміз әлеуметтік бағыттал­ған нарықтық экономика жолымен алға нық басып келеді. Ұзақ мерзімді бағдарламалық құжат­тар – Қазақстан-2030, Үдемелі индус­триялық-инновациялық даму бағ­дар­ламасы, Қазақстанның 2020 жыл­ға дейінгі дамуының страте­гиялық бағдарламасы, 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжы­рым­­дамасы және т.б. сәт­тілікпен іске асырылуда.

Қос палаталы Парламент уа­қыт сынынан сүрінбей өтіп, елі­мізде іске асырылып жатқан қайта өзгер­тулердің заңнамалық локомотивіне айналды. 2012 жыл­ғы 16 қаңтарда өткізілген кезектен тыс сайлау қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісіне үш саяси партияның өкілдері сайланды. Осы арқылы, заң шы­ғару өкілеттігін іске асыратын жоғары өкілді орган – Пар­ла­менттің көппартиялылығы қа­ғидасын қамтамасыз ету бөлі­гінде 2007 жылғы конститу­циялық ре­фор­маның мақсаты мерзімінен бұ­рын жүзеге асырылды.

Әлем экономикасындағы дағ­дарыс пен басқа да қолайсыз жағ­дайлар қатар келіп отырған ке­зеңде, мемлекеттілік қалыпта­суы­ның күрделі жағдайында атқарушы билік органдары өзінің біліктілігі мен кәсібилігін дәлел­деп, қазір де көрсетіп келеді. Сот ісін жүргізудің тиімді нысандарын бойына сіңір­ген тәуелсіз сот жүйесі қалып­тас­ты. Үстіміздегі жылғы шілдеден бастап елімізде істердің сот сатыларынан өтуінің жаңа тәртібі ен­гізілді, ол іс жүргізуді оңтайлан­ды­руға және жеделдетуге бағыт­талған.

Құқық қорғау органдарының, Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл­дің, адвокатураның, нотариат­тың және басқа да құқық қорғау инс­титуттарының қызметі адам­ның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағыт­талған. Қарулы күштер жә­не ұлт­тық қауіпсіздік органдары ел еге­мендігін күзетуде.

Мемлекет басшысы еліміз да­муының стратегі әрі дем беру­шісі, Конституцияның мызғымас­тығы­ның, халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, мемлекеттік би­ліктің барлық тармақтарының келісіп жұ­мыс істеуінің және олар­дың халық алдындағы жа­уап­кершілігінің нышаны әрi кепi­лi болып табылады.

Республика Президентінің тап­сырмаларына сәйкес құқық қорғау жүйесі жаңғыртылуда. Қазақстанда жүргізіліп отырған демократиялық қайта өзгертулер, адам құқықтарын асқан құнды­лық деп тану қағи­датын жаппай орнықтыру аясында Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргі­зу кодекс­терінің, Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекстің және Әкімшілік іс жүргізу кодексінің жаңа редакциялары әзірленуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес барған сайын күшеюде. Қа­зіргі таңда Мемлекет басшы­сының 2012 жылғы 8 сәуірдегі Жарлы­ғы­на сәйкес республи­ка­ның құқық қорғау органдарының қызметкер­лерін кезектен тыс аттестаттау өткізілуде. Барлық кезеңі ішінде бақылаудың көп деңгейлі жүйесі қарастырылған мұндай ауқымды іс-шара елімізде алғаш рет өткі­зілуде. Кезектен тыс бұл аттес­таттаудың мақсаты мен міндеті – қоғам күткен­дегідей және құқық­тық мемлекет қағидаттарына жауап беретін қа­зіргі заманғы құқық қорғау жүйе­сін жасау үшін кадр­лық әлеует қалыптастыру, біліксіз, өзін жа­ғымсыз жағынан көрсеткен лауазымды тұлғалардан тазара оты­рып, сонымен бір уақытта өз ісі­не адал әрі кәсіби сауатты қыз­меткерлерді іріктеудің тиімді тетіктерін жасау, құқық қорғау органдарының кадр саясатын сапалы түрде өзгерту және халықтың оларға деген сенімін арттыру болып табылады.

– Халықаралық құқықтық қатынастар саласында қандай іс-шараларконституциялық ма­ңызға ие?

– Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы, Эконо­ми­калық, әлеуметтік және мәде­ни құқықтар туралы халық­аралық пак­тілерді, БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа және Транс­ұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын ратификациялады. Адам құқықтарын қорғау сала­сындағы бірқатар көп­жақты ха­лықаралық әмбебап актілерді өзі­нің қолданыстағы құқық жүйесіне енгізді, олардың ішінде – Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау, нәсілдік кемсіту­шіліктің барлық нысандарын жою, бала құқық­тары, кепілге алуға қарсы күрес туралы конвенциялар, Азаптау­ларға және басқа да қаты­гез, адамгершілікке жатпайтын жә­не ар-намысты қорлайтын іс-әре­кеттер мен жазалау түрлеріне қар­сы конвенция және т.б.

Еліміздің халықаралық ауқым­­­­дағы бастамалары ең жоғарғы дең­гейде іске асырылуда. Мәсе­лен, 2010 жылы Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жө­ніндегі өзінің асқақ әрі жауапты миссиясын абыроймен атқа­рып шықты. Мемлекет басшылары мен ЕҚЫҰ-ға қатысушы ел­дердің үкі­мет басшылары 2010 жылғы 3 жел­тоқсанда Астанада қабылдаған Декларацияда адам­ның құқықтары мен негізгі бос­тандықтарын сақтай отырып бей­бітшілікті қолдау туралы Қазақ­стан Республикасының Конституциясымен үндес ереже бекітіл­ді. Биыл Қазақстан халқы­ның саны 1,5 млрд. адамды құ­райтын 57 мемлекетті біріктіретін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Төр­аға­­сының міндетін атқаруды табысты аяқтады.

Үстіміздегі жылғы 13 наурызда Республика Президенті «Құ­қық ар­қылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы (Венеция комиссия­сындағы) Қазақстан Республика­сының мүшелігі туралы» Жарлық­қа қол қойды. Бұл акті Еуропа Кеңесі министрлері комитетінің Қазақстанның тиісті өтінішін қанағаттандыру туралы шешімінен кейін қабылданды. Бұл Қазақстан­ның құқық үстем­дігін нығайту саласындағы же­тістіктерін халық­аралық қоғам­дас­­тық танып, мойындауын ай­ғақтай түседі.

Үстіміздегі жылғы мамырда Астанада V Астана экономи­ка­лық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары­ның ІV съезі өтті. Қазақстан беделді халық­ара­лық ұйымдар – БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның, ИЫҰ-ның, ТМД-ның, ШЫҰ-ның, АӨСШК-нің, ҰҚШҰ-ның, Еур­АзЭҚ-тың белсенді мүшесі болып табылады.

– Құқық үстемдігін орнатуда, конституциялық заңдылық ре­жіміннығайтуда Конститу­ция­­­лық Кеңестің бүгінгі таң­дағы рөлі қандай?

– Конституциялық заңдылық режімін сақтау және Конституция ережелерінің бірізді түсінді­рілуіне кепілдік беру тетігінде Конс­ти­туциялық Кеңеске маңыз­ды рөл бөлінеді. Егер күні кеше ғана заң ғылымында Конституция өзін-өзі қамтамасыз ете алады, оның бо­йындағы реттеушілік әлеуеттің іске асырылуы үшін Конститу­цияның болғаны-ақ жет­­­ерлік деген пікір кеңінен етек алған болса, енді бүгінде конституционализм идеялары мен қа­ғидаларының елімізде орнығып, дамуы үшін Консти­ту­цияның әртүрлі «сұғынушы­лық­тардан» қорғалуын қамтамасыз ететін мамандандырылған инс­титуттың қажет екені айқындала түсті. Өзі құрылған сәттен бастап Консти­туциялық Кеңес мемлекет­тің тә­уелсіздігі және егемен құ­қығы туралы; мемлекеттіліктің конс­титуциялық негіздері туралы; аумақтық тұтастығы туралы; шекарасына ешкімнің қол сұқпауы және аумағының ешкімге беріл­меуі туралы; мемлекеттің біртұ­тастығы және президенттік бас­қару нысаны туралы; халық пен мемлекеттік биліктің біртұтас­тығы туралы; азаматтық туралы; мемлекеттік тіл туралы және бас­қа да көптеген конституция­лық нормаларға ресми түсіндірме бер­ді. Кейін оның құ­қықтық ұс­та­нымдары норматив­тік құқық­тық актілер әзірлеу және мем­­ле­кеттік маңызы бар шешімдер қа­былдау кезінде негіз етіп алынды.

Өзінің көптеген шешімде­рін­де Конституциялық Кеңес еліміз­дің құқық үстемдігі қағидасына сәйкес дамуының маңыздылығын атап өткен болатын. Венеция комиссия­сының 2011 жылғы наурызда бекі­тіл­ген арнайы баяндамасында құ­қық үстемдігі түсіні­гінің құрамдас элементтері ретін­де мыналар: заң­дылық, соның ішінде заңнама қа­былдаудың ашық, есепті және де­мократия­лық үдерісі; құқықтық айқын­дылық; өктемдікке тыйым салу; тәуелсіз және әділ сот тарапынан қамтамасыз етілетін сот төрелі­гіне қол жеткізу; адам құ­қық­­тарын сақтау; кемсітпеушілік жә­не заң алдындағы теңдік арнайы бөліп көрсетілген.

Құқық үстемдігі, Конститу­ция­­­ның ұлықтығы, заңның би­лігі, тікелей айтқанда – тиімді заң­­ның билігі – бүгінгі таңда Қазақ­стан­ның ойдағыдай да­муының және жаһанданған әлем­де өзін лайықты көрсете білуінің бірден-бір шарты. Құқықтық мем­лекетте бұл қағи­даттар бі­рінші кезекте мемлекеттік орган­дарға қаратыл­ған. Құқық үс­темдігі күнделікті өмірдің бір бөлшегіндей құқық­тық сана­мыз­ға мықтап ұялауы, тіпті, мем­ле­кеттік идеологияға айналуы тиіс.

– Демек, сіз қоғамда басым­дыққа ие идеология болуы керек деппайымдайсыз ғой. Сонда пікір сан-алуандылығы қа­ғида­сы­­мен бұлқалай үйлеседі?

– Әрине, түрлі мақалаларда бір­ыңғай мемлекеттік идеология болмауы тиіс, бұдан бұрынғы ке­ңестік кезеңге қайта оралу деген тұжы­рымдарды кездестіруге болады. Мұндай тұжырым нақты­лауды қа­жетсінетін секілді.

Конституцияның 5-бабында идео­логиялық және саяси сан-алуандылықтың танылуы азамат­тардың сол немесе өзге бір құн­дылықтарды таңдап, соған сену бостандығын қарастырады, бірақ сонымен бірге олардың ортақ көз­қарастары мен идеялары негізінде ерікті түрде бірлесуіне кедергі жасамайды. Ал егер олар көкейкесті проблемаларды шешуге ықпал ете алатын, соның ішінде мемлекеттік билік орган­да­рындағы өздерінің өкілдері арқылы ықпал ете алатын көп­шілік болса, бұдан келіп-кетер пайда молая түспек. Сондықтан, көпшілік мүддесін білдіретін мем­лекеттік идеология немесе ұлттық идея қажет деп шартты түрде болса да айта аламыз. Рес­публика Пре­зиденті қоғам дами келе ұлттық идея да дүниеге келетінін, оның құрамдас эле­мент­­тері ретінде ұлт­тың тұтас­тығын, қуатты әрі бәсе­кеге қабі­летті экономиканы, жа­сам­­паздық әлеуеті жоғары зиялы қоғамды, Қазақстанды құрметке лайық мем­лекет етіп құруды атап көр­сеткен болатын. Қазақстан бас­шысының пікірінше, осыдан 17 жыл бұрын 7 миллионнан астам (немесе 89,14 пайыз) азаматтарымыз жақтап дауыс берген Республика Конституциясы осындай ұлт­тық идеяның, идеологияның және т.б. құрамдас бөліктерін өз бойына сіңірген түпқазық болып табылады. Оның үстіне, «Біз қайда барамыз? Түпкілікті мақса­тымыз не? Оған қалай жетеміз?» деген сұраққа жауап беретіндей етіп, қо­ғам мен мемлекеттің аяқ алысының негізгі бағыт-бағда­рын да нақ осы Конституция айқындайды. Бұл сұрақтың жауабында халқымыздың ең бір жү­рекжарды тілегі жатқа­нына нық сенімдімін. Оларды іске асыруда Конституцияның рөлі орасан.

Біріншіден, Негізгі Заң ұлт құралатын қағидаттарды айқын­дай­­ды. Жалпыға ортақ танылған адами құндылықтарды және іргелі халықаралық құжаттарды ескере отырып, Конституция адам тұлға­сының асқан құнды­лық екенін, адамдардың тең құқылы екенін танып, кез келген жағдаяттарға қа­тыссыз кімді де болмасын кем­сітуге тыйым салды, меншікке қол сұғылмауына, түрлі пікір болуына, адамды туа біткен құқықтары мен бостан­дықтарынан айырмауға, ха­лық­тың егемендігіне және т.б. кепіл­дік берді.

Екіншіден, Конституцияда ұлт­тың бет алған мақсаты айқын көрсетілген. Қолданыстағы Ата Заңымыздың 1-бабының 1-тарма­ғын­да Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құ­қықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Адам және адамның өмірі, құқық­­тары мен бостандықтары оның ең қымбат қазынасы болып табылады деп бекітілген. Бұл Қазақстанның осы бағытта өзінің мүмкіндігіне қарай сөзсіз алға жылжи беретінін және бұл үр­дістің тоқтаусыз екенін білдіреді.

Үшіншіден, Конституция осы биік мақсатқа жетудің тәсілдерін айқындайды. Конституцияның 1-бабының 2-тармағында бекітіл­ген Республика қызметінің түбе­гейлі қағидаттары: қоғамдық келі­сім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздей­тін эко­номикалық даму, қазақ­стандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселе­лерін демократия­лық жолдармен, соның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру ар­қылы шешу осы тәсілдерге тікелей меңзейді. Мем­лекеттік саясат та осы амал­дарға сәйкес құрылып, іске асырылып, тәуелсіз Қазақстан­ның өмір сүруінің сара жолы қалып­тасады.

Құқықтық мемлекет қоғам­мен, азаматтық қоғаммен қабат­тасып қана өмір сүре алады. Өз ке­зегінде азаматтық қоғам құ­қық­тық мемлекет болмаған жерде толыққанды дами алмайды. Сон­дықтан бәріміз де, бірінші кезекте мемлекеттік қызметшілер, Негізгі Заңның әрбір қағидасы мен әр сөзіне жауап бере­тін консти­туциялық тағылым қа­лып­тасуы үшін қажетті барлық жағ­дайды жасауымыз, конститу­ция­­лық нор­малардың күнделікті іске асырылып, бірізділікпен қол­да­нылуын қамтамасыз етуге тиіс­піз.

Республика Президенті қайта-қайта атап өткендей, еліміздің Ата Заңы біздің биік мұратымыз – тәуелсіз, экономикалық дамы­ған, әлем қауымдастығына етене кіріккен, азаматтарының әл-ауқат­­ты өмір сүруі қамтамасыз етілген мемлекет құру жолын­дағы аяқ алысымызды реттейтін түбегейлі құжат болып табылады.

– Салмақты да салиқалы әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».