10 Наурыз, 2010

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШЫЛДЫ

892 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қаржы министрі Болат Жәмішев бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ Жамбыл облысында болды. Топтың мақсаты – Президенттің Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды елге жете түсіндіру мен оны жүзеге асыруға атсалысу болып табылады. Елбасының биылғы Жолдауы 1997 жылы жарияланған “Қазақ­стан-2030” Стратегиясының алғаш­қы онжылдығының қорытынды­ла­рын белгілеп бергені белгілі. Ендігі меже ­– еліміздің алдағы онжыл­дық­тағы тұрақты дамуын қамта­ма­сыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. – Бұл ретте Президент даму­дың негізгі басымдықтарын ай­қын­дап берді. “Жол картасы” шең­бе­рінде Жамбыл облысы бойынша 6 182,7 млн. теңге бөлініп отыр. Атап айтқанда, мектептерді, ауру­ха­наларды және басқа да әлеумет­тік нысандарды күрделі және ағым­дағы жөндеуге – 904,5 млн. теңге, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалар мен елді мекендердің көшелерін жөндеу және ұстауға – 1 679,6 млн. теңге, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға – 724,5 млн. теңге, инженерлік-ком­муникациялық инфрақұрылымды жөндеу және қалалар мен елді мекендерді абаттандыруға – 54,8 млн.теңге, инженерлік-коммуни­ка­циялық инфрақұрылымды дамыту және қалалар мен елді мекендерді абаттандыруға – 1 860,5 млн. теңге, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдар­ла­масын кеңейтуге – 648,0 млн. тең­ге, кадрларды даярлау және қайта даярлауға – 310,8 млн. теңге қа­рал­ды, деді министр. Оның ай­туын­ша, облыс бойынша денсау­лық сақтау нысандарының құры­лы­­сына да біраз қаржы қарасты­рылған. Президент Жолдауындағы тап­сыр­малардың бірі – адам капи­та­лын арттырып, болашаққа инвес­ти­ция салу. Министр, осыған орай, Үкі­мет бюджеттен әлеуметтік са­лаға бөлінетін қаражатты көбейтіп және оның дұрыс пайдалануын ба­қылайтын болады, деді. Қазақ­станның аумағында еңбек етуге келген бұрынғы азаматтар мен елі­міздің жайсыз аудандарында тұрып жатқан азаматтар болып табылатын этникалық иммигранттарды жай­лас­тыруға қатысты “Нұрлы көш” бағдарламасының іске асырылып жатқаны туралы да атап өтті. Бұл игі іс-шара этникалық және ішкі иммигранттардың елеулі бөлігінің өмір сапасын арттыруға, Қазақ­стан­нан бұрын көшіп кеткен жо­ғары білікті мамандардың қайтып оралуын ынталандыруға, сондай-ақ жұмыссыздықпен және жаппай көшу қиындықтарымен байланыс­ты әлеуметтік тәуекелдердің туын­дауының алдын алуға, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді нығай­туға, еліміздегі демографиялық жағ­дайды жақсартуға мүмкіндік береді, деді ол. Министр сапар барысында об­лыс орталығындағы жоо оқыту­шы­лар құрамымен, студенттермен, ірі кәсіпорын жұмысшыларымен, облыстық аурухана ұжымымен және облыс активімен кездесті. Аза­маттарды жеке сұрақтары бой­ынша қабылдады. Аудандарда болып, халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Жамбыл облысы. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.