07 Наурыз, 2012

Өгей деуге аузым бармайды

449 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Өгей деуге аузым бармайды

Сәрсенбі, 7 наурыз 2012 8:01

Мен сіздерге шиеттей 9 баланы аялап өсірген анамыз Бәтен жайлы айтсам деп едім. Иә, ол кісі мейірімді, жаны жібек жан еді. Ешқайсымыздың маңдайы­мыз­дан шертпей, туған анамыздай бауырына бас­ты. Сіздерге түсінікті болу үшін бұл әң­гі­мені басынан бастайын. Өз анамыз тым ерте дүние салды. Әкеміз Мүтәш Сыз­ды­қов сөйтіп, 9 баламен тағдырдың талқы­сын­да қала берді. Сол кезде ең кі­ші­міз не­бәрі бір жарым жаста ғана болатын. Бала­­ның үлкені мен. Үлкені деген атым ғана. Әйт­песе, бастауыш сыныпта оқитынмын. Әри­не, мен шама-шарқым келгенше әке­ме сүйеу болуға тырыстым.

Сәрсенбі, 7 наурыз 2012 8:01

Мен сіздерге шиеттей 9 баланы аялап өсірген анамыз Бәтен жайлы айтсам деп едім. Иә, ол кісі мейірімді, жаны жібек жан еді. Ешқайсымыздың маңдайы­мыз­дан шертпей, туған анамыздай бауырына бас­ты. Сіздерге түсінікті болу үшін бұл әң­гі­мені басынан бастайын. Өз анамыз тым ерте дүние салды. Әкеміз Мүтәш Сыз­ды­қов сөйтіп, 9 баламен тағдырдың талқы­сын­да қала берді. Сол кезде ең кі­ші­міз не­бәрі бір жарым жаста ғана болатын. Бала­­ның үлкені мен. Үлкені деген атым ғана. Әйт­песе, бастауыш сыныпта оқитынмын. Әри­не, мен шама-шарқым келгенше әке­ме сүйеу болуға тырыстым. Алайда, екеу­мізге соншама баланы бағып-қағу, үйдің, сырттың тірлігі өте ауыр тиді. Сондай бір қиналысты сәтте мен бала болсам да «әке, сіз үйленсеңіз қайтеді» деппін де мойнынан құшақтап жылап жіберіппін. Ол ме­­­нің қатты қиналып жүргенімді түсінді. Көп ұзатпай ол мүлде бейтаныс адамды, Бә­­­­тен шешемізді үйге ертіп келді. Әрине, біз оған оңайлықпен үйренісе кеткеніміз жоқ. Алайда, ол бағымызға қарай өте ақылды, кеңпейіл, мейірімді адам болып шықты. Әкем екеуі қашанда бір сөзді болды. Тіпті ол бірқатар мәселелерді баласынбай, біз­­­бен кеңесіп, ақылдасып ше­ше­тін еді. Бір сөзбен айтқанда, 9 жетімекке ана да, пана да бола білді. Бәрімізді жадатып-жү­­дет­­­пей, қатарымыздан кем қылмай, ұлды ұя­ға, қызды қияға қондыр­ды. Әкемізбен 43 жыл отасып, оның жанына жалау бола білді. Әкем қайтқаннан кейін де ол әл­де­кім құсаған жоқ. Өзі өмірден қайтқанша шаңырағымыздың отын өшірмеді.

Кейіннен естіп жатырмыз ғой, сонау жылдары абысындарының бірі оған мақ­­­танып, «біздің баламыз, міне, 10 пәшке шәй беріп жіберді» деген көрінеді. Сол кезде біздің анамыз «менің балам өткенде сол шәйдің 50 пәшкесін жіберіпті. Міне, ауыз тиіңдер» – деп әлгі абысындарына ба­ла­сының беріп жіберген сәлемдемесі ре­тін­де шәй үлестірген көрінеді. Сонда өз ба­лалары үшін оның да мақтанғысы кел­гені ғой… Мен үйдің үлкені болған соң, тәрбиеме де айрықша көңіл бөліп, ұдайы ақылын айтып отыратын. Мойныма басы артық жұ­мыс жүктеп, шаруаға көп жек­пей­тін. Екеуміз кей кезде түннің бір уағы­на дейін сырласып отыратынбыз. Сол күн­дер­ді мен қалай ұмытамын. Серік ініміз қайт­­­қан кезде анамның күйзелгенін көрсе­ңіз ғой. Менен кейінгі Роза деген сіңлімді де ол өзгеше жақсы көретін. Оның қыз­ме­ті көтерілген кезде анамыз қандай қуанды десеңізші. Шешесі қайтыс болғанда бір жарым жастағы Дәния дімкәстау болып өсті. Оны да аялап өсірді. Ол бізді адам қатарына қосумен қатар адал болуға тәр­­биеледі. Әрқайсымыздың шаңырағы­мыз шайқалмасын деп тіледі. Ең үлке­німіз Бауыржан Омбыдағы ауылшаруа­шы­лық институтын бітірген болса, Бектай Қара­ғандының сауда институтын тә­мам­дады. Ал мен әлеуметтік салада педагог-психолог болып еңбек еттім. Серік көп жылдар бойы темір жол қызметкері бо­лып істеді. Дәулетай мен Тимур ауыл шаруашылығы саласында еңбек етсе, Болат құрылысшы-прораб болып жұмыс істеді. Сөйтіп, бәріміз ана еңбегін ақтауға тырыстық.

Әкеміз қайтыс болғаннан кейін де біз қарашаңырақта отырған анамызды сағы­нып, үйге жиі баратын едік. Ол да біздің кел­генімізге жүрегі жарыла қуанып, балаларыма деп сақтап қойған тәтті-дәмдісін алды­мызға тосып, маңдайымыздан иіс­кеп, мәре-сәре болып қалатын. Сол анамыз дүние салғанда біз де қатты қай­ғы­р­­дық. Осы күні де әкеміз бен екі анамызға да дұ­­­ға оқу әдетімізге айналған. Иә, екі анамыз деген сөзді мен жаңылыс айтып отыр­­­­­ғаным жоқ. Мұндай мейірімі мол дана әйелді өгей деп айтуға аузымыз бармайды.

Енді осы жәйтті неге айтып отыр дегенге келсек, өзгелерге осы айтылған әңгі­­ме ой салса кәне деген ниетпен жазып отырмын. Иә, өмірдің бар мағынасы да біреуді бақытты ету ғой. Ол біздің көз жасымызды құрғатып, шын мәнінде 9 жетімекке ана бола білді. Шіркін, осындай мейірбан әйелдер қатары көп болса, ешкім жетімдік зарын тартпас еді-ау!

Мәнсия ҚУАНДЫҚОВА.

Ақмола облысы,

Степногор қаласы.