07 Наурыз, 2012

Қауіп әлі сейілмей тұр

347 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қауіп әлі сейілмей тұр

Сәрсенбі, 7 наурыз 2012 8:16

Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздің ең жылы ай­мақ­тарының қатарына жатқанымен, кейде сол жылы мінезінің өзіне қиын болып тиетін сәттері бар. Биыл қар Қазақстанның барлық өңірлеріне көп жауды. Мезгілімен ақырындап ерісе, тосын жағдайлар аз болар ма еді. Бір­ақ, Арқада ақырған аяз түкі­рі­гіңді жерге түсірмей қатырып жатқан­да, Оңтүстіктің күні мейірленіп, жайма-шуақтанып тұр­ды. Содан сай-сала, қолат-қо­лат­тағы қар ері­ді. Табиғат-ана ақпанның ор­та­сында-ақ жас босанып, қалжа жеп борша-борша терлеген келіншектей бусанды. Іле күліп тұрған күн ара-арасында қабағын шытып ала қойып жатты.

 

Сәрсенбі, 7 наурыз 2012 8:16

Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздің ең жылы ай­мақ­тарының қатарына жатқанымен, кейде сол жылы мінезінің өзіне қиын болып тиетін сәттері бар. Биыл қар Қазақстанның барлық өңірлеріне көп жауды. Мезгілімен ақырындап ерісе, тосын жағдайлар аз болар ма еді. Бір­ақ, Арқада ақырған аяз түкі­рі­гіңді жерге түсірмей қатырып жатқан­да, Оңтүстіктің күні мейірленіп, жайма-шуақтанып тұр­ды. Содан сай-сала, қолат-қо­лат­тағы қар ері­ді. Табиғат-ана ақпанның ор­та­сында-ақ жас босанып, қалжа жеп борша-борша терлеген келіншектей бусанды. Іле күліп тұрған күн ара-арасында қабағын шытып ала қойып жатты.

Сөйтіп, қар жауып тұрып жаң­­бырға, ал жаңбыр жауып тұ­рып қарға айнала салатын болды.

Соның салдарынан ақпан ор­та­сында Арыс, Отырар, Орда­ба­сы аудан­дары мен Шымкент қала­сын­дағы 25-ке жуық елді мекендерді қарғын су басып қалды. Сайрам­да­ғы Жаңаталап ауы­лы­ның орта­лық­пен байланыстырып тұрған көпірін тасқын  жұлып кет­се, Түркістан қа­ласындағы Шаға ауылы су тұт­қынында қалды.

Төтенше жағдайларды жою­ды және оған мониторинг жүр­гізуді  қамтамасыз ету мақ­са­тында 13 ақпанда облыс әкімі Ас­қар Мыр­захметовтің тапсыр­ма­сымен об­лыс­тық штаб құ­рылған болатын. Ол бүгінгі таң­да тынбай  жұмыс жасап жа­тыр. Күрделі жағ­дай­ларға байланысты аталған штаб­тың құрамына тиісті басқар­ма­лар енген. Осы сынды жедел топ­тар сон­дай-ақ облыстың барлық қала, аудандарында құрылған. Әр аудан, қала, ауыл округтері әкімдікте­рін­де 24 сағаттық кезекшілік ұй­ым­­дастырылған.

Әкімдіктер мен мердігер меке­ме­лердің арасындағы келісім-шарт­тарға сәйкес, апатты жою жұмыс­та­ры­на 7000-ға жуық адам, 700-ден астам техника тартылды. Су алған аулалардағы суды тарту мақса­тын­да Мемлекеттік материалдық резерв комитетінен тағы да 14 мото- сорғы  жеткізіліп отыр.  Бұдан бө­лек, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан, қала әкім­діктері тарапынан нақты іс-шара жоспары әзірленген. Жаңадан 13,8 шақырым дамба салынып, 19,3 шақырым жалдың жағалаулары бекітілді. 9 шақырымға жуық арық тар­тылды. 939,3 шақырым арық-атыздар тазартылды. 260 мың қап­қа құм салынып, оның біразы бү­гін­гі таңда каналдардың, арықтар­дың жағалауларына қойылған.

Бүгінде Шардара су қойма­сын­дағы су шекті мөлшеріне жетті. Оның жанын Көксарай су реттегіші сақтап тұрғандығын газетімізде жазғанбыз. Қырғыз ағайындардың Тоқтағұл ГЭС-і қыс кезінде энер­ге­ти­калық режімге көшірілетіндігі елі­міз үшін оңай болмай тұр. Ол жақ­тан Шардараға секундына 1 мың текше метрден артық су келеді. Бұрын бұл мезгілде 800 текше метрден аспайтын. Ал Арнасай тарапынан Өзбекстанның қарсы тоған салғандығы плотинаның су өткізу мүмкіндігін шектегенін де айта кетейік. Яғни, алдағы уақытта Шардара, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласының Сырдарияға жақын қонған ауылдарын су алу қаупі сейілген жоқ. Сондықтан, облыс әкімдігі тасқын бола қалған жағдайда адамдарды қауіпсіздеу жерлерге көшірудің жай-жапсарын ойластыруда.

Сарыағаш ауданының 8 ауыл­дық округі, 17 елді мекенін су алу қаупі болғандықтан, аудан әкімдігі бір ай бұрын 18 каналды тазартып, 11 қашыртқы дайындаған еді. Осын­­дай жұмыстар Қазығұрт өңі­рін­де де алдын ала қолға алынған.

Қарғын су көктем кешірек шы­ғады деген Созақ ауданында да дегенін істеп тынды.  4 наурыз күнгі жауған жаңбырдың және Қаратау бөктеріндегі еріген қардың сал­да­рынан бұл ауданға қарасты 7 елді мекенге су кірген. Төтенше жағдай орын алған күні 900-ге жуық адам қауіпсіз жерлерге, яғни туыстары­ның үйлеріне көшірілген болатын. Бүгінгі таңда қауіп сейіліп, адамдар өз үйлеріне оралып жатыр.

Қазіргі таңда ауданда жағдай бір­қалыпты. Тиісті сала маман­да­ры тарапынан арық-атыздарды бекіту, жаңадан бөгеттер көтеру  жұ­мыс­тары жүргізіліп жатыр. Ал жылда қауіп төндіретін Құрсай сайының алдын жауып, ол жақтан келетін суды Қызылкөлге қарай бағыттау жұмыстары да қолға алын­ды. Барлық тоғандар бақы­лауға алынған.

Жақында Арыс, Отырар аудан­дарына іссапармен бардық. Дала­дағы қардың көбесі сөгілген екен. Еріген жағдайда да жердің тоңы жібігендіктен, қауіп азайғандай. Себебі, су сынаптай сырғып ауыл-ауыл­ға жетіп бармай, жерге сіңуде.

Ендігі қауіп таулы аймақтарда болуы мүмкін. Қалың қар жаңа-жаңа еріп жатыр. Түлкібас ауда­ны­ның Машат ауылында Ораз арық деген канал бар. Ұзындығы 5 ша­қырым. Осыған беткейлерден еріген қар сулары ағып барып, оны  арнасынан асырып жіберді. Сон­дық­тан, бір шақырымдық қашырт­қы қазылып, қарғын суды Машат өзе­ніне бұру жұмыстары жүргі­зі­лу­де. Мұндай қауіп Тастұмсық ауы­лына да төнгендіктен, апаттың алдын алу үшін елді мекендерде  4-5 қашыртқы қазылды.

Төле би ауданының Сарқырама елді мекенінде 200-ден астам үй бар. Сайда отырған ауылдың жоға­ры жағынан ені 5 метр, тереңдігі 6 метр, ұзындығы 2,8 шақырым болатын қашыртқы салынуда. Еріген қар суы осында құйылып, Ақсу өзеніне жіберіледі. Бұған қоса, аудандағы су тасу қаупі бар 5 көпірдің жағалаулары биіктетілді. Осындай жұмыстар Сайрам ауда­нының таулы бөктерлерінде де жүргізіліп жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.