13 Наурыз, 2012

Қыз жат жұрттық па?

1993 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қыз жат жұрттық па?

Сейсенбі, 13 наурыз 2012 7:45

Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысының бір қызы шетелдік азаматқа ұзатылды. Күйеу бала Шымкентке келіп, пәтер жалдап қарындасымызбен бірге тұрды. Ата-анасы рұқсат бергеннен соң еліне алып кетті.

Махаббаттары мықты. «Егер үйлене алмасақ, ғұмыр бойы жал­ғыз өтеміз», деп серттесіпті. Жылап-еңіреп отырған қызы­­­­ның көз жасына көңілі жібіді ме, кім білсін, анасы ақыры батасын берді. Алыстағы қарын­дас­тың ахуалын біле алмадық, алайда қазір шетелдіктерге кү­й­еу­ге шы­­­­ғуға құмар қыздар кө­бейіп кет­кені жасырын емес.

 

Сейсенбі, 13 наурыз 2012 7:45

Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысының бір қызы шетелдік азаматқа ұзатылды. Күйеу бала Шымкентке келіп, пәтер жалдап қарындасымызбен бірге тұрды. Ата-анасы рұқсат бергеннен соң еліне алып кетті.

Махаббаттары мықты. «Егер үйлене алмасақ, ғұмыр бойы жал­ғыз өтеміз», деп серттесіпті. Жылап-еңіреп отырған қызы­­­­ның көз жасына көңілі жібіді ме, кім білсін, анасы ақыры батасын берді. Алыстағы қарын­дас­тың ахуалын біле алмадық, алайда қазір шетелдіктерге кү­й­еу­ге шы­­­­ғуға құмар қыздар кө­бейіп кет­кені жасырын емес.

Мұны біз өркениеттің өл­­­­шем­­­­ді өрісі тұрғысынан қарастырғалы отырған жоқпыз. Басты гәп қыздарымыздың бай­­­лық пен атақ үшін бәрін де тас­­­­тап жүре беретінінде. Сонда ұлт­­­тық намыс, ата-бабалар салт-дәстүрі қайда қалмақ?

Ги де Мопассанның «Жезөк­­­ше» атты патриотизмге толы әңгі­месі бар. Кәдімгі жезөкше. Ол үшін қалтасы қалың адам болса жеткілікті. Тегіне, жасына қарамайды. Күндердің күнінде кезекті клиентін күтіп отырған­­да екі ел арасында көтеріліс бұрқ ете қалады. Жаңағы жез­­­өкше де бәрін тастай салып, ұлт намысы үшін қолына ту ұстап, көтерілісшілер қатарына ұран­­­да­­тып қосылып кетеді. Өзінің кіндік қаны тамған жерді, отанын, атамекенін қорғауға жұрт жиіркене қарайтын жезөкше де жанын пида ете алады екен. Мұ­ны енді ұлтжандылық, ел­­­­жан­­дылық, отансүйгіштік де­­мес­ке та­ғы да шара жоқ. Отан-Ана ша­­­­­­­қырғанда ешкім де сылтау-себеп айтып, үйінде бұқпан­­­­тайлап қа­ла алмайды. Рух мық­тылығы деген осындай-ақ болар.

Біздің қазақ қыздарында осы рух мықтылығы, ұлттық намыс қай дәрежеде? Әрине, барлы­­ғына бірдей топырақ шашудан аулақпыз, бірақ көрінгеннің қо­лындағы қуыршағы болып жүр­ген кімдер? Қазақтың қаракөз­дері. Қайсыбіреулердің айтуынша, мына Алматының өзінде ғана бір жылдың ішінде 300-ге жуық қазақ қызы қытай азаматына тұрмысқа шыққан көрі­неді. Бүгінде елімізде 30 мың­нан астам қытай азаматы тұра­ды екен. Өз елінде адам өсімін шектеу туралы саясатқа байланысты отбасында бір баладан артық перзент сүйе алмайтын­дықтан, Қазақстанның ыстық құшағына келіп құлаған құдайы қоңсыларымыз қарындаста­ры­мызға қырғидай тиіп жатыр. Тұрақты тіркелу үшін олардың кемпір болса да жар етіп алудан тайынбайтынын біз бүгін естіп жүргеніміз жоқ.

Алматыдағылар енді әке-шешелерінің, бауырларының ортасында шығар. Ал шалғай, жер шарының басқа түкпір-түкпі­рі­не кеткен қандастарымыздың ха­лі нешік?

Қалқатайлар қорықпасын, бі­рер мысал қарастырайық. Был­тыр «Болашақ» бағдарламасы бойынша Австралияда оқып жүр­ген 22 жастағы Сағынай деген қызды азаматтық некедегі күйеуі пышақтап өлтірді. Оның денесі 1 қазан күні Австралия­ның Бристен қаласынан табылады.

Сағынайдың сүйіктісі Тай­­ландтың тумасы болып шықты. Ол азаматтық некедегі келін­ше­гіне өлтіргенге дейін де талай зорлық-зомбылық көрсеткен кө­рінеді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі оның соңында қал­ған үш айлық нәрестесін наға­шыларына әпере алмай көп әуреленді. Сағынайдың анасы шетелде қызынан қалған қара­шығын бауырына басқысы келген. Тайдан тараған жиен туыс болып кетсе жарады. Ме­нің өз елім бар деп ертең жер тепкілеп отырса ше?!

Күні кеше «КТК» телеарнасынан көңіл күңірентерлік тағы бір келеңсіздікті құлағымыз шал­ды. Палестина азаматы Қа­зақ­станға кәсіп іздеп келіп, 18 жыл бойы тұрыпты. Фатима деген қызға үйленіп, бір ұл, екі қыз сүйіпті. Жұптары «жарас­қан» интернационал отбасының жұбайлық ғұмырлары осылай жалғаса берер ме еді, кім білсін, таяуда күйеу жігіт табан астында түс көргендей бұзылып сала берген.

– Анам ауырып жатыр екен, барып көңілін сұрап қайтайын, – депті ол құдай қосқан қоса­ғына.

Анасы ауырып жатса, оның жолына кім кесе-көлденең жатып алады. «Барып кел, бізден сәлем айт», деп Фатима ханым қала береді. Екі қызын анасы мен туыстарына көрсетіп қайт­пақ болған күйеу сол кеткеннен мол кетеді. Палестинаға бару үшін екі рет жолға шыққан Фа­ти­маның тауы шағылып кері қайтқан. Сөйтіп, айдың, күннің аманында Фатима бауыр еті балаларынан тірідей айрылып отыр екен.

Енді алыс Америкадағы тағы бір оқиға еске түсіп отыр. Осында оқу іздеп келген бір қызымыз азаматтық некедегі күйеуіне болысамын деп адам өлтіруге қа­тысып, ақыры түрменің төрінен бір-ақ шықты. Сондағы азама­т­тық некедегі оның күйеуі өзінің көңілдесін өлтірген. Біздің қыз соны көмуге күрек әкеліп берген. Сол күрек кесір болып кезі­гіп, темір тордың азабын айтар­лық­тай тартып жатқан сияқты.

Осыдан 15-16 жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысында тәп-тәуір қызмет істеп жүрген Луиза деген көгілдір көзді күлімкөз интернет ар­қылы шет елден сыңар тауыпты деп естігенбіз. Көп ұзамай-ақ ол үй-жай­ын сатып Австра­лия­­ға жедел аттанды. Артынша «бақытты­­­мын» деген хабары келді. Кү­йе­уі оған шет­­­­елдік сүлік­­тей автокөлік мінгізіп қойыпты. Осы тұста біз­ге шетелдік көлік таң­сық болды-ау шамасы, әлгі суретке сұқ­та­на, қызыға, құмар­­та қа­расты қаракөз қа­рын­дастарымыз. Сірә, көп­шілігі шетелдік кү­йеуге шығуды армандап та қалды-ау деймін. Содан шығар, Луизамен бірге қызмет істеген Әбді­мә­лік Белгібаев деген жі­гіт­тен оның тағ­­дыры жайлы сұрас­­ты­рушылар көбейді. Көп­шілігі қыз-келіншектер. Сол Әб­ді­мәлік кейін­нен: «Басында Луизаның өзі де жасырып жүрді. Алайда ішқұса боп жүр екен, шынды­ғын өзі айтты. Әлгі азамат мұны шақырып ал­ғанымен, заңды некеге тұрмап­ты. Оның әйелі, ба­­­ла-шағасы бар болып шыққан. Сірә, Луиза қызметке де тұра ал­маған-ау. Олар бұл жақтың дип­­­­ло­мын мой­ындамайды дейді ғой. Иә, оның тағдыры сондай», – деді.

Енді бір қызымыз айды ас­пан­нан шығарғысы келген болар, Біріккен Араб Әмірлікте­рі­не кетті. Күйеуі шіріген бай дес­­ті. Анау деді, мынау деді. Со­ңы­ра білдік, бұл қызымыздың да маң­дайының бағы ашылмапты. Мұн­да күң ретінде ұстайды екен. Ал зәулім сарайда әлгі шейх әйелімен, бала-шағасымен тұрады деседі. Алдамшы сезім­нің арбауына түскен қарындас­тарымыздың тағдыры тым аянышты көрінеді.

Иә, өз ұлтыңдай қайдан болсын. Жат жұрттың тілі де, діні де, әдет-ғұрып, салт-санасы да бас­қа. Оларды толық меңгеріп ал­ған­ша шыдам да шағылады. Екін­шіден, олар жатжұрттық се­ні қалай қабылдайды. Келімсек күйеу қолына қондырғанша, діт­тегеніне жеткенше уәдені үйіп-төгіп аямай берер. Қазақстаннан қақпайлап алып кеткеннен соң оның көз жасыңды көруі екіта­лай емес пе?!

Қазақта төркін деген бар. Қыз сол төркінге жиі барып тұруы тиіс. Шалғайда, өз ортасынан жы­­­­рақта мұңын кімге барып ша­­­ғады? Кімге сырын айтады? Шалқыған дәулет пен жайлы тө­сек үшін арланбастан шетелдік­тің жетегінде кететін күлімкөз­де­ріміз неге осыны ойламайды?

Арыға ұзамайық. Мына ала шапанды көршілерге кеткен бір қарындасымыздың жайы да мәз емес. Отырса опақ, тұрса сопақ, күн көрсетпеген. Тіпті қол көтерген. Жап-жас келіншектің соққыдан миы шайқалған.

Міне, «қандас, тамырлас, туыс» деп барған жеріміздің өзі осындай. Басқалар бойжет­кен­де­рімізді қаншалықты бақытты ете алады? Басқа жұрттың бо­са­ғасынан бойжеткен бөтен қораға кіріп кеткен қой сияқты теперіш көреріне талас жоқ. Жігітті жақ­сы көріп жар болғанымен, түп­тің түбінде ұлтына деген сағы­нышы оянып, ғұмыр бойы жүзін мұң кіреукелеп өтерін кім де болса жақсы сезінсе дейміз.

Сабырбек ОЛЖАБАЙ.

ШЫМКЕНТ.