Команда есебі табылған амал ма?
Сейсенбі, 3 сәуір 2012 8:20
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білдей мекемеге білікті деп тағайындаған азаматтардың бара салып өз командасын жинайтынын әлденеше рет сынға алған еді. Бірақ тізгін-шылбырды қолға ала салып, бар билік менде деп төңірегіне тамыр-танысын, жақын-жұрағатын, тағы басқаларды жиятындар айылын тартар емес. Ел көріп, біліп отырса да Президент сөзін сырттай қабылдағанмен, ішкі есептерінен жаңылмай келеді.

Біз кейде өзімізде бар жұмысшыларды әкеледі деп шетелдіктерге реніш білдіретініміз бар. Ал біздің «командашылар» қазір олардан кем соғып жүрген жоқ. Мекеме қожайыны кетеді екен десе, ондағы қызметкерлердің үрейі ұшады. Жаңа басшы келгеннен бастап жұмысымда қалдыра ма әлде сырғытып жібере ме деп әрі-сәрі күй кешеді. Мұндайда іс оңа ма? Бірін кетіріп, бірін келтіріп жүріп өзі тайып «жығылатын» басшылар да жоқ емес. Ең бастысы – әлгі кеткендер мен келгендердің білігі Елбасының биылғы Жолдауында айтылғандай: «…білімі мен кәсібилігі, жоғары моральдық сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұмысының табыстылығы өлшемдері» талапқа сай ма дегенді саралап көретін уақыт жеткен секілді.
Мысалы, бір мекеменің, не жоғары оқу орнының басшысы ауысса, алып кел, барып кел дейтін «қолбаласынан» бастап, төңірегі түгел «жаңарып» шыға келеді. Бұл жерде қол иініне тартатын басшы мен ертіп жүретін «қосшыларының» ішкі бақайесептері де жататынын екінің бірі біледі. Бұл Алла алдында алалау, обал-сауап бар ғой демеу, өз «командам» деп еріп келгендерге толықтай жағдай жасау, осы ретте, тіпті, әкеле салып үй беру – санаға сыймайтын іс. Ал ең қиыны, сондайлардың кесірінен Елбасы айтқан, мәселен, қолжетімді баспанаға нақты мұқтаж жандардың кейінге ысырылып, үкілеген үміті желге ұшатыны өкінішті-ақ.
Сабан астынан су жібергендей, кейбір басшылардың аз жұртты осылайша алалайтынын ешкім жоққа шығара алмас. Осы бір келеңсіздікті көргенде, команда – есебі табылған амал ма деуге тура келеді-ақ.
Сүлеймен МӘМЕТ.