10 Қазан, 2012

Мақсат – орман алабының тиімділігі мен сапасын арттыру

526 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Мақсат – орман алабының тиімділігі мен сапасын арттыру

Сәрсенбі, 10 қазан 2012 7:06

Планетамыздың 1,6 миллиард тұрғынының табысын қамтамасыз ете отырып ормандар дүниежүзілік экономикада аса маңызды орын алады. Халқымыз «Қалың елім қазағым, қара орманым» демекші, ол экономикалық тиімділікті ғана емес, маңызды әлеуметтік және мәдени қормен де қамтамасыз етеді. Өсімдіктер мен жануарлардың төрттен үш бөлігінің тіршілік ортасы саналатын орман әлемі халықтың елеулі бөлігінің жұмыс көзі және ырыс-берекесі. Сондықтан, республика аумағының небары 4,5 пайызын құрап отырған қымбат қазынамызды қорғау, оның шеңберін мейлінше кеңейту өткір мәселе күйінде толғандырады.

Сәрсенбі, 10 қазан 2012 7:06

Планетамыздың 1,6 миллиард тұрғынының табысын қамтамасыз ете отырып ормандар дүниежүзілік экономикада аса маңызды орын алады. Халқымыз «Қалың елім қазағым, қара орманым» демекші, ол экономикалық тиімділікті ғана емес, маңызды әлеуметтік және мәдени қормен де қамтамасыз етеді. Өсімдіктер мен жануарлардың төрттен үш бөлігінің тіршілік ортасы саналатын орман әлемі халықтың елеулі бөлігінің жұмыс көзі және ырыс-берекесі. Сондықтан, республика аумағының небары 4,5 пайызын құрап отырған қымбат қазынамызды қорғау, оның шеңберін мейлінше кеңейту өткір мәселе күйінде толғандырады. Бұл орайда, Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына жүктелген міндет те салмақты. Біз құрылғанына 55 жыл толып отырған ғылыми орданың басшысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Болат МҰҚАНОВТЫ сұхбатқа шақырып, мекеме қызметінің негізгі бағыттары жайында әңгімелеп беруін өтінген едік.

БолатМәжитұлы, институттың 1957 жылыАлматыдақызметбаста­ғанынбілеміз. Арағаекіжылсалып, олБурабайғакөшірілді. Сондағымақ­сатнежәнемекеменіңтарихынанхабардаретсеңіз?

– Бурабайға қоныс аударудың үлкен маңызы бар. Яғни, институт өзінің негізгі зерттеу нысандарына жақындай түсті. 1959-1964 жылдар аралығында Қазақстанның әрқилы табиғи аймақт­а­рында алты тәжірибелік стансалар құ­рылып, ғылыми жұмыстардың ауқымы кеңейді. Осы кезеңде, қызмет тиімді­лі­гін арттыру мақсатында, бірнеше құры­лымдық өзгерістер іске асырылды. Рес­публика Үкіметінің қаулысымен 1989-1992 жылдары «Орман» ғылыми-өнді­рістік бірлестігі құрылып, 2002 жыл­дың желтоқ­санында ҚР АШМ құра­мын­дағы ғылы­ми-өндірістік орталық атандық. Ал, 2007 жылы «ҚазАгро­Ин­но­­вация» АҚ құрамына ендік. Қазіргі таң­да еліміздің барлық аймағын қамтитын үш ірілен­дірілген филиалымыз бар. Бас кәсіп­орын бес секторға бөлінетін 3 ғылыми бөлімді, экологиялық мониторинг зертханасын біріктіріп, дендробақ пен арбо­ретумның қызметін үйлесті­­­ре­ді. Институтта үш ғылым докторы, 16 ғылым кандидаты жұмыс істейді.

Өткен 55 жыл мерзімде институт бас­­шылығында маған дейін 5 азамат бол­ған. Бұл ғылыми орданың жоғары әле­уеті мен біліктілігін, ұжымның ұйым­шыл­дығын, жүктелген міндет­тер­дің ой­дағыдай атқарылып отырылға­нын аңғар­тады. Бүгінгі мерекелі күні алғашқы директор П.Чабан, одан ке­йін­гі С.Успенский, А.Прохоров, А.Макаренко, В.Костромин сияқты ірі ғалым­дарымыздың есімін құрметпен еске аламыз. Біз де осынау өрісті өнегелерді заман талабына сай жалғастыруға мүдделіміз.

Орманшаруашылығыныңсан-са­лалықызметіндежаңағылымиәзір­лемелерменалдыңғықатарлытех­но­логияларғаайрықшаназараударылады. Осығанбайланыстыөн­ді­рістіғылымижетістіктерменқам­та­масызетужәнежоғарыбіліктімамандардаярлауісіндежетекшіинс­титуттыңмақсат-міндеттеріқандайболмақ?

– Институттың негізгі міндеті – орман шаруашылығын жүргізудің ғылы­ми негіздемелік жүйесін қалыптастыру және Қазақстанның әртүрлі табиғи ай­мақтарында ландшафттық құрылым­дағы қорғаныштық орман өсіру. Елі­міз­дің орман қоры мен экологиялық апат аймақтарындағы (Балқаш өңірі, Арал теңізінің құрғаған жерлері) агроорман­мелиорациялық қызметтің тиімділігін күшейту, көгалдандыру мақсатындағы алқа ағаштар түрін көбейту мен оның жерсінуін қамтамасыз ету жұмы­сы­мыз­дың басты арналарын құрайды.

Өндірістің барлық негізгі бағыттары мынадай зерттеулермен қамтылған: ормантану және орман өсірушілік, абори­гендік ағаш және бұта түрлерінің селекциясы, жаңа тұқым шығару, бола­шағы бар интродуценттер енгізу, өскін­дер түрінің тектік қорын сақтау, әртүрлі санаттағы жерлерде орманды ұдайы ұлғайту және ағаш өсіру, орманды зиянкестер мен аурулардан сақтау, сон­дай-ақ өрттен қорғау жұмыстарын тиім­ді технологиямен қамтамасыз ету.

Осы жерде, сұрағыңызға жауап то­лық болуы үшін соңғы бес жылда сала қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақ­сатында аймақтық 200 семинар өткі­зілгенін, оған 400-ден астам тың­дау­шы қатысып, сертификат алғанын атап өт­кім келеді. Өз қызметкер­лері­мізге келсек, 2010 жылы ғана бір док­торлық, үш кандидаттық диссертация қорғалды. Бү­гінгі күні Ресей аспирантураларында екі адам оқып жүрсе, бес жас ғалым магис­тратураларда білім алуда. Сондай-ақ, 2010-2012 жылдары 12 қызметкеріміз алыс және жақын шетелдерде тәжіри­белік сынақтан өтті. Мамандарымыз ха­лықаралық және рес­публикалық деңгей­дегі симпозиумдар мен форумдарға бел­сенді түрде қа­ты­сып, өзекті тақы­рып­тарда ғылыми ең­бек­­тер жазуда. Жалпы, институт ғалым­да­рының 90 құжаты авторлық құқық тү­рінде қор­ғал­са, соңғы жылдары қара­ғай тұқым­дарын зерттеуге қатысты 7 авторлық куәлікке, 7 патент пен 1 инно­вациялық патентке ие бол­дық. Жария­ланған ғы­лы­ми еңбектердің саны 330-дан асады.

Бәрекелді! Мұның астарында толайым еңбек жатыр. Әйткенмен, қол жеткенді қарапайым тілмен нақ­ты­лай көрсетсеңіз деп едік.

– Ғылыми зерттеулер 46 тақырып­тан бастап, басым бағыттағы ауқымды іс-шараларды қамтиды. Салалар бо­йынша мейлінше қысқартып айтсақ, сүрек діңділердің өнімділігін болжау­дың ғылыми негіздемесі, олардың құ­рамы және шығу тегі, қарағай мен қайың бүршіктері қорына есеп жүргізу бойынша ұсыныстар, орман байлығын пайдалану өлшемін жетілдіру, ормандарды қайта түлетуді кезеңдер бойынша реттеуге бағытталған ұсыныстар дайындалып, қолданысқа енгізілді.

Селекция, тұқым шаруашылығы, ин­тродукция және тектік қорды сақтау саласында оннан астам негізгі орман құраушы және сирек кездесетін түрлер­дің (қарағай, майқарағай, шырша, бал­қа­рағай, сексеуіл және т.б.) тектік қо­ры­ның ақпараттық банкі әзірленді. Әкім­шілік аймақтар бойынша аудан­дас­тыруға тиімді тектік қорлардың түр­жиынтығына қатысты ұсыныстар мен технологиялық ақпараттар дайындалды. Нақтылай түссек, Солтүстік Қазақ­стан үшін 200-ден астам түрлер, оның ішінде орман шаруашылығы үшін – 42 түр, қорғаныш орман өсіру үшін – 70, плантациялық мақсатқа 41 түр ұсы­ныл­ды. Біздің зерттеулеріміз бойынша, Батыс Қазақстанда (Жәнібек стационары) интродуценттердің 153 түрінің 54-і жақ­сы, 73 түр қанағаттанарлық жағдайда екендігі анықталды. Яғни, қазір осы ба­ғытта мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Көңіл өсірерлік жетістіктер қатары­на, 8 жылдық еңбегіміздің нәтижесі бойынша, желегі пирамидалдық түрдегі қарағайдың теңдессіз әрі өте әсем мор­фотүрлері сынақтан өткізіліп, «Бұлан­ды» және «Сымбатты қарағай» сорт-клондарын алуымызды айтуға болады. Сондай-ақ, «Бурабай-30», «Ұрым­қай-­38», «Ұрымқай-53» тұқымды қарағайларға сұраныс айрықша жоғары. Бұлардан кү­тілген нәтиже 20 жылдық байқауда орташа алғанда биіктігі бойынша 20 пайыздан, диаметрі – 16 және сүректің ұсақ тауарлық қоры бойынша 58 пайыздан асып түсті. Институтымыз 2009 жылдан бастап ағаш түрлерін клонды микрокөбейту бағытында жұмыс бас­тап, боз арша мен жөке тұқымының тамырлануы мен өркен жаюына арнал­ған қоректік орталар дайындап үлгерді.

– Ел орманын ұдайы ұлғайтумен қатар оны зиянкестерден қорғау, түр­лі кеселдердің алдын алу, өрттен сақ­тау мәселесі күн тәртібінен түспей ке­ле­ді. Бұл орайда ғылыми орда не дейді?

– Орманның жанды ағзаларын қор­ғау адамзат баласының қажеттілігі жә­не басты парызы. Қазақстанның орман-далалы, далалы және шөлейт аймақ­та­рында және тұзды топырақтарында екпе ағаш­тар, қорғаныштық алқа ағаштар егу жө­ніндегі ғылыми ұсыныстарымыз күткен­дегідей нәтиже беруде. Сондай-ақ, Арал теңізінің құрғаған алабын нәр­лендіру бойынша бүкіл топырақ-гидро­логиялық шарттарды қамтитын 51 ша­қы­рымдық аумақта 26 ғылыми нысан құрылып, 400 гектарлық сынақ алаңын­да зерттеу жұ­мысы жүргізілуде. Ғалым­дарымыздың ұсынысы негізінде суармалы алқаптарда қолданылатын «СПУ-1», қорғаныштық өскіндер егуге қажет­ті «ССН-1» мәши­не­лері және сексеуіл тұқымдастарға ар­нал­ған сеялкалар жасап шығарылды.

– Елбасы Н.Ә.Назарбаев сіздердің жұмыстарыңызбен танысып, дендро­бақ пен арборетумды аралау барысында Астананың жасыл белдеуін қам­тамасыз ету жөнінде міндеттер қой­ған болатын. Осы бағытта қан­дай істер тындырылды?

– Астананы абаттандыру, оның агло­мерациялық ауқымын көркейту жалпы­халықтық іске айналды. Қысқа мерзім­де бой көтерген ғажайып қала отан­дас­та­рымыздың рухын аспандатып, ғала­мат жоспарлар түзуге жігерлендірумен қатар, әлемдік кеңістіктегі мақтаныш туы­мызды желбірете көркейтуде. Оның бір парасы жанға жайлы жасыл желе­гі­нен де көрініс табады. Елбасы Н. Назарбаев Астананың жасыл белдеуін ке­ңейтіп, оның көлемін 75 мың гектарға жеткізу тапсырмасын қойып отыр. Бұл қатал климаттағы далалық аймақта әрі орасан зор аумақта жасыл белдеу құру­дың әлемдегі ең бірінші жобасы.

Қазір 80 мың гектар алқапта жоба­лау-іздестіру жұмыстары атқарылды. Онда институттың әдістемелік ұсыныс­тары басшылыққа алынған. Ғалымда­рымыздың нұсқаулықтарына сәйкес, тұз­данудың 3 тобы іріктеліп, көгалдан­дырудың қолжетімді бағыттары айқын­далды. Сұрыптау нәтижесінде, өскін­дер тұқымының 60 түрі сынақтан өткі­зілді. Ал, 2000 жылы арнайы дендро­бақ­тың негізін қаладық. Келесі зерт­теу­леріміз қорғаныштық алқаптардағы ағаш­тың 13 түрінің мейлінше төзімді­лі­гін көрсетті. Сынақ атыздарда, құм жолақтарында, полиэтилен жаппаларымен және «қара бу» тұмшалау арқылы жүргізілді. Қолданыстағы түр мен топтың 45-71 пайызы жерсініп үлгерді.

Біз 2011-2013 жылдардағы тапсырыс шеңберінде негізгі бес жүйені қам­ти­тын басым бағыттарды басшылыққа алу­дамыз. Олардың ішінен Астана ор­мандарының табиғи жаңғыруына, қа­зір­гі көкөрім аясын күтімге алу мен сақтауға, орман зиянкестеріне қарсы шараларға, өртке жол бермеуге, аудан­дастырылған түрлер мен топтарды же­тілдіруге, тағы басқаларына қатысты ма­ңызды ізденістерді атауға болады. Мақсат – жасыл аймақ желегінің тиім­­ділігі мен сапасын арттыру, негізсіз ш­ы­ғындар көлемін азайтып, орман да­қылдарының өсіп-өнуін жақсарту.

Әңгімелескен

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы.