12 Қаңтар, 2012

Ардақты адамның аты өшпейді

930 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Ардақты адамның аты өшпейді

Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 8:04

Әр елде халқының шынайы ықыласына бөленіп, ұлтының мақтанышына айналған тұлғалар болады. Қазақ халқы үшін, елі, жері үшін бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен Дінмұхамед Қонаев сондай ардақты адам. Ол ширек ғасырға жуық билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықта болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, өнері мен мәдениетін дамыту ісінде айтулы еңбек сіңірді.

Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 8:04

Әр елде халқының шынайы ықыласына бөленіп, ұлтының мақтанышына айналған тұлғалар болады. Қазақ халқы үшін, елі, жері үшін бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен Дінмұхамед Қонаев сондай ардақты адам. Ол ширек ғасырға жуық билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықта болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, өнері мен мәдениетін дамыту ісінде айтулы еңбек сіңірді. Сондықтан да оның жарқын бейнесі бүгінге дейін үлгі-өнеге. Бүгін біз аса көрнекті қайраткерлік, күрескерлік қасиеттерімен халқының жадында қалған Димаш Ахметұлымен ұзақ жылдар тағдырлас, қызметтес болған мемлекет және қоғам қайраткері, жиырма бір жыл аупарткомның бірінші, облпарткомның екінші хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы Төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған Социалистік Еңбек Ері Вера СИДОРОВАМЕН дидарласудың сәті түскенде, ол кісінің көпшілік біле бермейтін біраз қырларына қаныққандай болдық.
– Вера Васильевна, әңгімеміздің же­лісін бүгінде аты аңызға айналған Ди­мекеңмен таныстықтан бастасаңыз.
– Димаш Ахметұлымен жеке таныс­тығым 1967 жылы мамыр айынан бас­талды деп ойлаймын. Сол жылы Қос­танай облысындағы Таран аупарт­комы­ның бірінші хатшысы болып тағайын­дал­ған едім. Көктемгі далалық жұмыстар жүріп жатқан. Мені Николаев совхозы­ның егіс даласында жүргенімде рациямен тауып алып, осы шаруашылықтың бір бригадасына облпарткомның бірінші хатшысы А.М.Бородин мен республика басшысы Д.А.Қонаевтың келе жатқанын хабарлады. Қалай болады екен деп қатты қобалжыдым. Әрине, бірінші хатшының облысқа келуі сол өңірдегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытудың ең ма­ңызды жұмылдырушы факторы болса, ал мен үшін ол кісімен танысудың жауап­кершілігі жоғары еді. Сол жылғы оның ауыл, аудан басшыларымен, еңбеккер­лер­мен іскерлік кездесуі, кесімді ұсы­ныс­тары, кеңестері, соған орай қатаң талап қою білуі – ауыл шаруашылығы өн­дірісінде басты бағыттағы жұмыстарды атқаруда үлкен көмегін тигізді.
– Димаш аға – бүкіл халыққа ор­тақ, қасиетті де қадірлі адам ғой. Ендеше, халқы, жұрты неге жақсы көрді, осы уақытқа дейін неге қадірлейді деген сауалға жауап іздеп көріңізші?
– Біріншіден, Димаш Ахметұлын ха­лық­тың бәрі білді. Жалпы ол кісіні қара­пайым адамдардан бастап облыс, кәсіп­орын басшылары, мемлекет қайрат­кер­леріне дейін көруге талпынатын. Жиындарда, кеңседе, далада болсын, қашанда бірқалыпты, еш өзгермейтін. Әр іске асқан жауапкершілікпен, ал адамдарға өте ілтипатпен, ықыласпен қарайтын. Еш­қандай тәкаппарлық, айбын көрсет­пей­тін, қара басын ойламайтын. Еңбекті бағалайтын, талантты танитын. Қара­па­йым, ашық жүзді, жұмысқа қабілетті, патриот, интернациалист-тін. Сондықтан Ди­маш Ахметұлын әлі бірнеше ұрпаққа үл­гі-өнеге болатындай дара азамат дер едім.
– Димекеңмен кездесудің өзі бір ғанибет шығар. Есте қалған әңгіме­лері­ңізден сыр шерте отырсаңыз?
– Ондай оқиғалар көп қой, бір-екеуін айтайын. Жас кезім. 1965 жылы СОКП Орталық Комитетінің ауыл шаруашы­лы­ғын химияландыру мен мелиорациялауды күшейту мәселелері бойынша пленум өт­кен болатын. 1967 жылы көктемде Николаев сов­хозында кез­дес­ке­ні­міз­де Димаш Ах­метұлы ауданнан қанша ми­нералды тыңайтқыш жет­кізілгенін сұрады. Мен аудан қоры­нан бөлін­ген санды айттым да, қанша әкелінгенін білмедім. А.Бородин мені құтқарып қалғанмен, қат­ты ұял­дым. Сосын сабырлы үн­мен: «Сіздің аупарт­ком­ның бі­рінші хатшысы бол­ға­ны­ңызға екі апта бол­са да, бұл сандарды білуі­ңіз керек еді», деді. Маған бұл ескерту өмір бойына сабақ болды. Көр­діңіз бе, ол кісі қолында сондай­лық билік бола тұ­ра, еш­кім­ді бе­де­лі­мен бас­пай­тын, бұ­йы­рып сөй­ле­мей­тін, кеміт­пей­тін жә­не еш­қашан дауыс көтер­мейтін.
Бізге өте тәжірибелі, әрі ақылман партия же­тек­шісін тыңдау өте қы­зық-тын. Солтүстік об­лыс­тарға ұлттық кадрлар дайындап, жоғары лауазымды жұмыстарға қою­ды өзі бақылап отырды.
Тағы бірде Қостанай облысына келгенде бірін­ші хатшы А.Бородинге: «Андрей, неге сіздің облыста аупарткомның бі­рін­ші хатшылық қыз­ме­тін­­де жергілікті бірде-бір ұлт өкілі жоқ?» – деп сұрады. А.Бородин үнсіз тұрып қалды да: «Қа­зақтар – ақылды халық. Олар бар­лық жер­де бас есепші, ауылдық, аудан­дық кеңестің төрағалары. Олардың бірінші хатшылыққа тағайындалмайтыны – дас­тарқан басында жайланып отырып шәйді көп ішеді. Ал астық, жем-шөп дайындау науқаны оны көтермейді», – дегені. Жауапты асықпай тыңдаған соң жәйімен: «Андрей, сен дастарқан басында көп отырмайтындарын іріктеп ал», – деді. Біраз уа­қыт­тан кейін А.Бородин бірінші хатшы­лыққа жергілікті ұлт өкілдерін қоя бастады.
Менің өмірімде мынадай да жағдай болған. 1979 жылы кеңес әйелдерінің құ­ра­мында Америкаға жол түсті. Кездесулер Нью-Йорк және Оклахома-Ситиде өтті. Сондай бір кездесуде американ­дық­тар­дың біреуі: «Сіз Еңбек Ерісіз, бір ба­сы­ңызда қаншама марапатыңыз бар, Жо­ғарғы Кеңестің депутатысыз, Қазақстан КП ОК мүшесісіз. Сізді осылай көтер­ме­леп отыратын «түкті қолыңыз» бар ма?» – деген сауал қойды. Олар Ресейде туып өскен басқа ұлт өкілінің Қазақстанда туыстары болмаса да осындай дәрежеге қол жеткізуіне сенімсіздікпен қараған ғой. Ал мен болсам: «Иә, менің «түкті қолым» бар», – дедім. Зал сілтідей тынды. Сосын: «Ол – аса мәртебелі еңбек, Қазақстан Компартиясы және оның басшысы Димаш Ахметұлы Қонаев» дедім. Маған ду қол шапалақтады.
– Қазақстанда Еңбек Ері атағын ал­ған санаулы әйелдер қатарынансыз. Бұл марапат қандай еңбегіңіз үшін берілді?
– Ол кезде Қостанай аупарткомының бірінші хатшысымын. 1976 жылғы ас­тық­ты жинап жаттық. Димекең келіп, А.Бородинмен егіндікті аралады. Егіс даласы тап-таза – арам шөптен ада. Сол жылы ауданда керемет астық шықты. Бұл шаруашылық басшыларының, ма­ман­дардың өз ісіне деген жауап­кер­ші­лі­гі­нің, техникалық база­ның жақсаруы мен механизаторлардың ше­берлігінің, ең­бек­кер­лердің ерен еңбе­гі­нің арқасы еді. Жай­қалған егінді көрген Ди­маш Ах­мет­ұлы дала батырларының ең­бегіне қатты сүйсініп, ендігі жерде қалайда астықты төкпей-шашпай жинап алудың оңай шаруа еместігін түсінді. Өйткені, ау­дандағы көлемді дәнді дақыл танап­тары­ның арасы он екі күн айырмашылықпен себілді. Бірақ ауа райының жағдайына байланысты егіс даласындағы астық жинау мер­зімі бір уақытқа келді. Сондықтан бар­лық техника және адам күші егінді дестеге түсіруге жұмылдырылды. Димаш Ахмет­ұлы агрегаттардың егін сабақ­тарын жарым-жартылай алып жатқанын көрді. Көп­теген алқаптарда егін жатып қалғандықтан жаткаларды бір бағытта жүргізе отырып, масақ көтергіштерді пай­далануға тура келді. Бір кезде Диме­кең егіннің масақты сабақтарын құ­шақ­тап тұрып: «Мемлекетке қанша астық өткізесіздер?» деді. Мен: «25 млн. пұт» деп жауап бердім. «Өте жақсы. Егер сөз­деріңізде тұрып, осыншама астық өткі­з­сеңіздер, Қазақстанға бір Еңбек Ері жұл­дызы бөлінсе, ол – сіздікі», – деді. Бас­шы­мыздың еңбегімізді жоғары баға­ла­ғанына рахмет айттым да: «Сол жұл­дыз­дың орнына аудан орталығына Мәдениет үйін салуды жоспарға енгізуді сұрауға бола ма?» – дедім. «25 млн. пұт болса, жұлдыз да, Мәдениет үйі де болады» деді. Сөйтті де, көмекшісін шақырып өтінішімді қабылдауға тапсырма берді.
Дереу іске кірістік. Рудный қаласын­дағы Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатымен келісіп, олар ауыр салмақты көліктерін жүк тиейтін қондырғы­лары­мен жіберді. Сөйтіп, олар егістік алқап­ты жалап-жұқтап, бір дән қалдырмай жинап берді. Әрине, біз де еңбеккерлердің дала қосында жұмыс жасауына барлық жағ­дай жасап, елдің бәрін шақырдық. Келген адам жылжымалы моншаға түсіп, демалып, тамақпен қамтамасыз етілді. Ең бастысы, егіс даласында астықты қал­­дыр­мау үшін адамдармен қалай жұ­мыс істеудің әдісін тауып алдық.
1976 жылдың күзінде Қазақстан ди­қан­­дарының мемлекетке 1 млрд. 100 млн. пұт астық өткізуге арналған респуб­ли­калық жиынына мен де шақырылдым. Онда Қостанай ауданы қазақстандық миллиардтың төрттен бір бөлігін, яғни 25 млн. пұттың орнына мемлекетке 39,4 млн. пұт тапсырғанын айттым. Димаш Ахметұлы қолын көтеріп, залды орнынан тұрғызды. Ұзақ ду қол шапалақтау!..
– Елбасы Н.Назарбаев: «Аса көр­нек­ті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қо­наевтың тарихтың төрінен орын алары дау тудырмайды. Диме­кең өз заманының перзенті болған тұл­ға. Қонаев есімі Қа­зақ­стан халқы­мен бірге жасары анық, ақи­қат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам», деп жазады. Сіз де «Қонаев шек­пе­ні­­нен» шыққан кадрсыз. Яғни, Ди­ме­кең ұлағатты ұстаз, үлкен тәрбиеші де ғой…
– Ол енді ақиқат. Бірде ол кісі өзіне шақырып: «Оралға облпарткомның екін­ші хатшысы болып барасыз», – деді. Ал мен: «Сізден әкем ретінде өтініп сұрай­мын, отбасым, балаларым бар. Бауыр басқан Қос­танай облысында қала берсем. Оның үсті­не облпарткомның екінші хатшысы күр­делі, әрі жауапты қызмет. Сеніміңізден шыға алмасам қайтем», – дедім. Димекең болса: «Маған бәрі де белгілі жайт, ал сен қызым ретінде, өзіңе тапсырылған мін­де­тіңді атқар», – деп жауап берді. Содан еш таныс емес облысқа баруыма тура келді. Ол облыста да бел шешпей адал қызмет жа­садым. Одан кейін Димекеңнің ұсынуы­мен Жоғарғы Кеңес Президиумы Төраға­сы­ның орынбасары болып тағайын­дал­дым. Бірақ, ол жұмысты Д.Қонаевпен емес, жаңадан тағайындалған бірінші хатшы Г.Кол­бин­мен істеуге тура келді. Ол да М.Горбачев сияқты республика Жо­ғар­ғы Кеңесі Төрағасы қыз­метін қоса атқар­ғы­сы келді. Бірде маған: «Шамасы біздер («два русака») бір-бірімізге кедергі жасап жүр­ген сияқ­ты­мыз», деді. «Мен сізді түсін­бе­дім. Егер мен сізге кедергі келтіріп жүр­сем, қазір-ақ кетемін. Ал сіз маған қан­дай кедергі жасауыңыз мүмкін, жұмбақ­та­май ашық айтыңыз», – дедім. Содан бұл мәсе­леге М.Есенәлиев араласып, Колбинге: «Геннадий Васильевич, Қазақстан хал­қы, оның ішінде зиялы қауым қазақ емес ұлттың өкілі енді Жоғарғы Кеңестің Төр­ағасы болуын көтере алмайды. Оның шет жағын өзіңіз Желтоқсан оқиғасынан бай­қа­ды­ңыз», – деп шешіп берді. Міне, содан кейін Г.Колбин бюроның қай отырысында болсын мені әр мәселе бойынша орнымнан тұрғызбаған күні болмаған шығар. Оның үстіне оған Қонаевтың кадр­лары керек емес еді. «Қонаев­шы­лар» деген сөзді Колбин өте жиі қолданатын.
Аса көрнекті мемлекет және саяси қай­рат­кер Димаш Ахметұлы – әрқашан ха­лық­тың есінде сақталады. Маған ол кісі дүниеден өткенде ұлы адамның табыты­ның қасында құрметті қарауылда тұру құрметі бұйырды. Киров көшесінің бойымен жылжыған жерлеу шеруі кезінде Д.А.Қонаевтың денесі салынған көліктің астына қарапайым адамдар гүл дестелерін лақтырып жатты. Ал оларды ешкім де ба­ғыт­тап, үгіттеп тұрған жоқ еді. Алматылық қазақ, орыс, ұйғырлар көздеріне жас алып, көпұлтты Қазақстан халқының көш­бас­шысына өз құрметтерін көрсетіп жатты…
Сөз соңында айтарым, Димаш А­х­мет­ұлы ұлы Адам болды, ұлы болып қала бермек.
Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.