16 Ақпан, 2012

Қайсар рух халқымен бірге

470 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қайсар рух халқымен бірге

Бейсенбі, 16 ақпан 2012 8:10

Қиын тағдырлы қазақ жа­­­зушысы Қажығұмар Шаб­­дан­ұлының үлкен жү­ре­гі тоқ­тағалы бір жыл өт­ті. Алматыда аруаққа ас бе­ріліп, Құран бағышталды.

Өтіп бара жатқан қайран уа­қыт-ай десеңші. Тағы бір үлкен жү­рек­тің тоқтағанына жыл толыпты. «Жыл толды үлкен жү­рек тоқта­ға­лы, Біз оны сан айтамыз жоқтап әлі», деп Қасым ақын дү­ниеден өт­кенде Әбділ­да Тәжібаев мақала жазып еді. Ұлы Мұхаң­ның қайтқаны­на жыл толғанда газеттер осынау өлең жолын бас та­қы­рыпқа шыға­рып­ты. Сол сөз­дер бүгін тағы қай­та­ланды. Солай болатын жөні бар. Өйткені, Қажы­ғұмар Шаб­дан­ұлы да нақ солардай ат басындай алтын жү­ректі арыс жазушымыз еді, қа­зақ­тың қайсар рухының қа­­пысыз кө­рінісі еді, ұлт қасие­тінің қор­мал­ды қара сабасы болатын.

Бейсенбі, 16 ақпан 2012 8:10

Қиын тағдырлы қазақ жа­­­зушысы Қажығұмар Шаб­­дан­ұлының үлкен жү­ре­гі тоқ­тағалы бір жыл өт­ті. Алматыда аруаққа ас бе­ріліп, Құран бағышталды.

Өтіп бара жатқан қайран уа­қыт-ай десеңші. Тағы бір үлкен жү­рек­тің тоқтағанына жыл толыпты. «Жыл толды үлкен жү­рек тоқта­ға­лы, Біз оны сан айтамыз жоқтап әлі», деп Қасым ақын дү­ниеден өт­кенде Әбділ­да Тәжібаев мақала жазып еді. Ұлы Мұхаң­ның қайтқаны­на жыл толғанда газеттер осынау өлең жолын бас та­қы­рыпқа шыға­рып­ты. Сол сөз­дер бүгін тағы қай­та­ланды. Солай болатын жөні бар. Өйткені, Қажы­ғұмар Шаб­дан­ұлы да нақ солардай ат басындай алтын жү­ректі арыс жазушымыз еді, қа­зақ­тың қайсар рухының қа­­пысыз кө­рінісі еді, ұлт қасие­тінің қор­мал­ды қара сабасы болатын. Мұ­ны оның не көрсе де халқымен бірге көрген азапты тағдыры, 42 жыл қы­тай түр­ме­сін­де саяси тұт­қын ретінде қама­лып, тартқан тақсы­рет-тау­қы­ме­ті, сол тозақтар­да жа­сыма­ған да же­ңілмеген ерік-жігері, сөй­тіп жүріп жазып, Алаш жұртына аманаттап қал­дыр­ған алты том­дық әйгілі «Қыл­мыс» романы айғақ­таса керек-ті.
Осы жайларды «Егемен» бұ­рын да жазған. 80-нен асқан ша­ғында сеңгір ерлік жасаған Қа­же­­кеңнің 6 томдық «Қылмыс» ро­ма­нының тұ­сауы кесілгенде жалпақ жұрты­мыз­ға жар сала сүйіншілеп бірге қуан­ғанбыз. Ал өткен жылы Шыңжа­н­да­ғы қазақ әдебиетінің классигі өмір­ден өткен нақ осы ақпанның азалы күндерінде және де елмен бірге қайғырғанбыз, қа­ралы хабарды халыққа жеткізген­біз. Сол нө­мір­де Қажекеңнің кө­­­зін көрген қа­­­бырғалы қаламгерлер Уақап Қы­дырханұлы мен Жәркен Бө­деш­тің асыл ағамен қоштасу сөз­де­рін жеделдете жариялаған­быз.
Міне, содан бері бір жыл өте шығыпты деп таңданып отырмыз. Ал Қажекеңнің қытай түр­ме­сін­дегі азапты 42 жылы қалай өтті десе­ңізші! Сол жылдардың әрбір күні, әрбір сағаты ерлік, еңбек, қа­жыр мен қайрат, табан­дылық пен қайсар рух емес пе?
Қа­жы­ғұмар Шаб­данұлы Шы­ғыс Қазақ­стан­ның Үр­жар ауда­нын­да дүни­е­ге келіп, Қы­тайға ашар­шы­лық нәу­­бе­ті кезінде 7 жас­­­­­тағы бала ша­ғында өткен екен. Содан өмірбақи елге қай­ту­д­ы ар­ман­да­ған. Елге оралу пеше­несіне бұй­ырмаса да, Қажекең қазақ елінің тәуелсіздік алғанына алыста жатып қуанды. Елге өзі жетпесе де шы­ғар­ма­лары жетті. Мемле­кет­тік сый­лық­тың лау­реа­ты Оразбек Сәрсен­бай айт­қандай, Қ.Шаб­дан­­ұлы «Қыл­мыс» романы ар­қы­лы қазақ саясатында, мәде­ние­тінде, руханиятында өшпес із қалдыр­ды. Бұл шығар­ма­ның қа­зақ руханиятына қос­қан үле­сі аса мол­ды­ғын айтушылар жетіп артылады. Жазу­шы­ға «Ұлттық рух» ха­лықтық сый­лығының, ха­лықара­лық «Алаш» әдеби сый­лы­ғының берілуі оның шығар­машылық би­ік тұғыры өз елінде мойында­луы­ның айғағы деп білуіміз керек.
Ұлт рухының ұлы суреткері ре­тінде танылған қаламгердің дү­ние­ден қайтқанына жыл толуына орай болған еске алу шарасында жазушы Қабдеш Жұма­ді­лов өзі ұстаз тұтқан Қажекең жай­ында тебіре­ністі сөз толға­ды. Оның қа­зақ ру­ха­ния­тын­да­ғы орнына тоқ­та­лып, «Алматыға, Қабдеш Жұ­ма­діловке» деген сә­лем­мен ғана шекарадан небір маша­қат­пен өтіп келіп жеткен қолжазба­ла­ры­ның кітап болып шығу жағдайла­рын баяндады. Ол осы ретте қолдау көрсеткен ұлт­жан­ды азамат Мұх­тар Құл-Мұхам­медке, қолжазбаны дай­ын­дауға көмектескен басқа да аза­маттарға алғыс-рахметін айтпай қал­­мады. Қажекеңмен Такламакан айдауында бірге бол­ған Жұмабек Өсер­ұлы, Үрімші түр­ме­сінде дәрі­гер­лік қыз­метті бас­қар­ған Сағидо­л­ла Әли­ұлы, тәр­жіма­шы Ибрагим Фай­золла әз аға жайында естеліктер айтса, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы, саясаттанушы Айдос Сарым, тарихшы Зар­дыхан Қинаят, жазушы Қажы­тай Ілияс­ұлы қазақ елі тұр­ғанда қайсар рухты жазушының жасай беретініне кәміл сенімді екендік­терін білдірді. Жаса­лаш­тық журналист Ерік Рахым 2009 жылы Қытайға кәсіпкер ре­тінде тір­келіп өтіп, мырзақамақтағы шер­лі жа­зу­шыға туған елінде бас­падан шық­­­қан кітабын жеткі­зіп, одан соңғы сұх­батты алып, маң­дайы­нан иіс­ке­тіп, абыздың ақ батасына ие болған екен.
Қ.Шабданұлы қорын құру, мұ­ра­сын жинақтау, одан әрі өз кітаптары мен естеліктер жинақ­та­рын, «Қа­жы­ғұмар» атты атаулы журнал шы­ғару жөнінде ұсы­ныс­тар айтылды. Сонымен бірге көр­некті жазуш­ы­ның шы­ғар­ма­шы­лы­­ғын оқулық­тар­ға енгізу, оның шығармаларын шет тіл­дер­ге аудару, солардың негізінде кино тү­сіру жөніндегі пікірлер де назар аударуға тұрарлық деп ойлаймыз.
Аяулы Қажекеңнің қызы Жай­нар мен күйеу баласы Тілек, кіш­кентай жиен немересі Еларыс әке рухының, ата рухының жалғаса жел­біреген туындай кө­рінді. «Қай­­­сар­лық жайлы өлеңді қанжармен тасқа қашадым. Өл­ең­нің атын мен енді «Қажы­ғұ­мар» деп атадым», деп ақын Алмас Ахмет­бек­ұлы айт­қандай, Қа­­жығұмар есімі қазақ ру­ханиятының тарихына алтын әріп­термен жазылып қала­тынына біз де сенімді едік.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Алматы.