24 Ақпан, 2012

Қос уыс топырақ

369 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қос уыс топырақ

Жұма, 24 ақпан 2012 7:59

– Маған мына ақ қағазға бір уыс то­пы­рақ салып әкеп бе­рің­дерші, – деп Арқа­лық­тан келген Мұса жеңіл мәшиненің ішінен сыртқа шыға алмай, өз деміне-өзі булығып, аяз қарыған әй­нек­тен жас қабірдің маңында үскі­рікте әрең шыдап, шалт қимыл­дап, соңғы парыздарын өтемекке ұмтылып жүр­гендерге көзінің жасы сорғалап, егіле қарап күйзеліп отыр. «Қайран, жан ағам-ай! Сен де бақилық бол­ға­ның ба?» Мұса кеңкілдеп кетті. Туған ағасы Мырзабайдың, кә­дім­гі қазақ баспасөзінің арда­ге­рі, көрнекті кө­сем­сөзші Кеңбейі­ловтің, өмірдегі жалғыз тіре­гінің жүзі топыраққа жасырылар сәт жа­қындаған сайын жүрегі ат­қылап, демік­песі бүкіл денесін буып, әлсіретіп, азапқа са­ла бастады.

Жұма, 24 ақпан 2012 7:59

– Маған мына ақ қағазға бір уыс то­пы­рақ салып әкеп бе­рің­дерші, – деп Арқа­лық­тан келген Мұса жеңіл мәшиненің ішінен сыртқа шыға алмай, өз деміне-өзі булығып, аяз қарыған әй­нек­тен жас қабірдің маңында үскі­рікте әрең шыдап, шалт қимыл­дап, соңғы парыздарын өтемекке ұмтылып жүр­гендерге көзінің жасы сорғалап, егіле қарап күйзеліп отыр. «Қайран, жан ағам-ай! Сен де бақилық бол­ға­ның ба?» Мұса кеңкілдеп кетті. Туған ағасы Мырзабайдың, кә­дім­гі қазақ баспасөзінің арда­ге­рі, көрнекті кө­сем­сөзші Кеңбейі­ловтің, өмірдегі жалғыз тіре­гінің жүзі топыраққа жасырылар сәт жа­қындаған сайын жүрегі ат­қылап, демік­песі бүкіл денесін буып, әлсіретіп, азапқа са­ла бастады. Сәл қимылдаса болды, қиы­лып кетердей. Оның үстіне қырық градус тілімен маңайын жалап, қалтыратып тұрған үс­кі­рік аяздан сыртқа шыға алмай, бүріскен күйі мынау. Осы дәр­менсіздігіне налиды. Ұзақ жыл күйдіргідей қарып келген осы дерттен жаны қуырылып, көкі­регі апшылып бітті. Ағасының қазасын естірт­кен­де: «Барамын, барамын, бауырыма қалай то­­пырақ салмай тірі жүрмекпін», – деп бас­тыр­­­малатып, өрекпи сөйлеп, әрең басылған-ды.

Пойызбен құр жанын сүйре­тіп келген. Кешелі бері ағасы­ның қадірін тіптен жете біле түскендей ме. Астанасы қайғы­рып жатыр. Билік органдарынан да лауазымды адамдар келіп, Мырзабайды қимастықпен соң­ғы сапарға шығарып салуда. Жа­қ­сының жақсылығы осындайда көзге бадырайып көрінеді екен. Ғұмырын текке сүрмепті жан ағасы. Бақытты, мағыналы, өне­гелі із тас­тапты артына. Жамбыл облысының аудан­дық газетіндегі қолтаңбасын сол жақтан көңіл айтушылар тынымсыз тізбелеп жатты. Туған Торғайында облыс­тық газеттің редакторы бол­ған­да, осы өңірдің рухани жылнамасын көркем жазудағы еңбек­тері талай әңгіме арқауына айналды. Атақты жазушы С.Мұ­қанов, көрнекті ақын С.Мәу­ленов елге келгенде Мырзабайды ертіп ала кете­тін. «Қарымды қаламгер» деп оның жауырынынан мейірлене қағып қоятын. Ал Торғай облпартком хатшысы Ө.Жәнібеков болса, қандай жауапты міндетті де оған се­німмен тапсыратын. Айтулы сыншы З.Се­рікқалиұлымен достығы – үзілмейтін өнеге іспетті. Үнемі айтыла беретініне көз жете тү­се­ді. Талдықорған аймағындағы бас­пасөз сарбазы ретіндегі тындырымды істері өз алдына бір төбе. Ал еліміздің баспа, полиграфия саласындағы басқару аппаратында ат­қарған ұзақ жылғы жемісті еңбегі әр­дайым елене бермекші. Басқасын былай қой­ғанда, «Қазақстан» баспасын­да­ғы өзіндік іскерлік, адамгершілік өршіл бейнесі ұрпақтар жадынан өшпек емес. Өзі бас болып шығарған қаншама кітаптар келешек кәдесіне жарай беретін болады. Ағасының осындай ең­бек­те­рі туралы тиіп-қашып ай­тыл­ған сайын Мұ­саның жүрегі бір суып, бір ысып: «Өмір­ге текке келмеген екенсің ғой, бауырым», деп иіле түскен еңсесін тіктеуге тырысады.

Өмірінің соңғы жылдарында, зейнетте жүрсе де шәкірттері «Егемен Қазақстан» газетіне қыз­метке алып, қарт журналис­тің тәжірибесін пайдаланып, екінші жағынан рухани тірлігіне қолдасуды ниет етіп, адам­гер­шілік жасаған еді. Осы қара­ша­ңырақпен 70 жасқа толғанда тойын жасап қоштасып, бірың­ғай шығырмашылықпен айналыса бас­таған. «Төлеубай Ыдырысов ағамның қызмет еткен қа­сиетті босағасында жүрсем деген арманым жүзеге асты», – деп бір жолы өзіне сырын ашқан еді. Төлеубай аға­ларының қазақ бас­пасөзіндегі рөлі ерекше ғой. Елдегі бұл екеуін стипендиясымен оқы­тып, адам қылған адам­гершілігін айтсайшы. Көп ке­шікпей тағдыр соққысы да аға­сын аямай қыспаққа алған. Алдымен ұзақ жыл сал ауруына шалдыққан зайыбы көз жұмып, кейін қызы мен күйеу баласы жол апатынан бақилық болды. Шыдап жүр­ген бәріне көнбіс жүрек. Күйзелісін сыртқа шашпайтын мықты жүрек бұның алдында талмаға ұшыраған.

«Егемені» де егіліп, басшылары түгел жиналып, ұжым болып қоштасып жүр, әне аға­сы­мен. «Білгендігі ғой, қастерлі ұж­ым­ның» деп, Мұса қабір ба­сындағы қарба­ласқа көзі тұман­да­нып, шарасыздана қарап қояды.

Өмірден озарын болжағандай Мырзабай ағасы соңғы күнде­­рінде өзгеше күйбеңге түсіпті. Қағаздарын қарағыштап, әлдене жазулар жазып қалдырып, өзінің «Дала рауаны» мен «Замандастар заңғары» кітаптарын қолы­на алып сипалап, ұзақ ақта­рыс­тырып, тыншымаса керек. Демі үзілерінің алдында ғана балаларын шақырып, өсиет айтқан… Өмірдегі адамгершілігінің, аза­маттығының, адалдығының соң­ғы мезіретін солыңқы­ра­ған жанарынан ыстық тамшымен сор­ға­­латып сыртқа шығарған Мыр­за­ғаң сөйтіп жөнеле беріпті-ау!..

Мырзабай ағасының жамбасы әне-міне жерге тигелі жат­қанын Мұса көлік ішінен ба­қы­лап отыр. Байырғы, байыпты Мәрия­гүл жеңгесінің жанына жай­ғаспақ. Оған да шүкірлік етті. Қызықты ғұмыр кешті, бірі ерте, бірі кеш озды өмірден. Ен­ді мәңгілікке қауышқандай ма? Осылай жаны күйзеліп отырған Мұсаға ақ қағазға оралған топы­рақ жеткізілді. Деміне ышқына шашалған ол қалтасынан өзге бір бума шүберекті алып, ішінен шөкім топырақты саусақ ұшы­мен шымшымалап бүріп, әлгі жас топыраққа қоса беріп, әл­декімге ұмсына түсіп, серейіп, сұлқ кетті… Қос уыс топырақ қана елеске айналып, басылған еңсесі өзіне бағынбай бара жат­қан. Ту-у алыстан құлағына ана­сы­ның: «Балаларым-ау, мынау менің топыра­ғым ғой… топы­рақтан жаратылған едік, енді сол топырақ Мырзабайымды да тартқаны ғой!.. Топырағымыз қосылғаны ма!» – деген уілі үскіріктен талып жетіпті…

…Көлік орнынан қозғалғанда ғана Мұса қыбырлап есін жи­ған­дай болып, қос қолын дұғаға жай­ған қалпын бұзбай, Құран сөзін іштей бастырмалата қайталады!

Ей, шолақ дүние! Қосақ­тал­ған қос ба­уыр еді!.. Сыңарсыз қалды…

Қайсар ӘЛІМ,

Астана.