31 Шілде, 2012

Өз заманының перзенті

557 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Өз заманының перзенті

Сейсенбі, 31 шілде 2012 7:20

Қазақта қарақан басынан гө­рі халқының қамын жеген азамат­тар қашанда болған. Сон­дық­­тан да ата-бабамыз: «Аттан аттың несі артық, қазанаты бір басқа. Адамнан адамның несі артық, азаматы бір басқа», деп ондай ұлдарына ерекше сүйсі­ніп, естерінде сақтаған. Сондай асыл жандардың бірі еліміз үшін күр­делі де қиын кезең­дер­де Шығыс Қазақстан облыстық атқару ко­митеті төрағасының бі­рінші орынбасары, Алматы, Шым­кент облыстары атқару комитетінің төрағасы,

Сейсенбі, 31 шілде 2012 7:20

Қазақта қарақан басынан гө­рі халқының қамын жеген азамат­тар қашанда болған. Сон­дық­­тан да ата-бабамыз: «Аттан аттың несі артық, қазанаты бір басқа. Адамнан адамның несі артық, азаматы бір басқа», деп ондай ұлдарына ерекше сүйсі­ніп, естерінде сақтаған. Сондай асыл жандардың бірі еліміз үшін күр­делі де қиын кезең­дер­де Шығыс Қазақстан облыстық атқару ко­митеті төрағасының бі­рінші орынбасары, Алматы, Шым­кент облыстары атқару комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарған, экономика ғылымда­рының докторы Нұрдәулет Кү­зембаев десек ақиқаттан аттай қоймаспыз. Бұл кісінің еліміздің қалып­та­суы мен дамуындағы ең­бегі осылай деуімізге әбден лайық.
Алыс ауылдан шығып, ат жалын тартып азамат болған оның өмірбаяны өз қатарластарынан оза туған тұлға  екеніне көңіл аудартады. Сөз еткелі отырған азамат Ақтөбе облысының Бай­ға­нин ауданындағы Доңызтау жерінде малдың жайымен көшіп-қонып жүрген орта шаруа Кү­зембайдың отбасында дүниеге келді. Зарығып, сағынып көрген бала болған соң ба, оның жарық дүние есігін ашуы ата-анасын ғана емес, ағайын-туғанды, ауыл-аймақты қуанышқа бөледі десе де болғандай. Жасынан түйінді, зеректігін аңғарған әке­сі Күзембай ұлы ес білген соң-ақ Темірдегі орыс-қазақ мекте­біне береді. Ол кезде мұнда революциялық көзқарастары үшін Петербургтен жер ауда­рыл­ған оқыған-тоқығаны мол атақты мұғалімдер сабақ бере­тін-ді. Талапты жас Темірдегі төрт кластық орыс-қазақ мекте­бін үздік бітіріп, Доңызтаудағы елге оралып, осындағы көшпелі жұрттың балаларын оқытады.
Жаңа ғана ержетіп, оң-солын аңғара бастағанда елде ақ кетіп, қызыл келіп, алағай да бұлағай кезең басталып, байларды кәм­пескелеу, бақуаттыларды қамау, мәжбүрлеп ұжымдастыру басталып, оның арты ашаршылыққа ұласады. Осы  бір қиын кезеңде әкесі Күзембай өмірден озып, Нұрдәулет ағамыз тағдырдың тауқыметін көп көреді. Ел аға­лары кәмпескеге ұшырап, күші барлар шетелге ауа көшіп жат­қанда солардың арасында ол да болады. Сөйтіп, Доңызтаудан үдере көшкен елмен бірге 1928 жылы  Қарақалпақстанға табан тірейді. Білімді адам жерде қалған ба, онда барғаннан кейін Кегейлі, Қыпшақ аудандарын­дағы қаржы бөлімдерінде кіші қызметкер деңгейінде жұмыс істеп, кейін Қыпшақ аудандық партия комитетінде статист болып қызмет атқарады. Ақтөбеге оралған соң Ленинградтағы қар­жы институтына оқуға түседі. Ашаршылықтан, қуғын-сүргін­нен осы институтта оқып аман қалған сыңайлы.
Институттың соңғы курстарында оқып жүргенде Мәскеуде әлемге белгілі атақты әнші Кү­ләш Байсейітовамен бірге театр оқуында оқып жатқан Ақмарал жеңгемізге үйленеді, көмейіне бұлбұл ұя салған әншімен ара­лас-құралас жүреді. 1937 жылы институтты тәмамдаған жас жі­гіт елге келіп, Қазком банкіне қызметке тұрады. Іскерлігі мен білімділігін, адамгершілігі мен азаматтығын аңғарған Қазақ­стан Компартиясы Орталық Ко­митетінің басшылары Нұрдәу­лет Күзембаевқа үлкен сенім артып, 1939 жылы жаңадан ашыл­ған Шығыс Қазақстан облысына ұйымдастыру комитетінің басшысы етіп жібереді де кейін осы облыстық атқару комитеті төр­ағасының бірінші орынбасары қызметіне сайланады. Ал ол кезде осы өңірдегі Лениногор кен орнының басшысы Ди­мекең – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев еді. Міне,  халқымыздың екі бір­дей атпал азаматы шығыста осылай тізе қосып, еңбек етеді. Мұнда екі жылдай жұмыс істеп, кейін Министрлер Кеңесінің Іс басқа­рушысы қызметіне жо­ға­ры­­ла­ты­лады. Ұйымдасты­ру­шы­лық қа­­­бі­летін, сауаттылығын, білім­ді­лі­гін сол кездегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Нұр­тас Оңдасынов жоғары ба­ға­лап, соңы сый­лас­тыққа ұла­сып, көп жыл бірге қызметтес болады.
Бір кездескенде Нұрекеңнің Абай атындағы академиялық опера-балет театрының қалай академиялық атағын алғанын айт­қаны бар. Ол кісіге осы  театр­ды ашуға қарар дайындау тапсырылады. Нұрекең құжатты әзірлеп алып барғанда Нұртас Оңдасынов: «Академиялық» де­ген­ді қос, біз қазір осылай іс­те­месек, бұл театр мұндай атақты ешқашан ала алмайды, деп ескертеді. Солай істеледі де. Міне, қазақтың нарқасқа ұлда­рының көрегендігі қандай! Сол кездің өзінде ел тағдырына қа­тысты шаруаларға ұлттық тұр­ғыдан келген ғой олар.
Нұрдәулет Күзембаев он жыл­дай Алматы және Шымкент об­лыстық атқару комитеттерінің төрағасы болғанда қыруар жұ­мыстың басын қайырып, халқы­на қалтқысыз қызмет етті. Екі жылдай Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Бұл елді Никита Хрущев басқарып тұрған қиын кезең еді. Ол кісінің Қазақстанға деген көз­қарасының қаншалық­ты бол­ға­нын иісі қазақ біледі. Республика басшылығынан Жұ­мабай Шаяхметовты ығысты­рып, Қа­зақ­­стан Компартиясы Орталық Коми­тетінің бірінші хатшы­лы­ғына Пантелеймон Пономаренконы әкеліп, екінші хатшылы­ғына Брежневтің келген кезі болатын. Ұрда-жық, әпер­бақан Хру­­щев­тің мұнысы ұлттық кадр­ларға деген қысас­тығы екені бір­ден белгілі болды. Мұндай сола­қай сая­сат­тың сал­қыны Нұрдәу­лет ағаны да айналып өтпеді. Шым­кент облыстық партия ко­митеті­нің бі­рінші хатшы­лығынан Алматы облысындағы Жамбыл ау­дан­дық партия коми­т­етінің бі­рін­ші хат­шылығына төмендетілді.
Шыны керек, Нұрдәулет аға Күзембаев қызметін же­тік біле­тін, достыққа берік, өз­ара ортақ тіл табуға ықыласты жан болатын. Өзі  басшылық жұмыстарда жүргенде Ораз Жан­­­досов, Жұ­ма­бай Шаяхметов, Нұртас Оңда­сы­нов, Ғаби­дол­ла Қаржаубаев, Жұмабек Тә­шенов, Хайдар Арыс­танбеков, Мін­ай­дар Салин және басқа тұс­тас­та­рымен қоян-қолтық бір­ге қыз­мет етті, сырлас-сыйлас болды. Сол кезеңнің ауыр жүк­терін бір­ге көтерді.
Зейнетке шығар алдында Нұрекең Алматы облыстық статистика басқармасымен Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау ко­митетінде бөлім бастықтары бола жүріп, экономика саласында бірнеше кітаптар жазды, ғылы­ми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Осылай еңбектене жү­ріп, экономика ғылымдарының докторы атанды. Ол кісінің тікелей араласуымен Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау коми­те­тіне қарасты экономикалық ғы­лыми-зерттеу институты ашылды. Оның бірінші директоры да өзі болды. Бұл институт елі­міз­дің экономикалық әлеуетін зерттеп, үкіметке нақты ұсыныстар түсіріп отырды. Мұнда республика дамуына қажетті экономика саласының білікті ғылымда­ры шоғыры даярланып шықты. Әлі есімде, оның «Жезқазған –Бей­неу» теміржолын салудың экономикалық тиімділігі туралы жұмыстары 1980 жылы жазыл­ған болатын. Бірақ, бұрынғы Ке­ңес өкіметі оған көңіл бөлмеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жолдың тиімділігін түсініп, батыл қолға алды, қаржы бөлді. Сөйтіп, биыл құрылысын бастап та жіберді. Міне, елінің қамын ойлаған ақиық азаматтың хал­қына қызмет етуінің бір үлгісі еді бұл. Өзі өмірден озса да асыл азаматтың ақыл-ойының елінің ертеңіне қызмет етіп жат­қанының дәлелі осы.
Асыл азамат өзінің кіндік қаны тамған Ақтөбе жерін үне­мі аңсап, сағынышпен еске алып жүретін. Қандай басшылық қыз­метте жүрсе де елмен байланысын үзген жоқ. Туған жеріне келіп, аңсарын басып, аунап-қунап қайтатын. Сондайда қаза­қылығын ұмытпай, өмірден өт­кендерге көңіл айтып, қуаныш­тарын бөлісетін-ді. Жасының ұлғайғанына қарамастан Ираннан келген көне араб жазба алфавитін білетін азаматты өзі бастап алып келіп, Барақ атаның басындағы құлпытасты оқытып, оның қай жылы туып, қай жылы қайтқанын анықтап бергені де ұрпаққа үлгі болар іс.
Нұрдәулет Күзембаев ерен еңбегі, білікті басшылық қыз­ме­ті, халқына тигізген пайдасы үшін Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту және екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталып, КСРО және Қа­зақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің бір­неше шақырылымдарының де­пу­­таттығына сайланған аға ұр­­пақ өкілі. Елінің ертеңі үшін ұлан-ғайыр іс тындырған абзал жан­ның туғанына биыл 100 жыл толады. Оны өз ретіне қарай өңір­лік деңгейде атап өтсе де артық болмас еді. «Өлі риза болмай, тірі байымайды», дейді қазақ.
Олай болса, Нұрдәулет Кү­зембаев есімін жадымызда жаң­ғырту мақсатында ол кісі кезін­де еңбек еткен Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларынан, өзі ту­ып-өскен Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелді селосынан көшенің аты берілсе, тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылса, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл асыл азаматтың рухына деген құрмет қана емес, ұрпақ­тар­ға үлгілі іс болатыны сөзсіз.
Мүсіран ҚИЫНБАЕВ,
экономика ғылымдарының  кандидаты, зейнеткер.
Ақтөбе облысы.