19 Қаңтар, 2012

Қасым ақын тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

383 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қасым ақын тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды

Бейсенбі, 19 қаңтар 2012 7:02

Игіліктің ерте-кеші жоқ дей­ді халқымыз. Өткен жылы жүз жылдығы кеңінен аталып өткен арқалы ақын Қасым Аманжо­ловқа Орал қаласында тұрған үйіне ескерткіш тақта қойы­луы осы бір халық на­қылын еске салғандай еді. Бұл игі шараға Орал өңі­ріндегі зиялы қауым өкілдері, студенттер мен жастар қатысты.
Қасым Аманжолов­тың туған жері Қа­ра­ғанды облысының Қар­қаралы өңірі бол­ға­нымен, поэзия пірі­нің жалынды жастық шағы Орал қаласында өткені белгілі. Ол мұн­да «Өртке тиген дауылдай» жырларын жаз­ды. Жастықтың қызуы мен өлеңінің оты, «махаббаттың ыстық лебі» ақын шабытының шоғын одан әрі қоздатқаны анық еді.

– Осы бір шағын үйде өмі­рінің ең бір қызықты да, алаң­сыз шағын өткізіп, өлмейтін, өшпейтін жырлар жазып кет­кенін ұмытпау үшін де ескерт­кіш тақта қойылғаны қандай жақсы болды. Бұл біріншіден, ұлтымыздың келешегі – жастар­ға қажет. Өйткені, поэзиямыз­дың қадыр-қасиетін үлгі ету арқылы біз олардың бойында отанды сүю, әдебиетімізді құр­меттеу және ұлт ақының қас­терлеу сезімдерін оята аламыз, – деді аталған рәсімде ақын Ақұштап Бақтыгереева.
Дәл осы мәселеге қатысты екінші бір жәйтті де айта ке­тудің реті келіп тұрғандай. Со­ғысқа дейін Қасым Аманжолов тұрған Карьев көшесі №37 үйді сексенінші жылдардың бас ке­зінде өзімізбен араласып-құр­ала­сып тұратын азамат, талантты актер Қабдылмәжит Иманов­тың әке­сі, Ұлы Отан соғысы­ның ар­да­гері Сүндет Иманов ақсақал сатып алып кіргені бізге белгілі болатын. Одан кейінгі жағдай, әри­не, белгілі емес пе? Ол үйге барып тұратынбыз. Кейіннен әкелі-балалы Сүндет жане Қабдыл­мәжит Имановтар әбден ескіріп, күйі қашқан үйге күрделі жөндеу жүргізгеніне де куә болғанбыз. Бүгінде Сүндет аға өмірден оз­ған. Майдангердің ұлы Қаб­дыл­мәжит Иманов қызмет бабымен қоныс аударып, Қостанай облыс­тық қазақ драма театрына ауысып кетті. Бұл үйде қазір оның қарындасы тұрып жатыр. Ақын рухына тағзым ете отырып, Қа­сым тұрған үйді қайтадан жаң­ғырт­қаны үшін әкелі-балалы Има­новтар ризашылық сезіміне әбден лайықты деп білеміз. Тіпті мейлі бұл іс өздері үшін жа­салған болса да.
Дәл осы күні Қазақстанның көне де жаңа қаласы Оралда тағы бір ескерткіш тақта ашылды. Мұның да Қасым ақынға тікелей қатысы бар. Сонау отызыншы жылдардың бас кезінде бүгінгі облыстық Орал өңірі сол кез­дегі «Екпінді құрылыс» газе­тінің редакциясында ақындар Қасым Аманжолов пен Абдолла Жұма­ға­лиев тізе қосып қызмет атқар­ған. Осы ғимарат – қазіргі Ғұмар Қараш көшесіндегі №14 үй облыс орталығындағы тарихи орын­­дардың бірі. Дәл осы үйде поэзияның қос бірдей қаһар­манына тағзым ретінде ескерт­кіш тақта ашылды. Кейіннен Қасым Абдолла Жұмаға­лиев жөнінде «Ақын өлі­мі туралы аңыз» деген ас­қақ поэма жаз­ғаны қа­зақ әдебиетінің тарихынан мәлім. Бұл рәсімде ақын Қайрат Жұмағалиев өз ой-түйінін былайша жеткізді.
– Қадырменді қауым, бү­гін­гі біткен істі тек Батыс Қазақ­стан аумағымен шектей салуға болмайды. Бұл игі шара тұтас елі­міздің әдеби-рухани өміріне ор­тақ деп білеміз. Абдолла аға­мыз «Ей, қазақтың баласы кө­терші бір басыңды» деп бүкіл әлемге жар салған рухы биік өр тұлға. Осындай суреткермен тағ­ды­рымның тоғысқан жері де бар. Мен алғаш рет Алматыға бар­ған­нан кейін Абдолла Жұ­ма­­­ға­лиев тұрған Алматы қала­сын­дағы қа­зіргі Қонаев көшесі №29 үйге кірдім, кейін «Жазушы» баспасында қызмет істе­дім. А.Жұма­ғалиев те осында еңбек етіпті. Ол кезде бұл орын қа­зақтың мем­лекеттік көркем әде­биет баспасы деп аталатын. Бұл мақтан тұтуға тұрарлық әңгіме деп санаймын. Абдолла ақын рухы халқымен мәңгі жасай берсін.
Темір ҚҰСАЙЫН.
Орал.

Соңғы жаңалықтар