Астанада 14-19 наурыз күндері еліміздің бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан халықаралық турнир өтеді. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Украина және Өзбекстан ұлттық құрамалары қатысып, AІBA ережесі бойынша 11 салмақ дәрежесінде күш сынасады.
Бокс федерациясының мәліметтеріне қарағанда, турнирге аталған елдердің әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің бәрі қатысады. Турнирдің бас төрешісі қызметін AІBA-ның халықаралық дәрежедегі төрешісі Рақымжан Рысбаев атқарады. Ал оған қатысатын боксшыларға келер болсақ, ұлттық құрама сапында шаршы алаңға ең жеңіл, яғни 48 кило салмақта Біржан Жақып, Мирас Жақыпов (51 кг.), Данияр Төлегенов (54 кг.), Думан Әлімов (57 кг.), Айдар Әмірзақов (60 кг.), Әділет Егізеков (64 кг.), Рүстем Сыбаев (69 кг.), Нұрдәулет Жарманов (75 кг.), Алмат Серімов (81 кг.), Василий Левит (91 кг.) және аса ауыр салмақта Иван Дычко шығады.
Әзірбайжан құрамасында Елвин Мамишзаде (48 кг.), Нихад Сейдов (51 кг.), Самир Маммадов (54 кг.), Илкин Агаев (57 кг.), Елхан Исмаилов (57 кг.), Хейбатулла Хаджиалиев (60 кг.), Руслан Гасимов (60 кг.), Садиг Енуллаев (64 кг.), Емил Махаррамов (69 кг.), Рахиб Байларов (75 кг.), Рамил Алиев (81 кг.), Расхад Абдуллаев (91 кг.) және аса ауыр салмақтағы екі боксшысы Фарид Пашаев пен Елшин Ализада қолғап түйістіреді.
Украина сапында Аслан Эмир Небиев (48 кг.), Виктор Гоголев (51 кг.), Алексей Ханов (54 кг.), Олег Малиновский (57 кг.), Леонид Мальков (60 кг.), Вячеслав Кислицын (64 кг.), Александр Стрецкий (69 кг.), Артур Буц (75 кг.), Энвер Туктаров (81 кг.), Сергей Мельник (91 кг.) және 91 килодан жоғары Александр Трифонов пен Андрей Томчук күш сынасады.
Өзбекстан құрамасында турнирге мына боксшылар қатысады. Ең жеңіл салмақта Әлішер Махмудов, Шахриер Исаков (51 кг.), Бинуодбек Машрапов (54 кг.), Шокрух Худжабеков (57 кг.), Фазлиддин Гаибназаров (60 кг.), Өткірбек Назиров (64 кг.), Азамат Ергашев (69 кг.), Шухрат Абдуллаев (75 кг.), Ахрор Курбанов (81 кг.), Мирзохиджон Абдуллаев (91 кг.), Сардор Абдуллаев (91 кг-ден жоғары).
Турнир 16 - 17 наурыз күндері астаналық циркте сағат 17.00-де басталады.
Кеше бет қатталып жатқанда Иранның Тегеран қаласынан қуанышты хабар келіп жетті. Мұнда 3-10 наурыз күндері жастар арасында өткен Азия чемпионатында былғары қолғап шеберлеріміз 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді иеленіп, жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Бұл сынды Нұрбол Қалжанов (54 кг.), Еркін Дүйсенбаев (57 кг.), Мейірім Нұрсұлтанов (64 кг.), Асқар Көпеншеев (91 кг.) чемпион атанса, аса ауыр салмақтағы Дәулет Мұсабаев күміс жүлдені, ал Аслан Есенов (60 кг.) пен Сапарбай Айдаров (69 кг.) қола медальді қанағат тұтты. Бәсірелі бәсекеде отандастарымыздан кейін қытай, үнді және иран боксшылары екі-екіден алтын жүлде алса, былғары қолғап иелері 1 алтын медальді еншіледі. Енді жастарымыз 20 сәуір мен 2 мамыр аралығында Бакуде өтетін әлем чемпионаты мен 14-26 тамыз аралығында Сингапурде жалауын көтеретін І жастар олимпиялық ойындарына қатысады.
Авторы: Дастан КЕНЖАЛИН.

Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін Шымкент жаңа қадамға барды
Экономика • Бүгін, 19:42
Елордада бұқаралық шаңғы жарысы қашан өтеді?
Спорт • Бүгін, 19:20
Оқиға • Бүгін, 19:02
Алматыдағы Есентай өзенінде сел қайтадан жүруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 18:43
Полиция жылды қорытындылады: Нәтиже қандай?
Аймақтар • Бүгін, 18:21
Шахматтан ел чемпионаты басталды
Спорт • Бүгін, 18:02
Ұлытауда 48 жылдық тарихы бар музей заман талабына сай жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Президент: АЭС-тің аяқталғанын күтпей жаңа энергия көздерін іске қосу керек
Президент • Бүгін, 17:47
Астанада 500 автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды
Елорда • Бүгін, 17:40
Бозжыраның тұмса табиғаты ресейлік көрерменді тамсандырды
Туризм • Бүгін, 17:32
Жамбыл облысында екі адам жайылымдағы жылқыны атып алып кеткен
Аймақтар • Бүгін, 17:22
МӘМС жүйесіндегі олқылықтар: Қайтыс болған адам дәрігер қабылдауында болған
Медицина • Бүгін, 17:15
Тіл үйренудің жаңа форматы: «Тіл-Қазына» орталығы «Steppe Games» ойынын әзірледі
Қоғам • Бүгін, 17:10
Шымкентте жүргізуші куәлігін алуға келген адам көлікті аударып алды
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Ғалымдар өз жобаларына қалай ірі қаржы тарта алады?
Білім • Бүгін, 16:55