Ерлікке ескерткіш
Сенбі, 7 сәуір 2012 7:54
Өткен жылдың қараша айында жазықсыз 7 адамның өмірін үзген жихадшы-қылмыскерді құрықтау кезінде ерлікпен қаза болған облыстық ІІД Жол полициясы жеке батальоны 1-ші взводының командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың қабірінің басына ескерткіш-монумент қойылды.
Биіктігі 5 метр ескерткіш-монументке мемлекетіміздің ең жоғарғы марапаты «Халық Қаһарманы» белгісі, батырдың бейнесі және өшпес ерлікті ұлықтаған өлең жолдары қашалып жазылған.

Ескерткіш-монументтің ашылу салтанатына облыстық ІІД бастығы Б. Аймағанбетов, Тараз қаласының әкімі Б. Орынбеков, сондай-ақ полиция қызметінің ардагерлері мен марқұмның туған-туыстары, әріптестері қатысты.
Еске сала кетсек, тараздық жанкештіні ұстау кезінде шейт болған қаһарман капитан Ғазиз Байтасовқа ерен ерлігі үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілген болатын.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
Жамбыл облысы.