05 Сәуір, 2012

Олимпиадада төреші болады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиадада төреші болады

Бейсенбі, 5 сәуір 2012 7:35

Күрес түр­лері­нен халықаралық дәре­же­дегі төреші Ба­қыт­­­жан Жақ­сы­құ­­­лов Сербияның Бел­­град қаласында өт­­кен Еуропа чемпионаты ке­зінде Олим­­пиа­да­­ға баратын тө­решіл­ер­дің қа­та­рына қосыл­ды.

Ол енді боз кілемде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 49 төрешімен бірге Олимпиадада төрелік жасайтын болады. Еуропа чемпионаты кезінде болған іріктеу сынынан сүрін­бей өткен  Б.Жақсықұлов Халықаралық Олим­­пиа­да­лық комитеттің барлық ережелеріне сәй­кес төрт жылдықтың басты бәсекесіне лайық төреші деп танылды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2004 жылы күрес түрлерінен Сейітхан Тілешов тұңғыш рет Афина Олимпиадасына төрелік еткен болатын. Ал 2008 жылы бұл қатарда біздің елімізден төреші болмады.