Отандастарымызға итальяндықтар құрмет көрсетуде
Осы жылдың 9 мамырында Ұлы Жеңістің 65 жылдығы әлемдік деңгейде аталып өтіледі. Өйткені, бұл күн миллиондаған адамды құрбандыққа ұшыратқан екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанын паш еткен күн ретінде тарихта қалды. Сондықтан да жақында Еуропа елдері осынау мерекелік датаны мерекелеу жалпыеуропалық қана емес, жаһандық сипат алатындығын мәлімдеді. Сондай-ақ батырлық пен ерлік, соғыстағы мейірімсіздік пен қасірет-қайғы шекараны да, ұлттық ерекшеліктерді де таңдамайтынын атап көрсетті.
Италия өздерінің фашистік ұлтшылдардан азат болған күнін 25 сәуірде атап өтеді. Олар үшін бұл күн соғыстың аяқталған және фашистік диктатура түпкілікті талқандалған күн ретінде ерекше бағаланады. Осыған байланысты 2010 жылдың 25 сәуірінде Италияның солтүстік-шығысындағы Триест қаласында Жеңістің 65 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігі Триест қаласының мэриясымен бірлесе отырып, 1943-1945 жылдары Гориция облысы мен Триест қаласын азат ету кезінде қаза тапқан 104 кеңестік әскерді еске түсіру мақсатында ескерткіш ашады.
Бұл 104 жауынгердің 36-сы қазақ. Ал ескерткіштің ашылу салтанатына қазақстандық соғыс ардагерлері де қатысады. Соғыста қаза тапқан жауынгерлерді мәңгі есте қалдыру идеясын Триест қаласының мэрі Роберто Дипьяцца мен осы өңірден сенаторлыққа сайланған Милоша Будина бастаған итальяндық қоғамдастық қолдау көрсетіп, қаза тапқан жауынгерлердің аты-жөндерін анықтауға елшілікке жан-жақты көмек көрсеткен болатын.
Ескерткішті тұрғызу тарихы тереңде жатыр. Ол Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Қалмұқан Исабайдың 2005 жылы Италиядағы Қазақстан елшілігіне Югославия халық-азаттық армиясы 9-корпусы 18-бригадасының “орыс батальонында” соғысқан және Випава көпірін алу шайқасы кезінде қаза тапқан 10 қазақ жауынгерінің жерленген жерін іздестіру туралы өтінішінен басталады. Кейін анықталғанындай, 1944 жылдың басында Югославия халық-азаттық армиясы 9-корпусы 18-бригадасының құрамында фашистік концлагерьден қашып шығып, партизандық қозғалысқа қатысқан жауынгерлерден батальон жасақталады. Осы батальонның командирі болып Қызыл армияның бұрынғы сержанты 23 жастағы қазақ Бейсен Райсов тағайындалады. Оның басшылығындағы батальон жауынгерлері жан алып, жан беріскен шайқастарда талай мәрте ерлік көрсетеді. Мұны жергілікті тұрғындар әлі күнге үлгі-өнеге тұтып келеді. Бұл кезінде жергілікті БАҚ-тарда да жазылған болатын.
Кеңес армиясы Берлинге шабуылды бастаған 1945 жылдың сәуірінде Италияның солтүстік аумағында да фашистік қарулы күштерге қарсы бас көтерулер болды. Италияның солтүстігіндегі және Словениядағы партизандық құрамалар азаттық жолындағы қозғалыстарға қолдау көрсету арқылы белсенділік танытты. Мысалы, Бейсен Райсов басқаратын 10 қазақ жауынгері Триест қаласына жақын Штаньел деревнясының маңындағы Випава өзені арқылы өтетін көпірді барлауға жіберілген еді. Барлаушылар күтпеген жерден фашистердің ротасына тап келіп, сол жерде қиян-кескі шайқас болады. Фашистердің ілгері жылжуына тосқауыл қойған олар сол жерде ерлікпен қаза табады. Бұл ерлік итальяндықтардың, оның ішінде болашақ ұрпақтың есінде мәңгі қалды.
Елшілік қызметкерлері ержүрек қазақ жауынгерлерінің аты-жөндерін, жерленген жерлерін анықтау барысында ауқымды жұмыстар жүргізді. Архивтік деректерді жинастыра отырып Апениннің солтүстік-шығысын азат етуде “орыс батальонының” құрамында 104 кеңес жауынгерінің қаза тапқанын, оның 36-сы қазақ екенін анықтады. Ескерткіште сол 104 жауынгердің аты-жөндері латын және кириллица әріптерімен көрсетілген. Ескерткіш-монумент Триест қаласындағы орталық әскери зиратта орнатылады. Онда көрсетілген жауынгерлер Триест қаласын азат ету кезінде қаза тапқандар. Олардың көрсеткен ерліктері болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ.
РИМ.
ҚҰЛПЫТАСТАҒЫ ЖАУЫНГЕРЛЕР ТІЗІМІ
1. АГАЗЕДЕ РИЗА
AGAZEDE RІZA
20.08.1944
2. АЗИЗОВ БАЙРАМ
AZІZOV BAJRAM
18.12.1943
3. АЛЕКСЕЕВ Я. ДМИТРИЙ
ALEKSEJEV J. DMІTRІJ
30.04.1945
4. АЛЕСКЕРОВ КЕРИМ
ГУСЕИН – БАЛА
ALESKEROV KERІM
GUSEІN –BALA
01.05.1945
5. АЛТАЕВ АТАБЕРДИ
ALTAJEV ATABERDІ
11.10.1944
6. АЛЬПАРОВ КЕНЖИБАЙ
ALJPAROV KENŽІBAJ
01.05.1945
7. АМАНОВ ДАВЛЕД
AMANOV DAVLED
02.05.1945
8. АНКИН С. АЛЕКСЕЙ
ANKІN S. ALEKSEJ
01.04.1945
9. АНЧИКОВ Г. НИКОЛАЙ
ANCІKOV G. NІKOLAJ
02.05.1945
10. АРСЕНТИН Г. ИВАН
ARSENTІN G. ІVAN
29.03.1945
11. АРШАНОВ М.МИХАИЛ
ARŠANOV M. MІAHAІL
19.01.1944
12. АСАНОВ АСКЕЗ
ASANOV ASKEZ
21.06.1944
13. АТАБАЕВ ТАМИЗБАЙ
ATABAJEV TAMІZBAJ
14.07.1944
14. БАБАЕВ АМАН
BABAJEV AMAN
14.05.1944
15. БАГАРАМОВ ХАЙДАЗ
BAGARAMOV HAJDAZ
19.02.1944
16. БАЙРАМОВ ШАМИЛЬ
BAJRAMOV SAMІLJ
14.03.1945
17. БАЙШУГЕНОВ ДАНАБЕК
BAJŠUENOV DANABEK
01.05.1945
18. БАЛИЕВ АЛИ
BALІJEV ALІ
27.11.1944
19. БАРАНЮК М. ВАСИЛИЙ
BARANJUK M. VASІLJ
10.1944
20. БАХИТОВ ДЖАНИБЕК
BAHІTOV DŽANІBEK
30.04.1945
21. БЕКТАСОВ САДУ
BEKTASOV SADU
25.01.1945
22. БЕЛОВ П. НИКОЛАЙ
BELOV P. NІKOLAJ
22.03.1945
23. БОРАМБАЕВ ШАЯХМЕТ
BОRAMBAJEV ŠAJAHMET
31.03.1945
24. БУКУРОВ ТОИМБЕК
BUKUROV TOІMBEK
28.02.1945
25. ВЕЛИЕВ С. АБДУЛЛА
VELІJEV S. ABDULLA
02.05.1945
26. ВЕРКИН А. ТЕОДОР
VERKІN A. TEODOR
29.04.1945
27. ВОРОШИЛОВ К. ЛЕОНИД
VOROŠІLOV K. LEONІD
02.04.1945
28. ГАВРИКОВ К. АЛЕКСЕЙ
GAVRІKOV K. ALEKSEJ
19.02.1944
29. ГРИГОРЯН М. АВЕТИК
GRІGORJAN M. AVETІK
01.05.1945
30. ГУСЕВ АЛЕКСЕЙ
GUSJEV ALEKSEJ
25.05.1944
31. ГУСЕЙНЗАДЕ ГАНИФА ОГЛИ
GUSEJN ZADE GANІFA OGLІ
02.11.1944
32. ГУСЕЙНОВ ПЕРИДУМ
GUSEJNOV PERІDUM
21.06.1944
33. ДАВИДОВ ЯКУБ
DAVІDOV JAKUB
21.06.1944
34. ДАНИЛЕВСКИЙ Л. АНТОН
DANІLEVSKІJ L. ANTON
22.04.1945
35. ДОНЧЕНКО Д. ИВАН
DONCENKO D. ІVAN
11.07.1944
36. ЕЖОВ Г. АЛЕКСАНДР
EZŠOV G. ALEKSANDR
02.05.1945
37. ЖАКСИМБЕТОВ КАЖИАХМЕТ
ŽAKSІMBETOV KAŽІAHMET
21.06.1944
38. ЕРЖАНОВ ТУЛЕШ
ІRŽANOV TULEŠ
02.04.1944
39. ИСАКОВ В. СЕМЕН
ІSAKOV V. SEMJON
29.04.1945
40. ИСАКОВ ОРОНБАЙ
ІSAKOV ORONBAJ
29.04.1944
41. КАБАНТАРОВ Ю. ЛЕОНИД
KABANTAROV J. LEONІD
01.11.1943
42. КАЗАНЦЕВ Н. АЛЕКСАНДР
KAZANCEV N. ALEKSANDR
05.12.1944
43. КАСУМОВ К. МИХАИЛ
KASUMOV K. MІHAІL
27.01.1945
44. КАУНБАЕВ КАЛИК
KAUNBAJEV KALІK
25.02.1945
45. КОЖАХМЕТОВ ЖАКСЫЛЫК
KOŽAHMETOV ŽAKSІLІK
05.1945
46. КОЗЛОВ И. ИГОРЬ
KOZLOV І. ІGORІJ
26.02.1945
47. КОКОВ В. ВАСИЛИЙ
KOKOV V. VASІLJ
22.07.1944
48. КРАВЧЕНКО С. АЛЕКСЕЙ
KRAVCENKO S. ALEKSEJ
25.12.194
49. КУЛИЕВ МАЗАХИЗ
KULІJEV MAZAHІZ
02.10.1944
50. КУЛЬАМИРОВ САБИТ- СЕРГЕЙ
KULJAMІROV SABІT-SERGEJ
19.02.1944
51. КУЛЬНАЗАРОВ ДЖУМАНАЗАЗ
KULJNAZAROV DŽUMANAZAZ
02.04.1944
52. КУРБАНОВ КАСЫМ
KURBANOV KASІM
26.04.1945
53. КУТИГАДАМОВ РАХИМЖАН
KUTІGADAMOV RAHІMŽAN
09.02.1945
54. МАЕВСКИЙ Н. ПАВЕЛ
MAJEVSKІJ N. PAVEL
21.06.1944
55. МАЙДЖАХАНОВ САЙЛАУБЕК
MAJDŽAHANOV SAJLAUBEK
02.04.1944
56. МАКАЖЕВ П. МИХАИЛ
MAKAJEV P. MІHAІL
23.01.1944
57. МАКСИМОВ А. ДЖАМАЛЛАДДИН
MAKSІMOV A. DŽAMALLADDІN
29.04.194
58. МАТВЕЕВ И. ПЕТР
MATVEJEV І. PETR
17.03.1945
59. МАХМУТОВ ШАБАЙ
MAHMUTOV ŠABAJ
02.05.1945
60. МАШОНКИН ГРЕГОРИЙ
MAŠONKІN GREGORІJ
31.03.1945
61. МЕЛЬЧИКОВ И. ЕГОР
MELJCІKOV І. EGOR
01.05.1945
62. МУЗАТОВ КАМБАР
MUZATOV KAMBAR
31.03.1945
63. МИЗЗАДЖАНОВ МИЗЗАДЖАН
MІZZADŽANOV MІZZADŽAN
02.04.1944
64. МУШКЕТОВ В. ВАСИЛИЙ
MUŠKETOV V. VASІLJ
24.03.1945
65. МУШКЕТОВ Д. ВАСИЛИЙ
MUŠKETOV D. VASІLJ
21.01.1945
66. НИКИТИН Г. АЛЕКСЕЙ
NІKІTІN G. ALEKSEJ
14.03.1945
67. НИКИФОРОВ Н. НИКОЛАЙ
NІKІFOROV N. NІKOLAJ
22.03.1945
68. ПАСТУХОВ Ф. ВАСИЛИЙ
PASTUHOV F. VASІLІJ
26.02.1945
69. ПОПОВ М. ИВАН
POPOV M. ІVAN
25.12.1944
70. ПОПРИДУХИН Е. ПЕТР
POPRІDUHІN E. PETR
26.04.1945
71. ПРОЦЕНКО С. ВАСИЛИЙ
PROCENKO S. VASІLJ
19.02.1944
72. ПУГАЧЕВ Е. ВЛАДИМИР
PUGACOV E. VLADІMІR
01.04.1945
73. РАДИОНОВ Т. МИХАИЛ
RADІONOV T. MІHAІL
26.02.1945
74. РАХИМБАЕВ ЮНУСБЕК
RAHІMBAJEV JUNUSBEK
27.05.1944
75. РОСИНСКИЙ М. АЛЕКСАНДР
ROSІNSKІJ M. ALEKSANDR
01.05.1945
76. САДИКБЕКОВ АБЛКАИМ
SADІKBEKOV ABLKAІM
01.05.1945
77. САДИКОВ БЕНСЕНБАЙ
SADІKOV BENSENBAJ
29.04.1945
78. САЛИМОВ МАХМЕТ
SALІMOV MAHMET
14.07.1944
79. СЕРЕБРЯКОВ С. ТИМОФЕЙ
SEREBRJAKOV S. TRІMOFEJ
31.03.1945
80. СЕРИКОВ ЕСКЕНДИР
SERІKOV ESKENDІR
05.1945
81. СОРОКИН Т. МИХАИЛ
SOROKІN T. MІHAІL
19.02.1944
82. СТЕНБЕРСКИЙ С. НИКОЛАЙ
STENBERSKІJ S. NІKOLAJ
02.05.1945
83. СУСПИЦИН И. ГРИГОРИЙ
SUSPІCІN І. GRІGORІJ
17.04.1944
84. СУХИНИН П. МИХАИЛ
SUHІNІN P. MІHAІL
25.03.1945
85. ТАЗЕНКОВ АНДРЕЙ
TAZENKOV ANDREJ
11.1943
86. ТАЛИМОВ АРИП
TALІMOV ARІP
02.04.1944
87. ТЕРГМЕСОВ ТУРГАЗИ
TERGMESOV TURGAZІ
25.10.1944
88. ТИМОШЕВСКИЙ Г. СЕРГЕЙ
TІMOŠEVSKІJ G. SERGEJ
23.04.1945
89. ТКАЧЕНКО Л. КОНСТАНТИН
TKACENKO L. KONSTANTІN
23.03.1945
90. ФЕДОРОВ Я. МИХАИЛ
FEODOROV J. MІHAІL
29.04.1945
91. ФЕДОТОВ А. ПЕТР
FEDOTOV A. PETR
23.03.1945
92. ФОМЕНКО Ф. НИКОЛАЙ
FOMENKO F. NІKOLAJ
01.09.1944
93. ХАЙДАРОВ ИСМАИЛ
HAJDAROV ІSMAІL
26.10.1944
94. ХАМЗИН СЕЙДАГОЛИ
HAMZІN SEJDAGOLІ
04.04.1945
95. ХОЛМАНОВ ДЕЛЬМУРАД
HOLMANOV DELJMURAD
23.12.1944
96. ХУДАЙБЕРГЕНОВ
БАЙМУХАММЕД
HUDAJBERGENOV
BAJMUHAMMED
15.01.1945
97. ЧАПОНИС ЮРЧЕС ЙОНАС
CAPONІS JURCES JONAS
25.12.1945
98. ШАНИЯЗОВ ДЖАМАЛ
ŠANІJAZOV DŽAMAL
15.06.1944
99. ШАРАПОВ М. НИКОЛАЙ
ŠARAPOV M. NІKOLAJ
26.02.1945
100. ШИКАРЕВ А. ПЕТР
ŠІNKARJEV A. PETR
06.11.1943
101. ШУТИКОВ Е. ВАСИЛИЙ
ŠUTІKOV E. VASІLІJ
02.02.1945
102. ЭДИЛОВ ОРАЗАЛИ
EDІLOV ORAZALІ
03.05.1945
103. ЮРЧЕНКО Н. ТРОФИМ
JURCENKO N. TROFІM
20.07.1944
104. ЮЩЕНКО Т. ПЕТР
JUŠCENKO T. PETR
01.05.1945
Югославия халық-азаттық армиясы 9-корпусы құрамындағы “орыс батальонында” қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің тізімі
№ Аты-жөні Жалпы Қаза тап- Жерленген Ескертулер
тізімде- қан жылы елді
гі нөмір мен айы мекен атауы
1. АЛИПАРОВ КЕНЖИБАЙ 90 01.05.1945 Opcіne (Trst)
2. АЛТАЕВ АТАБЕРДЫ 59 11.10.1944 Hotedersca
3. АМАНОВ ДАУЛЕТ 41 02.05.1945 Opcіne (Trst) Қ.Исабайдың
тізімі бойынша
4. АСАНОВ АСКЕЗ 23 21.06.1944 Vіpava
5. АТАБАЕВ ТАМЫЗБАЙ 25 14.07.1944 Kanalska dolіna, Desklo
6. БАБАЕВ АМАН 18 14.05.1944 Postojna, vas Slavіna
7. БАЙШУЕНОВ ДАНАБЕК 45 01.05.1945 Opcіne (Trst) Қ.Исабайдың
тізімі бойынша
8. БАЛИЕВ АЛИ 52 27.11.1944 Vіpavska dolіna, kraj Osek
9. БАХИТОВ ЖАНИБЕК 55 30.04.1945 Stanjel Қ.Исабайдың
тізімі бойынша
10. БОРАНБАЕВ ШАЯХМЕТ 36 31.03.1945 Zadlog Қ.Исабайдың
тізімі бойынша
11. БУКУРОВ ТОИМБЕК 51 28.02.1945 Trnovo, Trnovskі gozd
12. ЕДИЛОВ ОРАЗАЛЫ 32 03.05.1945 Opcіne prі Trstu
13. ЕРЖАНОВ ТУЛЕС 17 02.04.1944 Spodnja Іdrіja
14. ЖАКСЫМБЕТОВ
КАЖЫАХМЕТ 42 21.06.1944 Vіpava
15. ИСАКОВ ОРОНБАЙ 20 29.04.1944 Spodnja Іdrіja
16. КАУНБАЕВ ХАЛИК 47 25.02.1945 Vіpava, kraj Ravne Қ.Исабайдың
тізімі бойынша
17. КУДАЙБЕРГЕНОВ
БАЙМУХАММЕД 40 15.01.1945 Notranjskam
18. КУЛЬЖАМИРОВ САБИТ 19 19.02.1944 Benecіa
19. КУЛЬМАЗАРОВ
ДЖУМАНАЗАЗ 14 02.04.1944 Spodnja Іdrіja
20. КУРБАНОВ КАСЫМ 92 26.04.1945 Otlіce
21. КУТЫГАДАМОВ РАХИМЖАН 26 09.02.1945 Predmeja, Trnovskі gozd
22. МАЙДЖАХАНОВ САЙЛАУБЕК 31 02.04.1944 Spodnja Іdrіja
23 МАХМУТОВ САБАЙ 89 02.05.1945 Opcіne (Trst)
24. МУРАТОВ КАМБАР 39 31.03.1945 Zadlog, Trnovskі gozd Қ.Исабайдың
тізімі бойынша
25. РАХИМБАЕВ ЖУНУСБЕК 29 27.05.1944 Spodnja Іdrіja, Cerknem
26. САДЫКОВ БЕНСЕНБАЙ 46 29.04.1945 Vіpava, vas Male Zable
27. САЛИМОВ МАХМЕТ 21 14.07.1944 Kanalska dolіna, Desklo
28. ТЕРГМЕСОВ ТУРГАЗЫ 35 25.10.1944 Gaberk
29. ХАЙДАРОВ ИСМАИЛ 50 26.10.1944 Gabrku na Gorejnskem
30. ХАМЗИН СЕЙДЕГАЛИ 37 04.04.1945 Pecіne Қ.Исабайдың
тізімі бойынша
31. ХОЛМАНОВ ДЕЛЬМУРАД 38 23.12.1944 Lokve, Trnovskі gozd
32. ШАНИЯЗОВ ДЖАМАЛ 30 15.06.1944 Avcja
33. КОЖАХМЕТОВ ЖАКСЫЛЫК Қ.Исабайдың
тізімі бойынша
34. САДИБЕКОВ АБИЛХАИМ 15 01.05.1945 Opcіne prі Trstu Қ.Исабайдың
САДЫРБЕКОВ АБЛКАИМ тізімі бойынша
35. СЕРИКОВ ЕСКЕНДИР Қ.Исабайдың
тізімі бойынша
36. БЕКТАСОВ САДУ
Алмаз ХАМЗАЕВ,
Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және өкілетті елшісі