16 Мамыр, 2012

“Моңғолияның арыстаны” қазақ арыстанына жол берді

387 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

“Моңғолияның арыстаны” қазақ арыстанына жол берді

Сәрсенбі, 16 мамыр 2012 8:05

Шымкентте қазақ батыры Қажымұқанды еске түсіруге арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Әр ұлттың төлқұжаты сияқты атақты адамдары болады. Күш атасы Қажымұқан – қазақтың маңдайына біт­­кен ырысы. Заманында елін қаймана жұрт “бұратана” деп кемсіткенімен, балуандығының арқасында төрткүл дүн­ие­­ге табаны тиіп, грек-рим және еркін күрестен әлем чемпионы атақтарын жеңіп алған Қажымұқан бабамыздай жеңім­паз оған дейін мұсылман жұрағатында болған жоқ. Сон­дық­тан, дала батырын қалай әспеттесек те жарасады.

 

Сәрсенбі, 16 мамыр 2012 8:05

Шымкентте қазақ батыры Қажымұқанды еске түсіруге арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті

Әр ұлттың төлқұжаты сияқты атақты адамдары болады. Күш атасы Қажымұқан – қазақтың маңдайына біт­­кен ырысы. Заманында елін қаймана жұрт “бұратана” деп кемсіткенімен, балуандығының арқасында төрткүл дүн­ие­­ге табаны тиіп, грек-рим және еркін күрестен әлем чемпионы атақтарын жеңіп алған Қажымұқан бабамыздай жеңім­паз оған дейін мұсылман жұрағатында болған жоқ. Сон­дық­тан, дала батырын қалай әспеттесек те жарасады.

Шымкенттегі жеңіл атлетика ма­не­жін­де қазақ күресінен күш атасы Қажы­мұ­қанды еске түсі­­руге арнал­ған халық­ара­лық жарыс өтті. Қа­зақ­станның облыс, қа­­лаларынан бөлек Қытай, Моң­ғо­лия, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз­с­тан, Тәжікстан толық құрам­мен болмаса да үкілеген балуандарын әкел­ді. Екі күнге созылған ха­лық­аралық жарыстың ұйымдас­ты­ру алқасында екі азаматтың жү­рек­жар­ды сөзі мерейімізді өсірді.

“Амандық болса, келер жылы Қа­жы­мұқан бабамыздың турни­рін Иван Поддубный секілді Гран-при дәрежесіне кө­тереміз”, деді об­лыс­­та­ғы спорт және дене тәрбиесі басқар­масының бастығы Болат Қырықбаев. «Онда, сол тур­нирге кеудемде жаным болса келемін”, деді толқыған Ди­қан­бай Биткөзов. Болат Наурыз­бай­ұлы 90-шы жылдары тоқтаңқы­рап қалған осы турнирді өз мойнына алып, жыл сайын тұрақты өтуіне атсалысып жүрген азамат. Жетпістен мол асқан Диқанбай Биткөзов – қазақ күресінің бү­гін­гі корифейі, самбодан қазақ жастары арасынан тұң­ғыш рет әлем чемпионы атанған марқұм Қа­нат Байшолақовтай оғ­лан­ның үл­кен спорт­тағы тұсауын кескен бапкер.

Біз қуандық. Ормандай орыс­тың “батырымыз” деп алақанына салып аялап отырған бас балуаны Иван Под­дубный заманында Қажымұ­қан­нан мықты едім де­генді аузына алмапты. Ал қазақ спор­ты­ның алтын бастауында тұрған Қажымұқан Мұ­ңайт­па­сов­қа өткізбеген Гран-при тур­ни­рі ұлтқа ұят, намысқа сын.

Жарысқа келсек, ол өте жо­ға­ры дең­гейде өтті. Жарыстың дең­гейі, әрине, ең алдымен оның бас төре­ші­сіне байланысты. Қазақ­станға еңбегі сіңген жаттық­ты­ру­шы, педагогика ғылымда­ры­­ның докторы, кезін­де айтулы балу­ан­дардың бірі болған Жақан Оңал­бе­ков бас төреші болған жағ­дай­да ретсіз­дікті болдырмайды.

90 кило салмақта сынға түс­кен шым­кенттік балуан, қазақ күресінен Азия және әлем чемпионы Нұрзат Бекасылов ширек финалда Қытайдан кел­ген Чинтае Жантымен күресті. Іш­кі Қы­тайдан келді дегенмен, бұл жі­гіт­тің заты моңғол жұ­ра­ғатынан. Моң­­ғолдар қара күшке мығым. Белден ілсе, әуелетіп кетеді. Нұр­зат іні­міз әдейі жасады деп айт­пай-ақ қоя­лық, кү­ресіп жүріп Жан­тыны екі рет баспен қойып қалды. Жаттық­ты­рушы­сының жа­­ны шығып кете жаздады. Төре­ші­лерге шағым жасайын десе, қа­зақшасы ырымға жоқ. Міне, осы кезде бас төрешіге разы болдық. Кі­­лемнің шетінде өзі тұрып, бел­сенді күрескен Жантыға заңды жеңісін алып берді. Өзінің балуаны күресіп жат­қанда, қос жауырынымен түссе де түк көрме­гендей жартылай жеңіс деп беді­рейіп отыратын төрешілер өзде­рі­не жақсы болғанымен, дүние жүзіне тарап жатқан қазақ күре­сіне обал, әрі-беріден соң қия­нат жасайды. Сағы сынған, жеңісі ұр­лан­ған қытай балуаны қазақ туралы, қазақ күресі туралы қан­дай ой түйеді? Елі­не не деп барады? Енді қайтіп келгісі келм­ей­тіндігін ойламайтын­дығымыз өкінішті-ақ. Ал Нұрзат – шын мәнін­де мықты балуан. Ол өз кемшілігін толтыру жолын енді жаттығу залынан іздеуі керек.

Жарыс нәтижесіне келсек, 54 кило салмақта Оңтүстік Қаза­қ­стан об­лы­сының балуаны Ақтө­ре Жайлыбек топ жарды. 60 кило салмақта Абзал Арыстанбеков (Ал­маты), 66 кг.-да Ернар Мағау­и­нов (Алматы), 74 кг.-да Ертуған Төренов (Жамбыл), 82 кг.-да Мереке Тұрашев (ШҚО), 90 кг.-да Асыл Бәрменов (Қа­рағанды), 90 килодан жоғары салмақта Бейбіт Ыстыбаев (Жамбыл) жеңімпаз атанды.

Халықаралық турнирдің бас бәй­ге­сіне облыс әкімі Асқар Мыр­захметов пен Қа­жымұ­қан­ның әз жамбасы мәң­гі жерге тиген жер – Ордабасы ауда­нының әкімі Данияр Тілеубер­ге­нов қос темір тұлпар тік­кен екен. Әдет­те, түйе балуандар бәйге­сіне 74 кг. сал­мақ­тан жоғары апайтөс балуандар қа­тысатын да, жеңіл салмақ­тағылар машина жайлы армандай да алмайтын. Бұл жолы 54-66 кило ара­лы­ғын­да және 74-90 килодан жоғары сал­мақ­та қос машина сарапқа салынды.

Қос кілемде жан алып, жан бе­ріс­кен айқас. Шамдағай жігіт­тер қазақ күресінің бар кереметін көрсетті. Қа­зақ күресінен әлем­нің екі дүркін чемпионы, кілемде жүр­геніне он жылдан мол асқан алма­ты­лық Бауыржан Тә­ліп өз салмағында екін­ші орынға шық­­­қан. Бірақ, “Өгіз балуандар” бә­се­кесінде қарсылас шыдатпай фи­нал­­ға шықты. Қызық бол­ған­да, екінші топтан осы салмақта жеңімпаз бол­ған жерлесі Ернар Мағауинов үздік болды.

Ал түйе балуандар бәсекесі нағыз тау шайқаған жекпе-жек болды. Моң­­ғол елі­нен келген, былтыр осы турнирден бір машина мініп қайтқан Алдангерел Дова – мойны мен басы тұтас­қан, де­несі қоладан құйылған­дай шом­бал балуан. Кілемге шық­­қан­да жерге шегелеп тастағандай мық­­­ты. Ал та­раздық бойы екі метр Бейбіт Ыстыбаев та Қазақ­стандағы алыптардың бірі. Тұл­ғасы келісті. Теректей аяғымен сырт­тан шалғанда, анау-мынау балуан шал­­ғымен орған­дай қопа­рыла құлайды.

Жұрт аса ауыр салмақ пен түйе ба­луанның ақтық айқасы дәл осы екі дәудің арасында өте­тінін білді. Та­ғат­сыздана күтті. Айтқандай болды. Екі топта белдескен екеу финалға дейін бөге­сін көрген жоқ. Қоғадай жапырды. Моңғол Алдан­ге­рел­дің тобында халық­аралық жарыстарда олжа салған, түйе балуан да атан­ған оңтүстікқазақ­стан­­дық Сабыржан Әбіл­даұлы мен өз­бек­стан­дық Мұх­­сим Хисамидинов бар еді. Екеуі де моңғол алыбына табан тірей алған жоқ.

Моңғолия ұлт­тық олимпиада ко­ми­те­ті­нің мүшесі, уа­қы­тын­да айтулы балуандар­дың бірі болған Бақыт Оданай ағамыздан Ал­дан­герелдің аймақ­тық “Арыстан” ата­ғы­­на ие екендігін естігенбіз. Моң­ғол­дың Арыс­таны мен қазақтың Арыс­тан­ы­­ның арпалысында сәт­тілік жерле­сі­міздің жа­ғын­да болды. Жеңіс Ыстыбаевта. Қазақ алы­бы Бей­­­біт Ыстыбаев – тур­нирдің түйе балуаны!

Төменгі үш салмақ бойынша өт­кі­зіл­ген бәсекеде қарсылас шы­дат­па­ған әлем­нің екі дүркін же­ңімпазы Бауыржан Тәліп те же­ңіл көлікке отырды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

Оңтүстік Қазақстан облысы.