13 Маусым, 2012

Матч миниатюралары

276 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Матч миниатюралары

Сәрсенбі, 13 маусым 2012 7:13

* Чемпионаттың бірінші туры­ның соңғы күнінде D тобында екі ойын ойналды.

* Украинаның Донецк және Киев қалаларындағы стадиондарда бұл матчтарды 111 690 көрермен тамашалады. Ал доп додасының басынан бері бұл сан 375 295 адамға жетті.

* Екі кездесуде 5 гол соғылды. Олардың 2-уі бірінші, 3-уі екінші таймда салынды. Бұлардың біріншісі Франция – Англия, екіншісі Украина – Швеция матчтарында орын алды. Жалпы, бі­рін­ші турдың қорытын­дысында қақпа­лар­ға 20 гол түсірілді. Бұл – әр ойынға орта есеппен 2,5 доп­тан келеді деген сөз.

* Бұл күні Украина құрамасының шабуылшысы Андрей Шевченко 2 гол­дың авторы атанды. Осымен чемпионатта дубль жасағандар қатары 3-ке жетті. Ал бір гол соққандар қатарына Англия құрамасының қор­ғаушысы Джелеон Лескотт, Франция команда­сы­ның жартылай қорғау­шы­сы Самир Насри, Швеция жаса­ғы­ның шабуылшысы Златан Ибрагимович қосылды.

* Турдың соңғы күні ағылшын­­­дар Алеко Чемберлен мен Эшли Янг, шведтер Ким Чельстрем мен Расмус Эльм ескерту алды.

* Турда Франция және Украина құ­рамаларының ойыншылары тәр­тіп­тік жаза алған жоқ.

* Бұл күнгі матчтардың үздіктері болып Джолеон Лескотт (Англия) пен Андрей Шевченко (Украина) танылды.

_________________________

ДЕРЕКТЕР МЕН ДӘЙЕКТЕР

• Чемпионаттың ең жас ойыншысы – Голландия құрамасының қорғау­шысы Йетро Виллемс. Ол 1994 жылғы 30 наурызда туған.

• Ал ең шау тартқан үлкен ой­ын­­шы – грек қақпашысы Костас Хал­­­киас. Олжоғарыдағы фут­бол­шы­­дан тура 20 жас үлкен, 1974 жыл­ғы 30 мамырдадүниеге келген.

• Алаңдағы ойыншылар ара­­­сын­­­­дағы жасы ең үлкені – Грекия құра­масының шабуылшысы Никос Либеропулос. Ол 1975 жылғы 4 тамыздатуған.

• Турнирдегі Ирландия шабуылшысы Робби Кин мен швед жартылайқорғаушысы Кристиан Виль­хель­мссон екеуі ғана Еуропа елдерічемпионаттарында ойнамайды. Олар тиісінше Американың «Лос-Андже­лес Гэлакси» және Сауд Ара­бия­сының «Әл-Хилял» коман­да­ла­ры­ныңойыншылары болып табылады.

• Англия құрамасы түгелдей өз елінің чемпионатында ойнайтын ойыншылардан жасақтал­ған. Ал Ирландия құрамасының намысын қорғайтындар арасында өз елінің біріншілігінде өнер көр­сететін бір­де-бір футболшы жоқ.