27 Маусым, 2012

Жарысқа жаңа құрам барады

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жарысқа жаңа құрам барады

Сәрсенбі, 27 маусым 2012 6:48

Жақын арада жер жүзіндегі әйгілі жарыстардың бірі – велоспорттан «Тур де Франс» додасы басталады.

Осыған орай командалардың бәрі қазір тізімдерін жариялап жатыр. Жақында біздің еліміздің «Астана» командасы да осы до­даға құрамын жариялады. Бір­не­ше жылдан бері «Тур де Франсқа» қатысып келе жатқан еліміздің командасының құрамын­да мына велошабандоздар өнер көрсетеді. Яни Брайкович, Борут Бозич (екеуі де Словениядан),  Дмитрий Фофонов, Максим Иглинский, Андрей Кашечкин (бәрі Қазақ­станнан), Андрей Гривко (Украина), Фредрик Кессякофф (Швеция), Роберт Кисерловски (Хорватия).

Резервте: Франческо Гавацци (Италия).

Команда менеджерлері: Джузеппе Мартинелли мен Гуидо Бонтемпи.

Биылғы жарысқа Александр Винокуров команданың капитаны ретінде қатысатын болып шешілді.

 «Тур де Франс» көпкүндігі 30 маусым күні басталып, 22 шілде, яғни Лондон Олимпиадасы қар­саңында аяқталады.

Нұржан ТҰРҒЫМБАЕВ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті.