13 Шілде, 2012

Жерлестерден жеңіс күтеміз

351 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жерлестерден жеңіс күтеміз

Жұма, 13 шілде 2012 6:17

Лондон Олимпиадасы жақын­даған сайын әлемнің барша жұрт­шылығы сияқты қазақстандық жанкүйерлердің  де көңілі күннен күнге елеңдеулі екені аян. Әрине, әр ел өз отандастарының жеңі­сіне тілеуқор. Шүкір, біздің де үміт артқан саңлақтарымыз бар­шылық. Солардың ішінен топ жарып, намыс туын жоғары көтеріп, сүйікті Қазақстанымыздың даң­қын алысқа жаңғыртушылар табылатындығына сенеміз.

Мен спорт әлемінен біршама хабардар болғандықтан  әрі спорт­шыларымыздың қабілет-мүмкін­діктерін бағамдай алуымнан бұл жолғы дүбірлі додадан олжалы оралатындардың саны кем дегенде 10-нан асып жығылады деп ойлаймын. Осы орайда облысымыз өкілдері арасынан боксшы Серік Сәпиев пен дзюдошы Максим Раковтың алтыннан алқа тағуына сенімім зор болса, жеңіл­атлетші Владимир Карповтың, дзюдошы Гүлжан Исанованың жүл­дегер атанатынына және шәгім жоқ. Бұл – олардың қа­рым-қайратына, шеберлік өнері­не сәйкес айтылған  пікірім. Бауырларым, сөзімді шындыққа айналдыруларыңды тілеймін.

Спорттың бір құдіреттелігі елдіктің бейнесін паш етуі деп білемін. Мұны айтуыма себеп, мәселен, бұрын-соңды таныс емес жандар Жаңаарқа жерінен екенімді естіген бетте кілең балуандар, самбошылар, дзюдошылар жерлесі ретінде қошеметтейді. Диқанбай Биткөзов, Ғазым Жарылғапов, Талғат Байшолақов сынды саңлақтарымызға сүйсініс білдіреді. Расы керек, арқаланып, мақтанып қаласың. Өлке өрен­дері осылайша ел мерейін асырып жатса, бәрімізге ортақ қуаныш.

Сартбай ТӨКЕНОВ,
спорт ардагері.

Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы,
С. Сейфуллин ауылы.