13 Наурыз, 2010

Тағайындаулар

594 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі оған Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен бюджеттік, салықтық және кедендік саясатты қалыптастыру мен бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді беру жолымен; 2) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, соның ішінде оған стратегиялық жоспарлау және өңірлік даму саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді жүктей, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінен сауда саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі етіп қайта құру жолымен; 3) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен электр энергетикасы, тау-кен және атом өнеркәсібі саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі етіп қайта құру жолымен; 4) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі оны Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі етіп қайта құру жолымен; 5) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен; 6) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінен бұқаралық ақпарат саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. “Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №6 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: мына: “Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі”, “Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі”, “Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі”, “Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі” деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: “Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі”, “Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі”, “Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі”, “Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі”; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: “Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі”; “Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі” деген жол алып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін; 2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 12-сі.    №936 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ә.Ө.Исекешевті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі қызметіне тағайындау туралы Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 12-сі.    №937 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ж.С.Айтжанованы Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне тағайындау туралы Жанар Сейдахметқызы Айтжанова Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 12-сі.    №939 Жанар Сейдахметқызы АЙТЖАНОВА 1965 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Біріккен Вена институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін (АҚШ) тәмамдаған. Ағылшын және чех тілдерін меңгерген. Университетті бітіргеннен кейін ҚазМУ-де және МГУ-де, сондай-ақ Карлово мен Орталық Еуропа университеттерінде (Чех Республика­сының Прага қ.) тағылымдамадан өтті. БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінде бағдарламалар үйлестірушісі, Моңғолиядағы БҰҰ-ның үйлестірушісі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Өкілінің көмекшісі болып жұмыс істеді. БҰҰ-ның Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД өңірлік бюросының Орталық Азия елдері бөлімінің бағдарламалар жетекшісі болды. 2003 жылғы қыркүйекте Ж.С.Айтжанова Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды, сонымен қатар, 2005 жылғы мамырда оған Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілінің міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы С.М.Мыңбаевты Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі қызметіне тағайындау туралы Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі болып тағайындалсын, ол  Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 12-сі.    №938 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы А.Қ.Жұмағалиевты Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі қызметіне тағайындау туралы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 12-сі.    №940 Асқар Қуанышұлы ЖҰМАҒАЛИЕВ 1972 жылы туған. Свердлов қаласындағы Су­во­ров әскери училищесін, Қазақ Ұлттық техникалық уни­­верситетін, Қазақ гуманитарлық-заң универси­те­тін, Швейцария федералдық технологиялар инс­ти­тутын (Лозанна қ.) бітірген. Ағылшын тілін меңгерген. Еңбек жолын “Жарық” ЖШС директоры болып бастады. Көлік және коммуникация министрлігінде сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, басқарма басты­ғы болып жұмыс істеді. Ақпараттандыру және байла­ныс агенттігі төрағасының орынбасары, бірінші орын­басары қызметтерін атқарды. Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы қыз­метіне тағайындалды. 2006 жылғы қарашадан – “Қазақтелеком” АҚ президенті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы М.А.Құл-Мұхаммедті Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі қызметіне тағайындау туралы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Респуб­ли­касының Мәдениет және ақпарат министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 12-сі.    №941