13 Наурыз, 2010

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

1655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халқымыздың бай салт-дәстүрінің інжу-маржанын теру, ұрпаққа ұлағат ету мақсатында шаралар өткізудің Жетісу жерінде тамаша дәстүрі қалыптасқан. Солардың бірі – Талдықорған қаласы әкімінің жүлдесі үшін жыл сайын өткізілетін “Жетісу өрнегі” би байқауы. Байқаудың мақсаты – халық арасында көркемдік дәрежесі жоғары қазақтың би өнерін насихаттау, талаптың көзін ашу мен жандандыру. Байқауға оқу орындарының, мекеме, ұйымдар мен әскери бөлімшелердің, аудан мен қалаларда іріктеліп, орындаушылық шеберлігімен танылған ұжымдардың қатысуына мүмкіндік жасалған. Осылайша талапкерлер қазақ биі, ұлттық бидегі хореографиялық үлгі, этностық, тарихи-тұрмыстық және бүгінгі заман билері бойынша өнерлерін ортаға салуға ынта-ықылас танытуда. Өнерлерімен дараланғандар қала әкімі тағайындаған дипломмен және жүлделермен марапатталып, кәсіби бәсекелерге қатысу үшін жолдама алады. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.