13 Наурыз, 2010

“ҚЫЗУ ЖЕЛІ” ҚЫЗА ТҮСУДЕ

976 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстық “Маңғыстау” және “Огни Мангыстау” газеттерінің редакциялары екі апта сайын облыстық басқармалар мен мекемелердің басшылары өңір тұрғындарының өзекті сауалдарына жауап беретін “Қызу желі” байланысын ұйымдастыра бастады. Алғашқы байланыста облыстық денсау­лық сақтау басқармасының бастығы Серік­бол Мусинов тұрғындардың 30-ға тарта сауа­лына жауап берді. Сауалдар өңірдің барлық түкпірінен де түсті. Оның  бәрі де екі газет бетінде жарық көрді. Ал екінші “Қызу желі” байланысына халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Мұхтар Байма­ғам­бетов қатысты. Біраз сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Ме­кеме басшыларына қойылған сауал­дар­дың әралуан, әрі көп болуына қарағанда, әріп­тестеріміздің бұл игі шаралары билік пен қарапайым халықтың арасын одан әрі жақын­дастыра түсіп, көпшілік көңілінен шығуда деуге болады. Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.