16 Наурыз, 2010

АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ

1232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасының халыққа арнаған Жолдауы ел халқының көңілінен шығып, қолдауына ие болып отыр. Әсіресе, ардагерлерге жасаған қамқорлық әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатты. Жолдауда көрсе­тілген басым бағыттар мемлекеті­міздің дағдарысты еңсеріп, даму­дың жарқын жолына шыққан­дығын көрсетіп отыр. Жолдаудағы “Үстіміздегі жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Же­ңіс­тің 65 жылдығын атап өтеміз. Бұл – біздің ортақ тарихымыздағы ма­ңыз­ды дата. Әрбір соғысқа қаты­су­шы мен соғыс мүгедегіне бюджет­тен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленетін бола­ды. Сол сияқты Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қыз­метшілердің жұбайлары, қаза бол­ған соғыс мүгедектерінің жұбай­ла­ры, соғыс жылдарындағы тыл ең­бек­керлері де материалдық қолдау­сыз қалмайды. Жеңістің 65 жыл­ды­ғын кеңінен мейрамдауға байла­ныс­ты соғысқа қатысушылар жеңіл­дікпен жол жүрулері үшін 383 миллион теңге қарастырылған”, деген сөздеріңізді естіп қуанып жатқанымыз рас. Біз Жеңіске халықаралық дос­тық, патриоттық сезім, жауынгер­лер­дің адам айтқысыз ерлігі, тыл­да­ғы еңбеккерлердің өте қиын жағдайда қажырлы еңбегі арқылы жеттік. Соғыс аяқталғаннан соң халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін барлық халық бел­сен­ді еңбек етті. Соғыс ардагерлері мен соғыс кезінде тылда еңбек ет­кен адамдардың жасы 80-нен асып кетті, олардың қатары барған сай­ын сиреп барады, көпшілігінің ден­саулығы төмендеген, төсек тартып жатқандары да баршылық, олардың барлығы да моральдық, материал­дық қолдау-қуаттауды қажет етеді. Міне, осылайша еліміздің гүлденіп-көркеюіне өзіндік үлесін қосып, Жеңіс пен бейбіт өмірді қамтама­сыз еткен еңбегімізге көрсетілген құр­мет үшін Елбасына Кентау қаласының ҰОС-қа қатысушылар мен еңбек ардагерлері атынан айтар алғысымыз шексіз. Нұрсұлтан Әбішұлының сали­қа­лы саясатының арқасында еліміз тыныш, жұртымыз аман. Еліміздің дамыған алдыңғы қатарлы елдер қатарынан орын алып, бағыттар­дың жоспарлы түрде жүзеге асаты­ны­на сенеміз. Ә.СЕМБЕКОВ, Кентау қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы. Оңтүстік Қазақстан облысы.