16 Наурыз, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі А.Мамин Президентті компа­ния­ның қызметін жетілдірудің негізгі бағыттарынан хабардар етті. “Қазақстан темір жолы” АҚ темір жолдағы машина жасау саласын дамыту, жолаушылар тасымалын ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру­мен айналысуда. – Компания тарапынан салаға 4,5 триллион теңге көлемінде инвес­тицияны қарастыратын 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған те­мір жол көлігін дамыту бағдар­ла­масы әзір­ленді. Кездесудің қоры­тын­дысы бойынша Мемлекет бас­шы­сы темір жол саласындағы не­гізгі серпінді жо­баларды дамыту жөнінде нақты тапсырма берді, – деді А.Мамин.