16 Наурыз, 2010

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЗАҢДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы “Қазақстан Рес­­публикасы мен Қырғыз Рес­пуб­ликасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратифи­кациялау туралы” Заңға қол қойды. * * * Мемлекет басшысы табиғи монополиялар субъектілері мен реттелетін нарықтарға қатысты тариф (баға) саясатын жетілдіруге, олардың қызметінің тиімділігін арттыруды ынталандыруға, олар­дың көрсететін қызмет сапасын, реттелетін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағ­дай жасауға бағытталған “Табиғи монополиялар және реттелетін на­рықтар туралы” Қазақстан Рес­публикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңы­на қол қойды, деп хабарлады Қазақ­стан Республикасы Прези­денті­нің баспасөз қызметі.