16 Наурыз, 2010

БІР КҮНДІК ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫН АУДАРAДЫ

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” халықтық-де­мократиялық партиясы Алматы облысының “Қызылағаш” су қоймасында болған апаттан зардап шеккендерге көмектесу үшін партия қызметкерлерінің бір күндік еңбекақыларын аудару туралы шешім қабыл­да­ды. Сондай-ақ, партия барлық нұр­отандықтарды төтенше жағ­дай салдарынан зардап шек­кендер мен қаза болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетуге шақырды. “Нұр Отан” халықтық-де­мо­кратиялық партиясының Саяси кеңесі Алматы облысының “Қызылағаш” су қоймасында болған апаттан қайтыс болған­дар­дың туған-туыстары мен жа­қындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасады, деп хабарлады аталған партия­ның баспасөз қызметі.