Санаулы күндерден кейін Қытайдың Сиань қаласында сары құрлықтың барлық белді балуандары бас қосады. Бұған дейін біз грек-рим және еркін күресінен өткен Азия чемпионаттарының тарихы және қазақстандық спортшылардың сол жарыстарда қол жеткізген табыстары турасында біраз мағлұмат бердік. Ал бүгінгі мақаламызда әйелдер күресі жайында әңгіме қозғаймыз.

1997-2001 жылдар аралығында Азия чемпионатының жалауы төрт мәрте желбіреді. Сол төрт жарыста жүлде алғандардың тізімінде бірде-бір жерлестеріміз жоқ. 2003 жылы Нью-Делиде өткен байрақты бәсекеде Қазақстанның Туы астында өнер көрсеткен Светлана Ярошевич (75 кило) алтыннан алқа тағынса, 2004 жылы Токиодан қоржынымыз бос қайтты.
2005 жылдан бері елімізде әйелдер күресінің өрлеу кезеңі басталды. Сол жылы Уханьда Бекзат Мұстафина (48 кило) мен Ольга Жәнібекова (72 кило) үшінші орынға табан тіресе, келесі маусымда Алматыда Елена Шалыгина (63 кило) күміс және Ольга Калинина (67 кило) мен Ольга Жәнібекова (72 кило) қола медальды иемденді.
2007 жылы Бішкекте төрт спортшымыз финалға шықты. Солардың арасынан Жұлдыз Ешімованың (51 кило) бақ жұлдызы жанды. Елена Шалыгина (63 кило), Дарья Карпенко (67 кило) және Ольга Жәнібекова (72 кило) шешуші тұста ұтылды. Ал Ольга Смирнова (55 кило) қолаға қол жеткізді.
2008 жылы Чеджуде бес жүлде алдық. Жұлдыз Ешімованың (51 кило), Салтанат Әбдірахманова (55 кило) және Ольга Смирнова (59 кило) күміске қол созса, Елена Шалыгина (63 кило) мен Дарья Карпенко (67 кило) қоланы қанағат тұтты.
2010 жылы Үндістанның астанасында түрлі медальдарды бір-бірден олжаладық. Гүзел Манюрова (72 кило) алтын, Жұлдыз Ешімова (51 кило) күміс және Ольга Жәнібекова (67 кило) қола медальды мойындарына ілді.
2011 жылы Ташкентте Гүзел Манюрова (72 кило) тағы да теңдессіз деп танылды. Айым Әбділдина (55 кило) мен Татьяна Захарова (67 кило) үшінші сатыға жайғасты.
2013 жылы Нью-Делиде жалғыз ғана Татьяна Аманжолдың (51 кило) алтынын қанағат тұтсақ, 2014 жылы Қазақстанның бас қаласында Әнұранымыз екі мәрте шырқалып, Туымыз үш рет көкте желбіреді. Татьяна Аманжол (48 кило) мен Гүзел Манюрова (75 кило) қарсылас шақ келтірмесе, Айым Әбділдина (55 кило), Екатерина Ларионова (63 кило) және Елмира Сыздықова (67 кило) жүлдегерлер қатарынан көрінді.
2015 жылы Дохада алты аруымыз жеңіс тұғырына көтерілді. Алайда олардың ешқайсысына алтын бұйырмады. Елмира Сыздықова (67 кило) күміс, Татьяна Аманжол (48 кило), Жұлдыз Ешімова (55 кило), Айым Әбділдина (58 кило), Екатерина Ларионова (63 кило) және Гүлмарал Еркебаева (75 кило) қола медальды еншіледі.
2017 жылы Нью-Делидегі доданы төрт жүлдемен қорытындыладық. Жұлдыз Ешімова (53 кило) финалда ұтылды. Ирина Борисова (48 кило), Аяулым Қасымова (60 кило) және Гүлмарал Еркебаева (75 кило) жүлдегерлер санатына қосылды. Ал 2018 жылы Бішкекте шымылдығы түрілген жарыста Жұлдыз Ешімова (53 кило), Ирина Казюлина (68 кило) және Гүлмарал Еркебаева (76 кило) қола медальды иеленді.
Осы күнге дейін әйелдер арасындағы Азия чемпионатының командалық есебінің бас жүлдесі тек екі мемлекеттің өкілдеріне ғана бұйырған екен. Бұл ретте сары құрлықтың көшбасшысы деп Жапонияны айтуға толық негіз бар. 1996-2008 жылдар аралығында айтулы жарыстың жалауы 21 мәрте желбіресе, Күншығыс елінің қыздары 16 рет дара шыққан екен. Қалған жүлденің бесеуі Қытай құрамасының еншісінде.
Жеңіп алған бас жүлделердің саны бойынша Қазақстан үшінші орында. Әр жылдары біздің сұлуларымыз 11 рет алтыннан алқа тағынды. Моңғолияның сегіз бас жүлдесі бар. Оңтүстік Кореяның өкілдері төрт мәрте теңдессіз деп танылды. Олардың Солтүстіктегі көршілері 3 рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Қырғызстанда екі алтын бар. Түрікменстан, Тайпей, Үндістанның қыздары бір-бір реттен топ жарды. Міне, Азияның алтыны осы санаулы елдердің балуандарына ғана бұйырған екен. Осы деректердің өзінен-ақ, бас жүлделердің көбі Жапония мен Қытайға кеткенін аңғаруға болады.
Қазақстан құрамасының Азия чемпионатында жеңіп алған жалпы жүлделер саны – 56. Тарқатып, айтсақ, біздің арулар 11 алтын, 14 күміс және 31 қоланы олжалады. 31 мәрте өткен айтулы жарыстың бесеуінде жерлестеріміз командалық есепте үшінші орынды иеленді. Бұл көрсеткіштерге біз 2007 жылы – Бішкекте (1 алтын+3 күміс+1 қола), 2009 жылы – Паттайяда (2+1+1), 2010 жылы Нью-Делиде (1+1+1), 2011 жылы Ташкентте (1+0+2), 2012 жылы Кумиде (2+0+3) және 2014 жылы Нұр-Сұлтанда (2+0+3) қол жеткізді.
2018 жылғы Азия чемпиондары
50 кило – Лэй Чун (Қытай)
Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді
Қазақстан • Бүгін, 17:10
Президент мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтағанға алғыс хат жолдады
Президент • Бүгін, 16:52
Елордада велосипедшілер шеруі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:45
232 маңғыстаулық көлік жүргізуші куәлігінен айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Қаржы • Бүгін, 16:23
Елордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының форумы өтеді
Елорда • Бүгін, 16:17
Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президентімен сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:04
Демалыс күндері 33 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 15:50
Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:40
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:33
Референдумға латвиялық бақылаушылар келеді
Референдум-2022 • Бүгін, 15:25
Әрбір фермер бөлінетін қаражаттың игілігін көруі тиіс – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 15:12
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Спорт • Бүгін, 15:00
Үй кезегін жылжытуға тырысқан бойжеткен алаяқтарға алданып қалды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Елдегі қылмыс жасағандардың 80 пайызы жұмыссыздар
Қазақстан • Бүгін, 14:35
СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 14:22
Қазақстанда электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 14:12
Армения алғашқы ғарыш спутнигін ұшырды
Әлем • Бүгін, 13:59
Шардарада балық аулаудан республикалық жарыс өтті
Аймақтар • Бүгін, 13:42
Досын пышақтаған қылмыскерге сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 13:27
Мұнай тиелген 17 вагон өзенге құлады
Әлем • Бүгін, 13:18
Саяжайдан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Бүгін, 13:07
Рио-де-Жанейродағы полиция операциясынан 21 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 12:54
Түркістан облысында бір аптада 90-нан астам құқықбұзушылық анықталды
Аймақтар • Бүгін, 12:47
Нұр-Сұлтанда әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлады
Елорда • Бүгін, 12:35
Қазақстан ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра береді
Қазақстан • Бүгін, 12:25
Солтүстік Қазақстанда қант тағы қымбаттады
Аймақтар • Бүгін, 12:18
Ырғыз ауданының екі ауылына газ беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:07
Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумының бас директорымен кездесті
Саясат • Бүгін, 11:54
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының прокуроры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:42
Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісін тапты
Медицина • Бүгін, 11:35
Қарағандыда кабель мен кәріз люктерін ұрлап кеткендер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:14
Президент Мырзатай Жолдасбековті құттықтады
Президент • Бүгін, 11:08
9,5 млн адам коронавирусқа қарсы екпе алды
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Қарағандыда пойыз рельсін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:37
ШҚО-да 34,8 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:12
Биодизель өндіретін зауытта жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 10:02
Ұқсас жаңалықтар