Спорт • 22 Сәуір, 2019

Бокс: Жүсіпов жартылай финалға шықты

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың астанасы – Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық сайыстар басталды.

Бокс: Жүсіпов жартылай финалға шықты

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері арасынан алғашқы болып шаршы алаңға шыққан аса жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов жартылай финалда күш сынасу құрметіне ие болды. Ширек финалда ол филиппиндік Рамель Макадомен қолғап түйістірді. Екінші раунда екі боксшының да қабағынан қан кетуіне байланысты бәсеке тоқтатылды. Соған дейін жиған ұпай сандарына байланысты төрешілердің шешімі бойынша жеңіс қазақ боксшысына берілді. 

Санаулы уақытта кейін Қайрат Ерәлиев (56 келі) пен Дариға Шәкімов (69 келі) рингке көтеріледі. Қайрат үндістандық Кавиндер Сингх Биштпен, ал Дариға моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатарпен жұдырықтасады.

Осы жарыстың кешкі бағдарламасында тағы үш жерлесіміз шаршы алаңға шығады. Алуа Балқыбекова (48 келі) филиппиндік Джози Габукомен, Санатәлі Толтаев (64 келі) ирандық Амири Махсуд Малмен (Иран) және Бек Нұрмағанбет (81 келі) өзбекстандық Ділшодбек Рузметовпен күш сынасады.