Спорт • 22 Сәуір, 2019

Бокс: Шәкімова жеңіске жетті

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың астанасы – Бангкокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық сайысында Дариға Шәкімова жеңіске жетті.

Бокс: Шәкімова жеңіске жетті

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы, Қазақстан біріншілігінде сан мәрте жеңімпаз атанған 69 кило салмақ дәрежесінде жұдырықтасып жүрген қазақ қызы моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатардан айласын асырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі жарыс күнінің күндізгі бағдарламасында аса жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов ширек финалда филиппиндік Рамель Макадоны жеңсе, 56 кило салмақта жұдырықтасқан Қайрат Ерәлиев үндістандық Кавиндер Сингх Бишттен ұтылып қалған еді.

Ал осы жарыстың кешкі бағдарламасында тағы үш жерлесіміз шаршы алаңға шығады. Нақтылап айтсақ, Алуа Балқыбекова (48 келі) филиппиндік Джози Габукомен, Санатәлі Толтаев (64 келі) ирандық Амири Махсуд Малмен (Иран) және Бек Нұрмағанбет (81 келі) өзбекстандық Ділшодбек Рузметовпен күш сынасады.