Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Ат спорты: Алматыда қала біріншілігі өтті

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Республикалық жоғары шеберлік спорт мектебінің базасында ат спортынан қала біріншілігі өтті.

Ат спорты: Алматыда қала біріншілігі өтті

«Үйрету» бағдарламасында «Вебер» сәйгүлігін тізгіндеген Ирина Лесоцкая топ жарса, Светлана Жаналиева («Максимус») мен Габриэла Салқынбекова («Реверанс») жүлдегерлер санатына қосылды. Алты жасқа дейінгі аттардың сайысында Олеся Погорелова («Сакура»), Мария Бакумян («Томирис») және Рузанна Бакумян («Сицилия») үздіктер қатарынан көрінді.

 Ал әуесқойлар бәсекесінде Әмина Маметниязова («Матадор») дара шықса, балалар арасындағы жарыста Диана Селиверстова («Азалия»), Артур Бакумян («Асыл») және Мария Приходько («Орлан») жеңіс тұғырына көтерілді.